Quote (rbch)
... айналаңдағы адамдарда сенің түсіңдегі қиялдар болуы мүмкін ...
Негізі мұсылман бір нәрсені айтқан кезде, әсіресе білімі жетпейтін дүниені немесе о дүние, періштелер, жындар сияқты ғайып дүниені айтқан кезде Аллаһ пен Оның елшісі не айтса, соны ғана айтады. Олардың айтқанынан өзгені немесе олардан асырып ешнәрсе айтпайды. Өйткені Құранда Аллаһ Тағала айтады:
«Өзің білмеген нәрсенің соңына түспе». (Исра сүресі 36)
Және мұсылман Раббысының айтқанына мүлтіксіз сенеді. Оның ақ дегенін ақ, қара дегенін қара дейді. Өйткені хақ – Аллаһ жақта.
Сол себептен Аллаһ Тағала бұл дүниені, әрі бұнда болып жатқан нәрселерді қандай түрде жараттым десе – біз де сондай түрде деуіміз керек. Одан өзгесіне бармауымыз керек.
Ендеше Раббымыз дүние тіршілігін қияли дей ме, әлде шындық бойынша дей ме, Раббымыздың айтқанына құлақ салайық:
«Көктерді де жерді де әрі екі арасындағы нәрселерді де ойыншық қып жаратпадық.
Екеуін шындық бойынша жараттық. Бірақ олардың көбі оны білмейді». (Духан сүресі 38-39)
«Көктер мен жерді, әрі екі арасындағыларды шындық бойынша жараттық, әрі белгіленген бір мерзімге. Ал сенбегендер (қарсы болғандар) – ескертілген нәрседен бет бұруда». (Ахқаф сүресі 2)
«Аллаһқа қалайша сенбейсіңдер? Өлі едіңдер, сендерді тірілтті. Тағы өлтіреді. Соңыра қайта тірілтеді. Сосын Оның алдына қайтарыласыңдар.
Ол сондай – сендерге жер жүзіндегі барлық нәрселерді жаратты. Сонан кейін аспанға көңіл бөліп, оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші». (Бақара сүресі 28-29)
Сонда қарасақ, қияли деген бір сөз жоқ. Және қияли қылудың не қажеті де бар еді, мұның бәрін ақиқи қылу Аллаһқа ешқандай-ешқандай қиын емес те. Күшіміз жетпесе қиялмен істеп кететін – ол біздер. Ал Аллаһ әр нәрсеге құдыреті жетуші. Бұның бәрін ақиқи түрде істеу – Оны еш машақаттамайды.
«Расында көктер мен жерді және екі арасындағы нәрселерді алты күнде жараттық. Еш шаршамадық та». (Қаф сүресі 38)
Алайда матрица философиясы әсер еткен кейбір адамдар бұл дүниені, бұнда болып жатқан нәрселерді түсінуде Исламның үйреткенінен ауытқи бастаған. Алайда ақиқат адам жақта емес, ақиқат - Аллаһ жақта. Аллаһтың Кітабы мен Пайғамбардың Сүннетінде. Сол себептен Аллаһ пен Оның елшісі не айтса, соны айтуымыз керек. Одан өзгесіне аспауымыз керек.
Сахабалар да, оларға Пайғамбар бір нәрсе айтқысы келіп сұрақ қойса, олардың айтатын сөздері: «Аллаһ пен Оның елшісі жақсырақ біледі» - деп Пайғамбарға құлақ асатын. Және «Естідік және иман келдірдік!» - дейтін.
---------------------------------------------
Марица философиясы – бұл дүниеде болып жатқан нәрселер шындығында болып жатқан жоқ. Ол тек сенің қиялың ғана, елес деп түсіндіреді. Бұл Ислам ақидасына жат сенім.