Жұма, 16.Ноября.2018, 10:25
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 2346
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қырғыз тіліндегі мақалалар » Қырғыз тіліндегі мақалалар


Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
Қазақстанның шіркеулерінде келешекте құдайға ғибадат ету рәсімдері қазақ тілінде де өтпек. Бұл Қазақстанда екінші үлкен дін болып саналатын православие дінін ұстанушылар арасында қазақтілділер көбейгенін аңғарта ма, әлде діни бірлестіктің мемлекеттік тілді қолдау шарасы ма?
«Қазіргі таңда қазақ тілінің Қазақстанның православ шіркеуінде құдайға ғибадат жасау рәсімінде қолдану мәселесі шешілуде...Таяуда ашылған Алматы діни семинариясының бағдарламасына қазақ тілі міндетті түрде енгізіліп, негізгі діни мәтіндер қазақшаға аударылуда. Жақын болашақта ана тілі - қазақ тілі саналатындар үшін ғибадатханаларда құдайға сиыну рәсімі екі тілде: шіркеулік-славян және әдеби қазақ тілінде жүргізу мүмкін болмақ. Қазақ тілінде діни әдебиеттер жарық көріп, митрополийдің ресми сайты жұмыс істеп, уағыздар айтылмақ».
Астаналық және қазақстандық Митрополит Александр ("Вечерний Алматы")

Оңғар қажы ӨМІРБЕК, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз хатшысы:

- Уағыздар қазақ тілінде жүргізілсе, онда бұл - ең алдымен мемлекеттік тілді сыйлауы. Бұл өте қуанышты, сүйсінетін жағдай... Діни әдебиеттерін аударғаннан бізге келіп-кетері жоқ, олардың еркіндегі шаруа. Егер кітаптарын қазақтілді оқырмандарға арнаса, орыс тілін жете түсінбейтін азаматтар енді оларды Құранмен салыстыра оқи алады. Әдебиеттерді қазақ тіліне аударғанның пайдалы жағы - осы. Бұл мәселенің екінші жағы да бар: бұл - дінге тарту. Қазақ тілінде олардың кітабын оқитындарға Құранды да оқып, салыстыруға шақырар едім. Дінде ешкімге зорлық жоқ.
Ал православ дінінде қазақтілділер көбейіп кетті деу - негізсіз. Соңғы санақ нәтижесі бойынша халқымыздың 11 миллионы - мұсылмандар. 1990 жылдың ортасы мен 2000 жылдың аралығында қазақтілділер арасында басқа дінге өтіп кету тенденциясы байқалған. Бірақ қазір керісінше, ислам дінін ұстанушылар көбейіп, оның ішінде славянтілділер үлесі де арта түсуде.


Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Бұл бастаманың қазақ тілін үйретуден гөрі, өздерінің дініне шақыру жағы басым. Қазақстандағы орыс тіліндегі мемлекеттік ұйымдардың, орыс азаматтарының көпшілігі өздерінің бай тілін пайдаланып, мемлекеттік тілді үйренуге үлес қосып, бастама көтеріп жатқаны сирек. Орыстілді мектептеріміз бар. Алайда сол мектептерде 11 жыл қазақ тілі оқытылғанымен, мемлекеттік тілді меңгеріп шығатындары - 5-6 пайыз ғана. Сондықтан олардың әзірге қазақтілін үйренуге ынтасы бар деп ойламаймын.
«Шіркеуге баратындар арасында қазақтілділер көбейіп кетті» деп тағы айта алмаймын. 1990 жылдары зейнетақы, жалақы берілмей кеткен қиын кезеңдерде кішкентай сыйлықтардың арқасында шіркеуге келетіндер жиілеген. Қазір керісінше, олардың саны азайып кетті. Сол себептен де енді осындай шаралар жүргізіліп жатыр ма деген ой қылаң береді..
Православ шіркеулерінің кітаптарын және басқаларын қазақ тіліне аударып жатқандығы - бірінші кезекте тек діни мақсаттарын насихаттау. Егер олар шынымен мемлекеттік тілді үйрену үшін жұмыс істеп, мен қателесіп жатсам, өте жақсы болар еді.


Дайындаған
Айжан КӨШКЕНОВА


Ақпарат көзі: http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=4945&Itemid=2

Категориясы: Қырғыз тіліндегі мақалалар | Ендірген: Dinislam_Kz (11.Декабря.2010) | Авторы: Айжан КӨШКЕНОВА
Көрілді: 8658 | пікірлер: 7 | Рейтингі: 4.0/2 |


Барлық пікірлер: 7
24.Мая.2011 Спам
7. NSN
иа жахсы хабар екен

[пікірдің сілтемесі]
28.Февраля.2011 Спам
6. jailauhan harahat
bvl duris angme oni nigaity vwin bz ali de allaga senumz kerek goi

[пікірдің сілтемесі]
21.Февраля.2011 Спам
5. AbdulAZIZ
ЖАНДОС БАУЫРЫМ "ПОП" ҚАЗАҚША СӨЙЛУСЕ ҚУАНЫМЫН МЕН ДЕ, ЕГЕР СОЛ "ПОП" ҚАЗАҚ БОЛСА ҚУАРАМЫН.

[пікірдің сілтемесі]
21.Февраля.2011 Спам
4. Жандос
Қазақ тілінде сөйлескен попты көрсем қуануымыз керек. Қайта жақсы болды, Себебі християндардың көбісі орыс тілділер. енді біз оларды қазақтың шешендік сөздерімен олардың өздерін ислам дініне шақырамыз.

[пікірдің сілтемесі]
08.Февраля.2011 Спам
3. Бахыт
Ислам дінінің осылай жоғары деңгейге көтеріліп әлемдік дәрежеде көрінгеніне қуаныштымын!Ислам діні-Ақлақ дін9

[пікірдің сілтемесі]
26.Декабря.2010 Спам
2. Qurban (rbch)
Олар да шіркеу сыды ұйымдық жүйе болғасын көбінде жоба, жоспар бойынша жұмыс жүргізеді...

[пікірдің сілтемесі]
11.Декабря.2010 Спам
1. MUSULMANIN (Муслим)
Бұл нені білдіреді? Ислам дағуатын одан сайын күшейту керектігін білдіреді, сапалы да, санды да. Қалғысаң - кеш қаласың!
Жауап: Біз әлі ұйықтап жатқан секілдіміз... Дінімізге берік болып, бала-шағамызға ақиқат дін Исламды дұрыстап насихаттайық

[пікірдің сілтемесі]

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0