Жұма, 16.Ноября.2018, 10:24
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 3585
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Білгенге маржан


Сапар айы (Сафар айы)
Сапар (сафар) айы (арабша: شهر صفر) — мұсылманша күнтізбе бойынша екінші ай, Мухаррам айынан соң келеді. Хиджраның 1432 жылындағы сапар айының басталуы 2011 жылдың 5-қаңтарына (кей жерлерде 6-ы) сай келеді.

"Сапар” сөзінің (арабша: صفر) ай атына қатысты кең тараған екі мағынасы бар:

1) сары, сарғаю: сапар айына атау берілгенде күз болып, айнала сап-сары түске оранған;

2) бос, нөл (араб: сифр): мұсылмандар осы айда Меккеден көшіп кеткеннен кейін қала босап қалған.

Ислам діні келгенге дейін жәхилие, пұтқа табыну заманында адамдар Сапар айын бақытсыздық айы, сорлы бір ай деп қабылдаған. Алланың Елші етіп жіберген құлы әрі сүйікті елшісі Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға сапар айының ешқандай жаман қасиеттері жоқ екенін, пұтқа табынушылардың жоққа сенуінің дұрыс емес екендігін айтты.

"Ауруға, үкіге және сапар айына қатысты бақытсыздық хақындағы жалған сенімге орын жоқ” — деп, адамдарды ақиқатпен хабардар етті. Мұнда үкінің сөз болуы Ислам дініне дейінгі адамдардың "үкі (құс) қонған үй қайғы-қасіретке тап болады” деген жалған сендеріне байланысты айтылған.

Ислам дінінде соқыр сенімге орын жоқ. Мұсылман әрқашан жақсылық пен жамандықтың барлығы Алланың қалауымен болатынын мойындайды және иман келтіреді.

Сапар айының соңғы сәрсенбісі

Адамдар арасында "Сапар айының соңығы сәрсенбісі күні әдеттегі намаздардан тыс қосымша арнайы нәпіл намаз оқылуы тиіс. Себебі, Сапар айының соңғы сәрсенбісінде жер бітіне 320 мың түрлі алапаттар мен қасіретті жағдайлар түседі. Олардан сақтану үшін арнайы нәпіл намазын оқу керек” деген сенім бар. Бірақ бұл құлшылықты жасау керек деген ешқандай Құран аяты, хадис немесе сахабалардың жасағандықтары туралы дерек жоқ. Адамзат тарихындағы діндердің арасында ең көп әрі сенімді дерек көздері бар дін — Ислам діні. Ислам діні дәлелсіз, күмәнді әрекеттерді харам етіп, оларды жасауға тыйым салады. Сондықтан да Сапар айының соңғы сәрсенбісі күні ешқандай арнайы құлшылық жасаудың қажеті жоқ. Басқа айларда оқылатын дүғалар мен ғибадаттармыз бұл айда да дәл сол қалпында орындалады.

"Сапар айында үйленуге, неке қиюға және той жасауға, сапарға шығуға болмайды” деген сенімдер — жалған.

Сапар айы басталғанда айдың басында, ортасында және соңында үш күн нәпіл ораза ұстауға болады. Бір күн нәпіл ораза тұтуға да болады. Бұл туралы хадисте: "Ай сайын үш күн ораза ұстау — жыл бойы ораза ұстағанмен тең"¹.
¹Имам Бухари мен Имам Муслим риуаят еткен

Ақпарат көзі: http://malimetter.org/?p=7508

Категориясы: Білгенге маржан | Ендірген: Dinislam_Kz (26.Декабря.2010) | Авторы: malimetter.org
Көрілді: 11796 | пікірлер: 2 | Рейтингі: 5.0/2 |


Барлық пікірлер: 2
07.Января.2012 Спам
2. *virginia***
сапар айы кай айда басталып кай айда аякталады?

[пікірдің сілтемесі]
17.Марта.2011 Спам
1. Aldiyar
Assalamualeikum, mazmundi mahalanizga Alla tagalam razi bolsin! Amin.

[пікірдің сілтемесі]

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0