Жұма, 16.Ноября.2018, 10:24
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 8167
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Фиқһ - намаз, ораза, зекет, қажылық. » Намаз - оқу, үйрену және оның пайдалары


Құрбан айт намазы
Құрбан айт намазы
Айт – араб тілінде "мейрам” деген мағынаны білдіреді. Айт намазын оқудың уәжіптігі Құран мен сүннетте айтылған. Біріншісі – Рамазан айты, екіншісі – Құрбан айт. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) екі айт намазын оқығаны жайлы хабар "тәуатүр” (бұлтартпас, анық) жолмен бізге жеткен. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алғашқы оқыған айт намазы – һижраның екінші жылындағы Рамазан айт намазы.
Бұл жайлы ибн Аббас: "Алла Елшісі (с.ғ.с.) Әбу Бәкір, Омарлармен бірге Рамазан айт намаздарына қатыстым. Барлығы да айт намазын хұтпадан бұрын оқыды” деген. Басқа бір хабарда ибн Аббас: "Алла Елшісі (с.ғ.с.) айт намаздарын азансыз, қаматсыз оқыды”, – деп риуаят еткен.
Жұма намазы парыз болған жандарға осы екі айт намаздары да – уәжіп. Бірақ айт намаздарында хұтпа намаздан соң оқылады. Бұлай оқылуы – сүннет. Айт намаздарының алғашқы уақыты – күннің көкжиектен найза бойындай көтерілгендегі уақыт. Ол бесін намазы кіргенге дейін жалғасады.
Айт намазы – екі рәкат. Жамағатпен жария түрде оқылады. Азан мен қамат оқылмайды. Имам "Екі рәкат Құрбан айт намазына ниет еттім” деп ниет етеді. Жамағат "Екі рәкат айт намазына ниет еттім, ұйыдым имамға” деп ниет етеді. "Аллаһу акбар” деп, ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі алынады. Қолдар байланып, имам мен жамағат бірге құпиялай "Субханака Аллаһумма” дұғасын оқиды. Одан кейін имам – жариялай, жамағат – құпиялай "Аллаһу әкбар” деп, үш рет тәкбір алады. Әрбір тәкбірді айтқанда қолдар жоғары көтеріліп, екі жанына түсіріледі. Әрбір тәкбірдің арасында үш тәсбих айтылатындай сәт тұрады. Үшінші тәкбірден кейін қолдар байланып, имам "Ә’узу” мен "Бисмиллаһты” құпиялай, одан кейін "Фатиха” мен қосымша сүрені жариялай оқиды. Осыдан кейін жариялай "Аллаһу әкбар” деп рүкүғ пен сәждеге барады. Жамағат та құпиялай тәкбір алып, имамға ұйыйды. Содан кейін екінші рәкатқа бастайды. Имам құпиялай – Бисмиллаһ, жариялай – "Фатиха”, содан кейін қосымша сүре оқиды.
Міне, осыдан кейін осы жерде алғашқы рәкаттағыдай үш рет тәкбір алады. Бұдан кейін имам – жариялай, жамағат – құпиялай "Аллаһу әкбар” деп, рүкүғ пен сәждеге барады. Одан кейін отырып, "әт-тахият”, "салауат”, "рәббәнә” дұғасы оқылып, екі жаққа сәлем беріледі. Яғни, бұл айт намаздарының әрбір рәкаттарында үш қосымша тәкбір бар. Бұл тәкбірлер – уәжіп.
Хұтпашы айт намаздарының артынан мінберге шығып, тіке тұрып, жұмадағыдай екі хұтпа оқиды. Айт хұтпаларында тәкбірмен басталып, жамағат та осы тәкбірге жайлап қосылады. Жұма намазындағы сүннеттер мұнда да сүннет. Мәкрүһ болған нәрселер, бұл жерде де – мәкрүһ. Айт хұтпасының намаздан бұрын оқылуы – мәкрүһ.
Имам бірінші рәкатта айт тәкбірлерін ұмытып, "Фатиханы” оқып жатқанда есіне түссе, дереу тәкбірлерді алып, "Фатиханы” қайта оқиды. Бірақ "Фатиха” мен Құранды оқығаннан кейін есіне түссе, тек қана тәкбірлерді алады. Қайта оқудың қажеті жоқ. (М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, Ислам ғылымхалы, 178-179- б.)

Құрбан айттың алғашқы күні
Құрбан айт – діни мереке. Хадистерде жылдың ең қадірлі күні құрбан айттың алғашқы күні екендігі айтылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жайында: "Алла үшін күндердің ішіндегі ең ұлығы – Құрбан айттың бірінші және екінші күні” – деген. Құрбан айттың бірінші күнінің артықшылығы мен ерекшелігі сол күні Алла тағаланың разылығына бөленуге сеп болатын ең маңызды амалдың істелетіндігінде.
Алла Елшісі (с.ғ.с.): "Алла үшін (құрбандық ретінде) қан шығарудан ұнамды іс жоқ. Және ол (құрбан) қиямет күні алдынан шығады”,– десе, тағы бірде: "Адам баласы Құрбан айт күні қан шығарудан (құрбандық шалу) абзал амал арқылы Алла тағалаға жақын болған емес. Құрбандық ретінде шалған малы қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай тұрып Алла тағаланы құзырында ерекше жоғары дәрежеге жетеді. Сондықтан да шын жүректен әрі ризашылықен құрбандарыңды шалыңдар”,– деп құрбандық шалудың қаншалықты сауапты іс екенін шегеліп айтқан.

Құрбан айт мерекесін қалай атап өтеміз
Жақсылап ғұсыл құйынғаннан (денені толықтай жуу) кейін әдемі, таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына бару – мұстахаб (жақсы амалдарға жатады). Айт намазын оқығаннан кейін құрбан шалу міндеттелген жандар құрбандықтарын шалып, етін осы кітапшада көрсетіген тиісті адамдарға таратады.
Айт күні мұсылмандар көрші-қолаң, туыс-туғанды қыдырыстап, "Айт құтты болсын” айтысады. Айт күндері мейлінше көтеріңкі көңіл-күйде, жылы жүзді, кешірімді болуға тырысу керек. Ренжіскен кісілер қайта табысып, Айтта бір-бірін кешіріскен жөн. Ауырып жатқан кісілердің көңілін сұрап, арнайы бас сұғу, жетім, жесір, мұң-мұқтаждарға қол ұшын беріп, көмектесе алса көмектесу, оларға да айттың қуанышын сездіру өте сауапты істерге жатады. Бұған қоса, әке-шешесіне, отбасындағы жандарға, көрші-қолаң, жора-жолдастарына мүмкіндігінше кішігірім болса да сәлем-сауқат, сый-сыяпат жасап айт мейрамын ерекше өткізуге де болады. Айтта осындай амалдарды жасау қоғамдағы адамдардың бір-біріне деген жылылықтары мен сыйласымдықтарын барынша арттырады.
Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ, 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия Мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти.


Категориясы: Намаз - оқу, үйрену және оның пайдалары | Ендірген: Dinislam_Kz (19.Ноября.2010) | Авторы: Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ
Көрілді: 13531 | пікірлер: 1 | Рейтингі: 5.0/6 |


Барлық пікірлер: 1
14.Ноября.2010 Спам
1. Ақижан (akizhan)
arb

[пікірдің сілтемесі]

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0