Жұма, 16.Ноября.2018, 10:24
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 1659
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Адасқан ағымдар


Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
Астапыралла, естімеген елде көп деген рас екен. Жүре берсең көре бересің деген қазақ атамның сөзі тура келді. Елорданың сауда орталығының бірінде өткен бір шалбар үшін жұртты тыр-жалаңаш шешіндіру акциясы елді елең еткізді. Мұны жылдың ең жағымсыз жаңалығы деуге болады. 
Жыл соңында «батыстың жаппай жалаңаштану» атты қауіпті вирусы бізге де келіп жетті. Мұндай сорақы шара анау-мынау емес еліміздің бас шаһары - Астанада өтті. Тегін киінудің бір ғана шарты бар. Дүкенге тыржалаңаш кіріп, көпшіліктің алдында арлы-берлі ойқастап жүрсеңіз болғаны. Есесіне су жаңа джинсі шалбарын тегін иеленесіз. Бір өкініштісі, мұсылманшылығымызға таңба салатын ұятты істі жаңа жыл қарсаңында су жаңа сыйлық ретінде жасаған өзге емес, өзіміздің қаракөз бауырларымыз. Тұтынушыларды тырдай жалаңаш шешіндірген акцияны ұйымдастырушылар бұл әрекеттерін жастарды белсенді өмірге шақырудың тәсілі, тұтынушы тартудың бір жолы дейді.
«Кейбір сауда орындары мереке қарсаңында 70 пайызға дейін жеңілдіктер жасайды. Ал біз болсақ «жалаңаштарға» киімді тегін береміз. Тек тұтынушы тыр жалаңаш шешінсе болғаны. Нағыз жеңілдік осы емес пе!» дейді жаппай «жалаңаштарды» жарылқауға көшкен Азия-парк сауда орталығы саудагерлерлерінің бірі. Бір киім үшін арын саудалаған акциядан қандай жастардың өмір сүруге деген белсенділігі мен құштарлығын көруге болады?!
Қазақ жастарын жаулап алған Әулие Валентин күнімен алысып әлек болып жүргенде сайтанның сандырағы «хеллоуин» атты жабайы тайпаның мейрамы да біздің қоғамда қылаң беріп үлгерген еді. Үстіміздегі жылдың қазан айының 30-ынан 31-іне қараған түні бұл мерекесымақ Астананың мақтанышы Хан шатыры, Сарыарқа, Мега, Керуен, Азия парк сияқты сауда, ойын-сауық орталықтарында тойланды. Жын-шайтан, құбыжық, қанішер сияқты қара күштің бейнесіне кіріп, бетін қанға бояп, құтырынғандар бала біткеннен бастап, баршамызды шошытқанын әлі ұмыта қойған жоқпыз.
Міне, ол аз болғандай оған Астана қаласындағы «Азия парк» сауда, ойын-сауық орталығында 25 желтоқсан күні өткен жалаңаштану акциясы қосылып отыр. Жоғарыда атап көрсетілгендей, бұл тұтынушы тартудың бірден-бір жолы көрінеді. Бірақ, бұл акцияның түсініксіз тұсы көп. Мәселен, бұдан саудагерге нақты келіп-кетер қаржылай пайда жоқ. Сондай-ақ, бұл клиент тартудың ешбір қисынына да келмейді. Демек, мұнда сөзсіз басқа мақсат көзделіп отыр. Әрине, адамдарды адами құндылығынан айырып, ар-намысын аяққа таптау мен діни және ұлттық болмыс пен ар-намысты қорлаудан басқа еш нәрсе көріп тұрған жоқпыз. Акцияға арнайы БАҚ өкілдерінің шақырылуы - бұл жай акция емес, астары арам ойларға толы акция екенін айғақтауда. Яғни, бұл жай тұтынушы тарту емес, басқа өз әріптестеріне «арампиғылдарын» жарнамалау. «Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты» деген осы. Енді осы Азия парктіктер ойлап тапқан жаңалық еліміздің басқа қалалары мен облыс орталықтарында жүзеге аспасына кім кепіл?!
Адамның ақылына да келмейтін және ешбір адамгершілік аясына сыймайтын мұндай жиіркенішті қылық - Алла тағаланың қаһарын шақыратын үлкен күнә. Өйткені, Жаратушы Иеміз адам баласын көркем бейнеде жаратып, мына әлем тіршілігін оның игілігі үшін қызмет еткізіп қойды. Сол игіліктердің бірі адам баласы әбүйірін жабу үшін берілген киім. Дінімізде әйел мен еркектің шариғат белгілеп берген өзіндік әурет жерлері (ұятты жерлері) бар.
Алла тағала Нұр сүресінің 31-аятында пайғамбарымызға (с.а.с.): «Мүмин әйелдерге де айт: «(Жат ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін қорғасын. Сондай-ақ, зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері басқа. Және бүркеншіктерін көкіректеріне жапсын», - деген әмірі арқылы мұсылман әйелдерге киім кию мен ұятты жерлерін жабу жолдарын үйретті. Нәзік жандар қауымы ұятты жерлерін ашық-шашық етіп жүруден сақтанулары тиіс. Мұсылман әйелдердің беті және екі қолы (білезігіне дейін) мен екі аяғынан (тобығына дейін) басқа жерлері әурет яғни ұятты жері болып есептеледі. Өкінішке орай, бөгдеден жасыруы тиіс болған абыройлар акцияда айрандай төгілді. Оны сырттай қаншама адам тамашалап, күнәға батты десеңші. Ал, ер азаматтың әуреті кіндігі мен тізесінің арасы. Демек, мұсылман баласының ұятты жерлерін бөгде кісіден сақтауы және өзі де біреудің ұятты жерлеріне қарауы үлкен күнә. Үлкен күнә болуының да өзіндік себептері бар. Бұл көрініс адам баласының нәпсісін қоздырып, зина жасауға тартып, ұяттан жұрдай етеді. Ал, ұят - иманның ажырамас бір бөлігі. Ұятсызға айналған адамның иманы да жоғалмақ. Мұны, ақын Ғұмар Қараш:
Тұрады ұят тұрған жерде иман,
Әдебі пайғамбардың бұған илан.
Әр түрлі бұзықтықтан адамзатты,
Тек жалғыз бұ дүниеде ұят тиған, - деп қалай дөп басып айтқан десеңші! Ал, бұл сөзді Алла елшісі (с.а.с) «Ұят иманнан», - деп бір-ақ ауыз сөзбен түйіндейді. Бұл азғындық батыста белең алғаны соншалық бүгінде батыстық еркектердің белсіздікке ұшырауына да себеп болуда. Мұсылман өлкелерінде демографиялық проблемалардың болмауы көзін харамнан сақтап, ерлі-зайыптылардың өзара адалдығының нәтижесі. Айтпақшы, арамнан ас ішіп, арамнан көз алмау - адам баласының есте сақтау қабілетін төмендетіп, көз жанарын әлсіретеді. Болмашы киім үшін ар-намысын аяққа таптап, жұршылық алдында тырдай жалаңаштану арсыздықтың ең шегі.
Сондықтан сауда-саттық орындарындағы тұтынушыларға жүргізілетін үгіт насихат жұмыстары мен тұтынушы тарту кезінде жасалатын акциялар мен тәсілдерді бір жүйеге келтіру қажет. «Тыр жалаңаш шешінгенде, тәніңді жұртқа көрсеткенде тұрған еш нәрсе жоқ. Қайта біз халыққа жаңа жыл қарсаңында осындай шараға қатысып, сыйлық алуына мүмкіндік жасадық. Біздің енді бұл шараны одан әрі дамытсақ деген жоспарларымыз бар» деген жалаңаштану акциясын ұйымдастырушы Ербол Күшіғұловтың мақсаты сауда қылып, пайда табу емес, адамдардың бәрін тырдай жалаңаш шешіндіру секілді. «Пышақты өзіңе ұр, ауырмаса өзгеге ұр» демекші, әуелі осы құбылысты яғни, ел алдында әдемілігін осылауша жарнамалауды Ербол бауырымыз өз туған әпке-қарындастарына қалар ма еді? Әй қайдам?! Бәлкім, ана сүтімен бойына дарыған бар тәрбиесі сол шығар. Бәлкім, Ербол сияқты сабаздар үшін бұл мәдениеттің шыңы шығар. Алайда, «әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» екенін де естен шығармайық. Өзгеден аларымыз тозығы емес, озығы болса керек-ті.
Егер сауда орталықтарының мұндай қылықтарына дер кезінде тиым салынбаса, олар саудаларын қыздыру үшін бір-бірімен бәсекелесіп, күнәға кіріптар ететін неше түрлі жиіркенішті қылықтардың мұнан да сорақысын ойлап табуы ғажап емес. Сол себепті, мұсылманшылығымызға жат, қазақи болмысымызға дақ түсіретін акцияны ұйымдастырушыларға жаза қолдану керек. Еліміздегі сауда саласындағы жүйесіздіктің кесірі жалындап келе жатқан жастарымыздың тәлім-тәрбиесіне кері әсерін тигізбеуі керек. Ұрпақ тәрбиесіндегі олқылықтардың орнын толтыра алмай әлек болып жүргенде саудагерлердің сайтани сандырақтары тәрбие жұмыстарының тамырына балта шауып жүрмесін.
Қасиетті Құранда: «Алланың аяттарына қарсы келетін және мазаққа айналдырғанын естіген сәтте, олар басқа сөзге кіріскенше, олармен бірге отырмаңдар» деп Ниса сүресінің 140-аятында үкім еткен. Асыл дініміздің құндылықтары мен қазақи болмыс және ұлт мүддесін аяққа таптаған акцияға көз жұма қарауымыз адамгершілігімізге сын. Мәдениеттің мұндай түріне көрші Ресей 2002 жылдың өзінде-ақ заң жүзінде тиым салған екен. Ендеше біз де бұған тиым салуымыз қажет. Бұл акция емес, апат. Бұл Азия парк емес, азғындық паркі. «Қазанға жақындасаң күйесі жұғады» дегендей, түнгі клубтармен қатар сауда, ойын-сауық орталықтарынан азғындық күйесі жұғып жүрмесін.
Егер бір адам күнә істі құпия жасайтын болса, Алла тағаланың азабы сол күнә жасаған адамға келеді. Егер бір адам күнә істі жария жасайтын болса, Алланың азабы сол жерде тұрып жатқан барша халыққа түсетіні риуаяттарда айтылған. Сондықтан осындай азғындықтың кесірі баршамызға тиіп жүрмесін. Қазақта кемедегінің жаны бір деген ұлағатты сөз бар. Су тегін сыйлық жасаймын деп суға кетіп жүрмейік. Кімді жақсы көрсең, солармен бірге боласың деген хадисті ескермегеніміз үшін Алла тағала ақыретте жалаңаштармен бірге жазалап жүрмесін, ағайын! Жаратқанның жарлығы тек жақсылықтарға жазылсын деп тілейік! Әмин!

«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Төлеби ОСПАН

РS. Пікір қос бауырым, қалыс қалма! Қамдан қазақ! Ұлттығымыз бен мұсылмандығымызға өшпес дақ түсті.


Ақпарат көзі: http://dinislam.kz

Категориясы: Адасқан ағымдар | Ендірген: Dinislam_Kz (29.Декабря.2010) | Авторы: Төлеби ОСПАН
Көрілді: 8400 | пікірлер: 6 | Рейтингі: 4.2/5 |


Барлық пікірлер: 6
10.Января.2012 Спам
6. 777
органдагылар ештеме да істей алмайды да и істегісі да келмейді!!!!!!!!!сіздер оны айтасыздар соғысқа қатысқан ақсақалдарымызға астанадан уй бере алмай откан жок па!!! ЖОҒАРЫ ОРГАНДАГЫЛАР БІР ПЛАНЕТАДА АЛ БІЗ БАСКА ПЛАНЕТАДА ӨМІР СҮРЕМІЗ..................

[пікірдің сілтемесі]
26.Марта.2011 Спам
5. Нариман
"Ар, ұят, намыс қасиеттерінен жұрдай, азғындық атаулының бірегейі" деп осыны айтатын шығар. Әйтпесе, бір жапырақ шүберек аламын деп, ықылым заманнан адам атаулыға кию парыз саналған киімді лыпасымен қоса сыпырып тастап, мен осындаймын деу ешқандай жазылған, жазылмаған заң, нормаға сыймақ түгілі маңына жоламайтын бәлекеттің нақ өзі емес пе?! Бұған ұқсайтұғын тек бір-ақ әрекет бар, ол - материалдық қажеттілік үшін ар-ожданын таптап, тәнін саткан көшедегі жезөкшенің әрекеті!

[пікірдің сілтемесі]
01.Февраля.2011 Спам
4. Kazak kyzy
СубханАллах! Бул жай гана елді тегін сыйлык беріп жарылкамакшы болган акция гана болмаганы ап - анык. Менін ойымша, баска шет жаткан калаларда емес, дал еліміздін астанасы, елордамызда орын алып жаткан мундай арсыздыктарды басшылыкта отырган агаларымыз тарапынан тиып, жаза колданып, алдын алу керек. Корінгенге ілескіш болып бара жаткан еліміздін, асіресе жастардын козін ашып, иманын кушейтетін жане отансуйгіштікке тарбиелейтін, намысын жанитын арналардын, басылымдардын жумыстарына колдау корсетіліп жатса мундай бассыздыктар азаятын, тіпті болмайтын еді. Елім деп шырылдап журген агаларымызга Аллах разы болсын! Саналы урпак осіруімізді Аллах насіп етсін! Амин!

[пікірдің сілтемесі]
26.Января.2011 Спам
3. Дәулет (ДАКЕ)
Асстафираллах бул не деген бассыздык ел уятсыз болып кеткен неси журегинде имандылыктары жокпа ,,,,, мундайды тез арада токтатпаса ертенги кунде киынга туспейтинине ким кепил Аллах сактасын :o

[пікірдің сілтемесі]
19.Января.2011 Спам
2. Мэлс Қалжанұлы
Алла өзі сақтасын. Бұл қоғамды имансыздыққа қарай бұрған үкімет оңбайды. Бұған үкімет тарапынан бір бұғау болуы керек. Недеген масқара. Бүгін олар бірең сараң кезінде құрықтамаса, 1-5 жылдың ішінде олар 100-деп саналады, сол кезде құрықтау қиын болады. Алла өзің биліктің басында отырғандарға иман, адалдық бер.

[пікірдің сілтемесі]
30.Декабря.2010 Спам
1. Babek Yaki (Бабек)
СубханАлла қандай қалге жеткенбіз. Соны арналардан жарнамалап тұрып көрсетіп жатты ғой. Сонда сол жалаңаштардың арасында қазағымның қара көздері де жүр, көргенде жағамды ұстадым. Бұны бақылап отыратын органдар жоқпа? Бұндай арсыздыққа мемлекет араласу керек, тыйым салып соны ұйымдастырғандарға штраф салып жұмыстарын тоқтату керек.

[пікірдің сілтемесі]

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0