Жұма, 16.Ноября.2018, 10:25
НЕГІЗГІ БЕТ
· RSS
сайт МӘЗІРІ
САУАЛНАМА
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 4151
 Діни мақалалар

Негізгі бет » Мақалалар


Діни мақалалар категориясы:

Қазақ ақын-жазушылары дін туралы [5]
Фиқһ - намаз, ораза, зекет, қажылық. [88]
Фиқһ әл-Ғибадат [1]
Араб тіліндегі мақалалар [3]
Қазақша мақалалар [334]
Қырғыз тіліндегі мақалалар [3]
Орыс тіліндегі мақалалар [23]
Өзбек тіліндегі мақалалар [6]


Каталогтағы барлық материалдар: 461
Көрсетілген материалдар: 11-20
Беттер: « 1 2 3 4 ... 46 47 »

Қазір ауыл, аудан, қала көшелерінің қай мүйісінде де темекі, құрт, шемішке тәрізді ұсақ-түйектерді сатып отырған әйелдердің сөресіне көз тастасаң, жылтыр қағазға ұзынша етіп оралған насыбайлардың бірнеше түрін көресің, ішінде ұп-ұсақ түйіршіктілері де, талқан тәрізді түрлері де бар. Бір таңқаларлығы, бұрын көшелерде насыбайды қазақ әйелдері сатса, енді, оны саған орыс, сыған әйелдері де ұсынады. Ал, аудан, қала орталығындағы базарлардың қайсына барсаң да әр түрлі құтыларға салынған насыбайлар тұнып тұр. Соны көргеніңде өзің насыбай атпайтын болғандықтан, «Осы насыбай дегенің қандай зат?», - деп ойға қалады екенсің...
Халал және харам | Көрілді: 17523 | Авторы: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 05.Ноября.2010 | Рейтингі: 3.5/4 | Комментариялар (1)

Марқұмға сауабы тиетін амалдар
Қабір – ақырет әлемінің ең алғашқы аялдамасы. Бұл әлемнің ақиқаты тек Аллаһ тағалаға ғана аян. Аллаһ Пайғамбары (с.ғ.с.) айтқандай, қабір – нағим, яғни рахаты бар және жахим, яғни азабы бар әлем.
Ибн Омардың (р.а.) келтірген хадисінде: «Расында, сендердің бірің қайтыс болса, оған күндіз және кешке орны көрсетіледі. Егер жәннаттық болса, жәннат иелері қатарынан, ал тозақтық болса, тозақ иелері қатарынан. Сөйтіп оған: "Бұл – Аллаһ сені қиямет күні қайта тірілткенге дейінгі орның»1,– деп айтылады.
Ал, имам Ахмедтің хадисінде: «Мүминнің жаны, қайтыс болса, Аллаһ оны тірілтетін күні тәніне қайтарылғанға дейін жәннат ағашына ілініп ұшып тұрады»2,– делінген.
Біздің ақидамыз | Көрілді: 27311 | Авторы: Қамбаров Руслан | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 29.Октября.2010 | Рейтингі: 4.8/4 | Комментариялар (1)

Ұят – иманнан
 Имам Малик риуаят еткен хадисте ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
إنّ لكلّ دينٍ خُلُقاً, و خلقُ الإسلامِ الحياءُ.
Яғни: «Расында әрбір діннің бір мінезі бар. Исламның мінезі ұяңдық (ұят)», деген.
Мұса (ғ.с.) үмбеті қаталдық мінезімен, Иса (ғ.с.) үмбеті кешірімшілдік сипатымен, ал Мұхаммад (с.ғ.с.) үмбеті ұят мінез құлқымен ерекшеленеді. Қадірлі пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылманды жақсылыққа талпындыратын және жамандықтан сақтайтын бір негіздің болуын көздеді. Бұл негіз ұят екенін үйретті. Осылайша жақсы амалды тәрк етуден және жаман амалды істеуден ұялуға үндеді.
Ислам және жанұя | Көрілді: 5357 | Авторы: Қамбаров Руслан | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 28.Октября.2010 | Рейтингі: 5.0/4 | Комментариялар (0)

بسم الله الرحمن الرحيم
Шын мәнінде адам баласын әртүрлі әрекеттерге жетелейтін күш, істі жүзеге асыруға көмектесетін қуат – ниет. Сол ниеттің күшімен адам көп тер төгіп, көптеген ауыртпашылыққа төтеп береді. Кейде адамның іс-әрекеті мен ішкі дүниесі, яғни ниеті үйлеспей жатады. Екі адам айны қатесіз бір амал жасауы мүмкін. Алайда, екеуінің ниеттері екі түрлі болғандықтан амалға екі түрлі баға беріледі. Ғұламалар: «Қаншама ақыреттік амалдар ниетке байланысты жай қарапайым әрекетке айналады. Қаншама дүниелік істер ниетке байланысты сауапты амалға айналады»,-деген екен. Адам баласы жақсы ниетпен жасаған күнделікті әрекеттері: тамақтануы, жұмыс істеуі тіпті ұйықтауы да сауап амал болуы мүмкін.
Ислам дағуаты | Көрілді: 5282 | Авторы: Қамбаров Руслан | Ендірген: Admin | Уақыты: 27.Октября.2010 | Рейтингі: 5.0/2 | Комментариялар (0)

Жалпы «такфир» немесе «һижра жамағаты» деген (өздерін «мұсылман жамағаты» деп атаушылар) ағым – исламдағы шектен шыққан топ болып табылады. Бұл ағым сенімдерінің негізі хауариж ағымының такфир ұғымына құрылады. Хауариж – Ислам тарихында ең алғаш пайда болған кереғар ағым. Бұл ағымның мүшелері ІІІ Халифа Осман бин Аффанды және ІҮ халифа Әли бин Әбу Талибті қастандықпен өлтірген. Осман және Әли – ұлық сахабалар, Ислам дініне көп еңбек сіңірген тұлғалар. Хауариждер Алла елшісі (с.ғ.с.) сахабаларын ғана емес, мыңдаған бейкүнә мұсылмандардың да қанын төккен.
Адасқан ағымдар | Көрілді: 3604 | Авторы: Руслан Қамбаров | Ендірген: Admin | Уақыты: 27.Октября.2010 | Рейтингі: 4.5/2 | Комментариялар (0)

ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМДАҒЫ ИМАМ АҒЗАМ ЖОЛЫ
Ата-бабаларымыздан біздерге «Үш қасиетің: дініңді, діліңді, тіліңді сақта!» деген қанатты сөз қалды. Ендеше осынау істің үдесінен шығу – кім-кімге болмасын, кез келген ел жанды азаматқа үлкен жауапкершіліктерді жүктейтіндігі сөзсіз.
Әрбір ұлттың өз тілі, діні, ділі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының болатындығы белгілі. Ал бүгіндері осы құндылықтарымыздың қоғамдық өмірде  қолданылу аясы қаншалықты? Біздіңше, мұндай қасиеттерге, парасаттылыққа негізделген құнды дүниелеріміз өз деңгейінде деп ешкім де айта алмаса керек. Түрлі өркениеттер тоғысындағы қазіргі кезеңде осындай асыл қасиеттеріміздің  жойылып кетуінен сақтанбасақ болмайды. Ұлттығымызды ұлықтай білуде, тіліміздің терең тамыр жаюы жолында,  дін жұмыстарын жүргізуде дәстүрлі дін өкілдерінің орны өлшеусіз екендігі анық.
Мазхабымыз | Көрілді: 2594 | Авторы: Керімбек Ахметжан қажы Пірәліұлы | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 26.Октября.2010 | Рейтингі: 5.0/1 | Комментариялар (0)

ҰЙҚЫ ӘДЕБІ

1) Мисуақ қолданып, дәретті халде ұйықтау керек.

Не себептен дәретпен ұйықтау керек? Себебі дәретті халде Аллаһты зікір қылып ұйықтаған адамның ұйқысы намаз оқыған болып есептеледі. Егер ұйқысында қимылдап және Аллаһты зікір етсе бір періште ол пенде үшін Аллаһқа истиғфар айтады.

«Кім дәрет алып пәк халде ұйқыға кетсе, ол адамның төсегінде бір періште таңға дейін қорғайды. Түнде қайсы сағатта оянса, періште Раббымызға былай жалбарынады: «Ей Раббым, осы пендеңнің күнәсін кешір, себебі ол пәк халде жатты». (Ибн Мубарак)

Білгенге маржан | Көрілді: 5859 | Авторы: Руслан Абдуллаев | Ендірген: Admin | Уақыты: 26.Октября.2010 | Рейтингі: 5.0/1 | Комментариялар (1)

Егіні бітіктің қырманына қыдыр қонады
Ұстаз... Ел арасында қадірлі болған ұстаздың қазіргі күні қадірі кеткендей. «Шәкіртім» деп айтар емірен сөз де ұстаздың ернінен, жүрек ернеуінен кеткелі қай заман. «Шәкіртсіз – ұстаз тұл» деп айтар дәуірдің де беті бері қараудан қалған. Оған себеп – не ұстаз қадірсіз, не шәкірт қасиетсіз. Әрине, бәріне топырақ шашудан аулақпыз. Өткеннің ұстазы қандай еді?.. Соны еске алысайықшы...
«Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден баланы», – деп айтқан қазақтың ұлы ақыны хакім Абайдың өзі ұстаздық міндетті мойнына алуға жүрексінді. Олай дейтін себебіміз, өзінің бірінші қара сөзінде ол бұл ойын былай сабақтайды: «Бала бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай әрекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірімнің, білімінің пайдасын тыныштықпен көрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым».
Білгенге маржан | Көрілді: 2064 | Авторы: Сайран СӘКЕН | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 26.Октября.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментариялар (0)

Сауап шынайы ықыласпен
Қазіргі таңдағы жаназадағы ысырапшылық немесе өлім-жітім кәделерінде кетіп жатқан қателіктер туралы айтып өткенді жөн көрдік.
Бір үйден жаназа намазы шығарылса, сол қазалы үйден үш күндік немесе жетісі, бейсенбіліктер, 20-сы, 40-ы, жүз күндік және жылы сияқты хайыр ихсан-садақа (ізгі амалдар) жасау халқымызда әдетке айналған. Бұл істерді қасиетті дінімізде ешкімге міндеттемеген (уәжіп емес). Бірақ «хасана» (көркем) амалдарға жатады. Демек бұл амалды кім шамасы келген ұрпақ шын ықылас ниетімен қабыл әрі сауаптан болсын деген үмітпен бағыштап жасау керек. Егер ниеті сондай болмаса немесе «ұят болмасын» ел жұрттан қалдырмайық, немесе біреулерден асып түсейік деген сияқты ниет пен жасалған ас болса ол істе ешқандай бағыштауға тұратын сауап болмайды. Ал, сауабы болмаған, пайдасы болмаған жолға жұмсалған дүние ысырап болады.
Ислам дағуаты | Көрілді: 1911 | Авторы: Көбеков Омар қажы Елеуұлы | Ендірген: Admin | Уақыты: 25.Октября.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментариялар (0)

ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ, ҚҰРБАН
Құрбандық танымы және оның Ислам дініндегі орны
Құрбан (араб тілінде) – «жақындау, Аллаһқа жақындауға себеб болған нәрсе» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – «Ғибадат ниетімен белгілі шарттары бар малды бауыздау» деген. Құрбан айт күндерінде (алғашқы үш күнінде) Аллаһ Тағаланың ризашылығын алу ниетімен шалынатынқұрбанға «удһийе» делінеді.
Ислам дағуаты | Көрілді: 2117 | Авторы: ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 24.Октября.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментариялар (0)

жарнама орныңыз
КІРУ ТІРКЕЛУ
Логині:
Құпия сөз:
ІЗДЕУ
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0