Жұма, 16.Ноября.2018, 10:22
НЕГІЗГІ БЕТ
· RSS
сайт МӘЗІРІ
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
САУАЛНАМА
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 1582
 Діни мақалалар

Негізгі бет » Мақалалар » Фиқһ - намаз, ораза, зекет, қажылық.

Қош келдің - Рамазан!!! [45]
Қажылық және умра (кіші қажылық) [16]
Дәрет (тахарат) [3]
Азан, иқамат [0]
Намаз - оқу, үйрену және оның пайдалары [6]
Таяммум [1]
Ғұсыл (бойдәрет) [1]
ҚР бойынша рамазан кестелері.... [16]
Зекет пен садақа [0]
Фиқһ терминдері [0]
Фиқһ кітабында келген діни терминдердің түсініктемесі


Бөлімдегі материалдар: 88
Көрсетілген материалдар: 1-10
Беттер: 1 2 3 ... 8 9 »

Көпшіліктің намазға деген көзқарасы түзу. Дегенмен аракідік кездесіп қалатын «күнде бес мезгіл үзбей оқудан адам жалықпай ма?» деген сұрақ төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбітсек.
Бір сәт ойланайықшы, өміріміз мәңгі ме? Келесі жылға сау жетіп, тіпті келесі күнді аман-есен атырарымызға кім кепіл? Пендешіліктен аса алмай аз ғана құмарлыққа алданып осы өмірде мәңгілік қалып қоятындай сезінеміз. Егер есіл өміріміздің, осыншама ағыл-тегіл уақтымыздың түкке алғысыз босқа өтіп жатқанын жете түсіне білсек, онда күн сайын бізге берілген жиырма төрт сағаттың бір сағатын қиып, ертеңгі ана дүниеміздің мәңгілік бақытына қол жеткізетін жанға жайлы, көңілге хош намаз оқуға арнау бізді жалықтырмақ түгілі есесіне қайта қуантып, шынайы рахат сезімнің құшағына бөлер еді.
Намаз - оқу, үйрену және оның пайдалары | Көрілді: 14216 | Авторы: Құдайберді Бағашар | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 02.Мая.2012 | Рейтингі: 4.9/23 | Комментариялар (0)

Құрбан айт намазы
Айт – араб тілінде "мейрам” деген мағынаны білдіреді. Айт намазын оқудың уәжіптігі Құран мен сүннетте айтылған. Біріншісі – Рамазан айты, екіншісі – Құрбан айт. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) екі айт намазын оқығаны жайлы хабар "тәуатүр” (бұлтартпас, анық) жолмен бізге жеткен. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алғашқы оқыған айт намазы – һижраның екінші жылындағы Рамазан айт намазы.
Намаз - оқу, үйрену және оның пайдалары | Көрілді: 13530 | Авторы: Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 19.Ноября.2010 | Рейтингі: 5.0/6 | Комментариялар (1)

Қажылық
Қажылықтың артықшылығы
Қажылық - Ислам дiнiнiң ұстыны болған бес парызының бiрi. Әлеуметтiк жағдайы келген мұсылман өмiрiнде бiр рет қажылық амалын орындауы – парыз.
الْحَجُّ (әл-хәжж) сөзiнiң тiлдiк мағынасы: мақсат, ниет ету – болса, шарғи мағынасы: құлшылық ету ниетiмен Меккедегi Қағбаны зиярат етiп, Аллаһ Тағала орындауын талап еткен амалдарды орындау.
Шариғатта қажылықтың екi түрi белгiленген.
1. الْحَجُّ (әл-хәжж) – парыз немесе үлкен қажылық. Қажылықтың бұл түрi Құрбан айт уақытында, яғни Зүл-Хижжә айының 8, 9, 10 жұлдызында орындалады.
2. الْعُمْرَة (әл-ьумра) - ғұмра немесе кiшi қажылық. ғұмра Зүл-Хижжә айының 8, 9, 10 – нан басқа уақыттарда орындала бередi.
Қажылық және умра (кіші қажылық) | Көрілді: 2172 | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 23.Октября.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментариялар (0)

Жұма намазынан себепсiз қалудан сақтану
  • Намазға себепсiз кешiгiп, адамдардың соңынан келу;
  • Хұтба уақытында сөйлеу, жеу, iшу;
Намаз - оқу, үйрену және оның пайдалары | Көрілді: 3023 | Авторы: Дайындаған: Ұ.Алиакбарұлы | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 30.Октября.2009 | Рейтингі: 4.8/16 | Комментариялар (0)

Жұма намазына имамның уағызын тыңдау үшiн келу – мұсылмандық тағлымның ұстыны десе болады. Неге? Арнайы дiни бiлiм алып, дiн ғылымының маманы болу – парыз кифая.Кейбiреулер түсiнгендей Ислам - қолға құман ұстап алып дәретхана мен үйдiң екi арасында жүру немесе бiр бөлмеге қамалып, таң атқаннан түнге дейiн намаз оқу дiнi емес. 
Намаз - оқу, үйрену және оның пайдалары | Көрілді: 5064 | Авторы: Дайындаған: Ұлықбек Алиакбарұлы | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 29.Октября.2009 | Рейтингі: 5.0/29 | Комментариялар (0)

Сауд Арабия. Мекке. - Меккедегі әл-Харам мешітінде телефондар орнатылды. Сауд Арабияға келген миллиондаған қажылар немесе зияратшылар Кағбаның имамs оқыған құранды естіп, Кағбаға неғұрлым жақын болғанды қалайды.  Енді жаңа технологиялардың қолданылуымен, әр бір зияратшы, мешіттен жүздеген метр ұзақта намаз оқып жатса да, мешіт имамының даусын ести алады дейді "қажылық пен умраға сыйлық дайындау қорының" (Hajj and `Umrah Gifts Foundation) меңгерушісі Мансур әл-Амир.
Қажылық және умра (кіші қажылық) | Көрілді: 1365 | Авторы: ДінИслам ақпарат. | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 26.Сентября.2009 | Рейтингі: 4.7/3 | Комментариялар (0)

Қазіргі таңда www.asylarna.kz сайты ислам дінінің асыл құндылықтарын насихаттайтын үлкен видеопорталға айналып келеді. Күнделікті жаңартылып отыратын бұл сайт ALMA-TV кабельдік жүйесі арқылы эфирге тарап жатқан «Асыл арна» ислами-ағартушылық телеарнасының ғаламтордағы ресми видеосайты болып табылады. Сайттың күнделікті зияратшылары пайда болды. Діни бағыттағы видеоөнімдерді интернет бетінен көріп тамашалаған зияратшылар тарапынан алғыстар мен ұсыныстар көптеп ағылуда
Қажылық және умра (кіші қажылық) | Көрілді: 1305 | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 24.Сентября.2009 | Рейтингі: 5.0/5 | Комментариялар (1)

Ислам дінінде ғибадаттар үш түрге бөлінеді:
1. Тек қана денемен орындалатын ғибадаттар: намаз оқу, ораза ұстау, Құран оқу, т.б.
2. Тек қана дүние-мүлік, байлықпен орындалатын ғибадаттар: зекет, пітір садақасы, құрбан шалу, т.б.
3. Әрі малмен, әрі денемен орындалатын ғибадаттар: қажылық ғибадаты.
Бұл ғибадаттардың кез-келгенін нәпіл ретінде орындап, сауабын өлі болсын, тірі болсын басқа адамға бағыштауға болады. Бірақ бұл ғибадаттарды мойнындағы парызынан құтылу үшін басқа біреуге өкіл ретінде орындатқызу мәселесі мүлдем бөлек екенін ескертейік.
Қажылық және умра (кіші қажылық) | Көрілді: 1318 | Авторы: ҚМДБ сұрақ жауап бөлімі. | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 22.Сентября.2009 | Рейтингі: 4.6/5 | Комментариялар (0)

Ислам дінінде Ораза айттың маңыздылығы. Діни өмірімізде ерекше орны болған қасиетті айдың ішіндеміз. Рамазан айы аяқталуға аз қалды. Алдымыздағы жексенбі күні Ораза айт басталады. Осы құтты мейрамда жақын туыстарымыз, жұбайымыз, балаларымыз, әке-шешемізден бастап барлық достарымыздың және жег-жаттарымыздың мерекесін құттықтап, қуанышымызды бөлісеміз. 
Қош келдің - Рамазан!!! | Көрілді: 2570 | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 19.Сентября.2009 | Рейтингі: 4.9/7 | Комментариялар (0)

ҚАЖЫЛЫҚ
Исламдағы бес парыздың бірі – қажылық әр жылдың белгілі мезгілінде, бекітілген амалдармен, белгілі жерлерге бару арқылы атқарылатын құлшылық түрі болып есептеледі. (Ибраһим бин Мухаммад әл-Халәби, Мултақал-әбхур, 382-бет) Құран Кәрімде: «Мүмкіндігі болып (қажылыққа) бара алғандарға қағбаны зиярат ету Аллаһтың адамдардағы ақысы (адамдардың қарызы)» (Әли Имран сүресі 97-аят) делінсе, сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ислам бес негізге құрылған: Аллаһтан басқа табынуға лайық ешкімнің жоқ екендігіне және Мұхаммед Аллаһтың Елшісі екендігіне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, қажыға бару және Рамазан оразасын ұстау» (Бухари, Иман 2; Муслим, Иман 5) деп бұл құлшылықтың парыз екендігін білдірген. Парыздың өзі айын және кифая болып екіге бөлінеді. Парыз айын барлық адамға жеке-жеке жүктелген міндет. Парыз кифая көпшілікке жүктеліп, сол көпшіліктің ішінен бір немесе бірнеше адамның орындауымен қалғандарының мойнынан түсетін міндет. Ал егер бұл міндетке қол сыбанып кірісетін ешкім болмаса, барлығы бірдей жауапқа тартылады. Яғни күнә табады. Бұған жаназа намазы, аурухана салу, суға тұншыққан адамды құтқару және т.б. сияқты міндеттемелер жатады. Иманның парыздары мен жоғарыда аталған бес парыз және осы іспеттес басқа да міндеттемелер парыз айын, яғни жеке басқа жүктелген міндеттемелердің шеңберіне кіреді. Демек намаз бен оразаны әркім өзі орындағаны сияқты қажылықты да әркім өзі өтеуге тиіс. Дегенмен, белгілі бір себептерге байланысты қажылық міндетін атқара алмайтын Адам өзінің орнына, қаражат бөліп, басқа біреуді жіберуіне болады. Бұл бәдәл қажылық деп аталады. Бұған ілгеріде тоқталамыз. Әбу Ханифаның шәкірті Имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша қажылықтың парыз болу шарттары орындала сала пенде дәл сол жылы қажылыққа баруға міндетті емес. Себебі Пайғамбарымыздың өзі (с.а.у.) қажылық көштің (хижреттің) тоғызыншы жылы парыз бола тұра, ешқандай себеп болмаса да оныншы жылы орындаған. (Проф. Доктор Хамди Дөндүрен, «Делиллерийле Ислам Илмихали», 566-бет) Қажылық пендеге өмірінде бір рет қана парыз етілген. Дегенмен шамасы келген кісі қалағанынша қажылыққа баруына болады. Алайда, қазіргі таңда дүние жүзінен қажылыққа барушылардың көптігі мен Сауд Арабияның әр мемлекетке шектеулі шақыру беретінін ескерер болсақ, бос орын болған жағдайда ғана барғанымыз абзал. Кезекте тізімге іліне алмағандар болатын болса, бұрын қажылыққа барған адам оларға өз жолын беріп жатса, мұсылманның мұсылманға деген бауырмалдығының айқын көрсеткіші болар еді.
Қажылық және умра (кіші қажылық) | Көрілді: 4119 | Авторы: Қанат Жұмағұлов | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 19.Сентября.2009 | Рейтингі: 4.6/7 | Комментариялар (0)

жарнама орныңыз
КІРУ / ТІРКЕЛУ
Логині:
Құпия сөз:
ІЗДЕУ
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0