Жұма, 16.Ноября.2018, 10:23
НЕГІЗГІ БЕТ
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 1659
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » "Ислам және өркениет" газеті...[ Мақала қосу]

Категориядағы материалдар: 120
Көрсетілген материалдар: 1-10          
Беттер: 1 2 3 ... 11 12 »

Сұрыптау: Уақыты · Атауы бойынша · Рейтингісі бойынша · Комментариялар бойынша · Көрілуі бойынша


Смайыл СЕЙІТБЕКОВ, ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысындағы өкілі:

- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ел көлемінде атқарып жатқан ізгі бастамалары мен игі діни іс-шаралары нәтижесіз емес. Сіз өкіл болып отырған өңірде бұл үрдіс қалай жалғасын табуда? Жалпы облыстағы бүгінгі діни ахуал қандай?

- Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет басшылық етіп отырған Діни басқарманың ұйытқы болуымен еліміздің әрбір өңірінде көңілге қуаныш ұялатар игі діни іс-шаралар атқарылып жатса, біздің облыста да мұсылман бауыр-ларымыз тарапынан асыл дініміздің өр-кендеуі үшін қолға алынып жатқан ауыз толтырып айтарлық жұмыстарымыз бар. Халықты хақ жолға бұрып, дінді үйрету мақсатында келелі іс-шаралар атқарылуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан шыққан пәтуалардың бәрі халыққа түсіндіріліп, іске асырылып, Бас мүфти хазрет алға қойған міндеттемелер мен бұйрықтар дер кезінде шешімін тауып, жүзеге асып жатыр.
"Ислам және өркениет" газеті... | Көрілді: 4624 | Авторы: «Ислам және өркениет». | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 24.Ноября.2010 | Рейтингі: 2.0/1 | Комментариялар (0)

Құраниттер
Қазіргі кезде «құраниттер» көпшілікке Құранды жақсы көретіндер деген атпен танымал болуда. Алайда, оларды Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін жоққа шығарушылар деп өз атымен атаған жөн. Олар шариғат негізі тек Құран ғана деп қысқа қайырып, хадис, тәпсір, қияс, сахабалардың өмірбаяны мен ғалымдардың пәтуалары сияқты исламның қайнар көздерін жоққа шығарады.
Құран Аллаһ тағала тарапынан Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) уаһи арқылы түсірілгенін мойындағанымен, қасиетті кітапты кеңінен түсіндіретін Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с.) хадистерінің керегі жоқ деп есептейді.
"Ислам және өркениет" газеті... | Көрілді: 2603 | Авторы: Рақымжан Әкімбеков. | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 10.Июля.2009 | Рейтингі: 4.7/3 | Комментариялар (2)

Әлбетте, мұсылман адам өзінің күнделікті өмірінде қажет болатын діни үкімдерді үйренуі уәжіп. Бірақ, діни сауалдарға әркім дұрыс жауап ала бермейді. «Өзім біліп істей берейін» десе, қателікке соқтығуы мүмкін. Ал, сауалға шешім таппаса, тағы болмайды. Сонда не істеу керек?!

"Біреу білмегенді - біреу білер",- дейді халық. Ал, діни мә-селені шешуге ілімі жетпейтін жандарға Алла тағала: «Егер білмесеңдер, онда білетіндерден сұраңдар» («Нәһл» сүресі, 43-аят),- деп әмір етеді. Басқа бір аяттарда: «Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?»  («Зумар» сүресі, 9-аят), «Адамдарға баян еткен бұл мысалдарды ғалымдар ғана түсіне алады»  («Әнкабут» сүресі, 43-аят),- делінген.

"Ислам және өркениет" газеті... | Көрілді: 2588 | Авторы: Хасан ТАШАЙҰЛЫ | Ендірген: janbolat | Уақыты: 22.Мая.2009 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментариялар (0)

nullСТАМБУЛДАҒЫ ЗИЯРАТ
9 наурызда Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Каирден Стамбулға келді. Әуежайда оны ҚМДБ-ның халықаралық байланыс бөлімінің меңгерушісі Н.Маханов күтіп алды. 
10 наурызда Дінбасы Стамбулдағы Түркия Діни істер басқармасы жанындағы Исламды зерттеу орталығына зиярат жасады. Бас мүфтиді зерттеу орталығының төрағасы, профессор Акиф Айдын бастаған ғалымдар қарсы алды. Кездесу барысында Ислам дүниесіндегі ғалымдардың қолжазбалары мен кітаптары, жалпы діни ғылым-білім мәселелері сөз болды. Зерттеу орталығының төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәліні осында атқарылып жатқан жұмыстар жайында кеңінен әңгімелеп, кітапхана қорымен таныстырды. Дінбасы кітапхананы аралап, орта ғасырларда өмір сүрген Орта Азия ғалымдарының, оның ішінде қазақ даласының ұлы ойшыл ғұламалары қолжазбаларымен танысты. 
Кездесу соңында Акыф Айдын мырза хазреті мүфтиге оны қызықтыратын қолжазбалардың көшірме нұсқаларын сыйлады. 
Жолшыбай дінбасы Стамбулдағы діни кітап дүкендеріне соғып, әдебиеттерімен танысты.
"Ислам және өркениет" газеті... | Көрілді: 2272 | Авторы: Ислам және Өркениет | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 04.Апреля.2009 | Рейтингі: 5.0/2 | Комментариялар (2)

ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒАР ЖОЛ
Таяуда өткен ІІ Астана экономикалық форумын-да бүгінгі таңдағы жаһандық қаржы дағдарысынан шығудың жолдарын табу, қаржылық тапшылық уақытында қалай әрекет жасау, қандай экономикалық жүйеге өтіп, нені басшылыққа алу керек деген көптеген мәселелер талқыланды. Біз бұған дейін хабарлағанымыздай, екі күнге созылған әлемдік форумның басым бөлігі – қазір көпшіліктің аузында жүрген исламдық қаржы жүйесі тақырыбын талдауға арналды. Аталған форумға көптеген исламдық қаржы мамандары – атап айтқанда, Ислам Даму Банкінің президенті Ахмад Мұхаммед Әли әл-Мадани, ИДБ Исламдық зерттеу және оқыту институтының ғылыми кеңесшісі Умер Чапра, Малайзиядағы Халықаралық Ислам Университетінің деканы Ахамед Камил Мейдин Меера, Халықаралық «Алтын динар» кеңесінің Президенті Омер Ибраһим Вадилло, т.б. ғалымдар қатысты.
"Ислам және өркениет" газеті... | Көрілді: 4513 | Авторы: «Ислам және өркениет» | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 03.Апреля.2009 | Рейтингі: 4.6/14 | Комментариялар (2)

ИМАМСЫЗ МЕШІТ, МОЛДАСЫЗ АУЫЛ БОЛМАСЫН...
Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің дін мәселесінде ұстанған басты талаптарының бірі осыған саяды. Өйткені, діни басқарма жергілікті жерде діни мамандар даярлап, олардың біліктілігін көтеруге ерекше назар аударып отыр.
Аллаһқа шүкір, еліміз тәуел-сіздігін алғалы бері көкше аймағында Ислам дінінің қайта жанданып, өрісі кеңігені анық аңғарылады. Әсіресе, жер-жерде мешіт салуға ыждаһаттылықпен кірісіп, көк күмбезді ғибадат орындары бой көтеруде.
Әрине, мешіт салудың сауабы мол екені белгілі. Сондықтан, мешіт үйлерінің ішін намазхандарға толтырып, бес уақыт намазды үзбей өткізу де – бүгінгі күннің басты талабы. Кейбір елді мекендерде молдалардың жоқтығынан ме-шіттердің есігіне қара құлып салынып, діни рәсімдерді былай қойып, қасиетті жұма намазының өткізілмейтіні ащы да болса шындық. Ал, еліміздің мүфтияты мешіттерді көптеп салғызуға ғана емес, намазхандар қатарын көбейтуге байланысты игі істерді жақсы жолға қоюға ынта танытып отыр.
"Ислам және өркениет" газеті... | Көрілді: 1881 | Авторы: ислам және өркениет | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 03.Апреля.2009 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментариялар (1)

ҰЛЫҚ ИМАМДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ТАНЫТУ
мақсатымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтпек

Ислам он төрт ғасырдан бері барша адамзатты нанымы мен сеніміне, нәсілі мен тегіне қарамастан ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабырлыққа шақырып келе жатқан Аллаһ тағаланың соңғы әрі бірегей діні. Оның қазақ даласына келгеніне де он екі ғасыр толды. Халқымыз қашаннан Исламның ғұламасы, мұсылман заңының аса білгірі Нұғман ибн Сәбит (р.а.) (699-767) негізін қалаған ханафи мәзһабын (діни құқықтық мектеп) ұстанады. Мәзһаб – жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді. Шариғатта арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығын «мәзһаб» деп атайды.
"Ислам және өркениет" газеті... | Көрілді: 1398 | Авторы: Ислам және Өркениет | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 03.Апреля.2009 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментариялар (0)

nullАта-бабаларымыз қыз баланы жастайынан еркелетіп, бетінен қақпай, еркелеп қал, ертең бір үйдің иесі боласың, бар ауыртпалық өзіңе түседі, соны қазірден санаңа түйе бер деп үйреткен. Қыз баланы үй жұмысына, тамақ істеуге, кісі күте білуге тәрбиелеген.
Тақиясы бөрікке, бөркі сәукелеге, сәукелесі ақ жаулыққа, ақ жаулығы кимешекке, осылайша жас ерек-шелігіне қарай киім киістер ауысып отырған өмір заңдылығы. Жасына сай киініп, денесін ашық-шашық ұстамаған. Сол заманда да халқымыз Ислам дінін ұстанған.
"Ислам және өркениет" газеті... | Көрілді: 2413 | Авторы: Ислам және Өркениет | Ендірген: janbolat | Уақыты: 18.Марта.2009 | Рейтингі: 5.0/4 | Комментариялар (2)

nullМақалада жазғандай, ажы-расудың басты себебі – иман-сыздықта.
Қазіргі заманда ернін қызыл шиедей бояп, тырнағын өсіріп, кеудесін жалаңаштап, кіндігін көрсеткен қыздардан Қызжібек пен Баяндай ақылды арулар шығады дегенге қатты күмәндімін. Олар ертең тұрмысқа шықса, сән қуалап, күйеуінің ойын он саққа, миын мың саққа жіберетіні анық қой. Қолында дүниесі жоқ күйеу не істейді? Шаршайды, қиналады, ақыр соңында ажырасып тынады. Сондай-ақ, қызын тұрмысқа беретін кейбір ата-ана ырым-жырымды айтып, тым шіренбегені жөн болар еді. Бүгін қызын беріп отырған құда-құдағиынан «Салт-дәстүріміз» деп сыпырып алып тақырлағаннан не ұтады? Бүгінде жастар арасында жүйелі сөзге тоқтау, үлкеннің тілін алу деген сиреп барады. Кім болса ол болсын: бәрі күшті, бәрі ақылды болып шыға келеді. «Қой дер қожа, ай дер ажа жоқ» дегенге тіреледі. Сонымен қанша күткен үміт оты сөнеді. Бойды кеулеген шайтани сипат жеңеді. Содан барып отбасы ажырасып тынады. Оның соңы қаншалықты мұң мен қайғы, өкініш әкеледі.
"Ислам және өркениет" газеті... | Көрілді: 1651 | Авторы: Ислам және Өркениет | Ендірген: janbolat | Уақыты: 18.Марта.2009 | Рейтингі: 5.0/2 | Комментариялар (2)

Газетіміздің биылғы №2 санында «Ажырасу неге жиілеп кетті?» деген мақала жарық көрген болатын. Онда көтерілген мәселеге орай редакцияға өз ойларын білдірген біраз оқырмандарымыздан хаттар келген еді. Төменде солардың бірнешеуінің ой-пікірлерін жариялап отырмыз.
"Ислам және өркениет" газеті... | Көрілді: 1761 | Авторы: Ислам және Өркениет | Ендірген: janbolat | Уақыты: 17.Марта.2009 | Рейтингі: 5.0/1 | Комментариялар (0)

кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0