Жұма, 16.Ноября.2018, 10:23
НЕГІЗГІ БЕТ
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 1582
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Білгенге маржан[ Мақала қосу]

Категориядағы материалдар: 33
Көрсетілген материалдар: 1-10          
Беттер: 1 2 3 4 »

Сұрыптау: Уақыты · Атауы бойынша · Рейтингісі бойынша · Комментариялар бойынша · Көрілуі бойынша


Кейінгі бірнеше жылдың айналасында жастарымыз, жастарымыз ғана емес ау жасамыстарымыз да қайдағы бір «Валентин күні», «ғашықтар күні» деген мейрамсымақты тауып алды. Бұл өзі қайдан шыққан дүние?..

 

Тарих...

 

 Ерте заманда, дәлірек айтқанда 469 жылы Рим императоры Геласиустың жарлығымен 14 ақпан «Әулие Валентин күні» деп жарияланады. Бұған себеп: әлгі опасыз оңбаған Валентиннің отанын қорғаудан қашып, әскерге бармау үшін үйленетіндердің некесін жасырын қиып, «қиналғандарға» «қол ұшын берген» «ерлігі» әшкереленіп, басы шабылған осы күнді әспеттеу.

Білгенге маржан | Көрілді: 9319 | Авторы: Жандос НЫҒЫМАН | Ендірген: Жан-кз | Уақыты: 09.Февраля.2010 | Рейтингі: 4.7/73 | Комментариялар (2)

nullАллаһ Тағала адамзат баласына әр түрлі замандарда пайғамбарлар жіберіп отырған. Пайғамбарлар адамдарға бір Аллаһқа құлшылық етуді бұйырып, Оған серік қосудан тыйған. Әр пайғамбар өз қауымына ғана жіберілген. Ал ең соңғы пайғамбар Мухаммәд саллә Аллаһу ъаләйһи уә сәлләм бүкіл адамзат баласына ақырзаманға дейінгі пайғамбар болып жіберілген. Сондықтан Аллаһ Тағаланың барша адамға, барша заманға арнап жіберген діні Ислам тек құлшылықтар жиынтығы емес, өмір сүру жолы болып табылады. Жаһанды жаратқан Жаратушы оған қай заманда не қажет екенін дөп басып білетіні түсінікті. Олай болса, Ислам діні заман өткен сайын ескіріп емес, керісінше жаңарып, жан жақты қырлары ашылып, өз қатарына түрлі ұлт өкілдерін жиып, ғылым мен білімде зор табыстарға қол жеткізген тұлғаларды таң қалдырып, өзінің ақиқаттығын мойындатуда.
Білгенге маржан | Көрілді: 2283 | Авторы: Жандос НЫҒЫМАН | Ендірген: Жан-кз | Уақыты: 13.Августа.2009 | Рейтингі: 5.0/2 | Комментариялар (0)

Алдымен «медиа» сөзіне тоқталсақ, ол ақпарат беру деген мағынаға саяды. Ескі заманда тас бетіндегі жазбалар болса, олар кейінгі заманда қағаз бетіне түсті, одан соң дауысты жазып алу мүмкіндігі пайда болды. Кешегі ғасырда адамды суретке және бейнетаспаға түсіруге қол жеткізілді. Осы жазбалардың барлығы тарату үшін жазылды. Аталмыш ақпараттарды «медиа» деп атаймыз. Медианың ескі және жаңа түрлері пайда болды. Ескілері – жоғарыда айтып өткендерім. Ал жаңасы – интернетке қатысты. Ескі медианы «дәстүрлі медиа» деп те атайды.Жаңа медиа блог, блогшы, сайт деген ұғымдарды өмірге әкелді. Соңғы жылдары сәнге айналған блогшылар, блог дегенді дәстүрлі медианың журналистері жете түсінбегендіктен бе, көпшілігі дұрыс қабылдамады. Дәстүрлі медиа мен жаңа медианың айырмашылығы неде деген сұраққа жауап іздегендер аз болды.
Білгенге маржан | Көрілді: 5672 | Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 24.Апреля.2012 | Рейтингі: 4.7/3 | Комментариялар (0)

Адамнан жасыра алмағаныңды, Алладан жасыра алмайсың: қазақ – өте аңқау, ғұмыры басқалардың алдау-арбауына баладай сенiп, барынан айрылумен келе жатқан ұлт. Оған не орыс, не шүршiт келiп: "Сендер керемет қонақжай халықсыңдар", – деп мақтаса болды, дастарқанындағы ең дәмдiсiн де баласының аузынан жырып соларға бередi. Қазекем Ресейден азаттық алдық деп шәпкесiн аспанға лақтырып жүрген соңғы 20 жылда да бұл аңқаулығынан арылудың орнына бұрынғыдан да аңқауланып, танауы делдие түстi. 
Ислам және жанұя | Көрілді: 16413 | Авторы: Мырзан КЕНЖЕБАЙ | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 13.Мая.2011 | Рейтингі: 4.8/59 | Комментариялар (7)

Сапар (сафар) айы (арабша: شهر صفر) — мұсылманша күнтізбе бойынша екінші ай, Мухаррам айынан соң келеді. Хиджраның 1432 жылындағы сапар айының басталуы 2011 жылдың 5-қаңтарына (кей жерлерде 6-ы) сай келеді.

"Сапар” сөзінің (арабша: صفر) ай атына қатысты кең тараған екі мағынасы бар:

1) сары, сарғаю: сапар айына атау берілгенде күз болып, айнала сап-сары түске оранған;

2) бос, нөл (араб: сифр): мұсылмандар осы айда Меккеден көшіп кеткеннен кейін қала босап қалған.
Білгенге маржан | Көрілді: 11795 | Авторы: malimetter.org | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 26.Декабря.2010 | Рейтингі: 5.0/2 | Комментариялар (2)

Аяусыз қатігездікпен басып-жаншылған Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, сол оқиғаның тікелей басы-қасында болғандықтан, әлі күнге дейін көз алдымда. Ульяновскіден келген орыс басшысына деген наразылықтан туған кездейсоқ өрбіген оқиға десек, көтерілістің мәнін төмендетіп аламыз, дұрысы империялық үстемдікпен жүргізілген ұлт саясатына қарсылық білдірген жастардың саналы қозғалысы. 
Білгенге маржан | Көрілді: 20021 | Авторы: Бекжігіт Сердәлі | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 10.Декабря.2010 | Рейтингі: 4.7/19 | Комментариялар (0)

ҰЙҚЫ ӘДЕБІ

1) Мисуақ қолданып, дәретті халде ұйықтау керек.

Не себептен дәретпен ұйықтау керек? Себебі дәретті халде Аллаһты зікір қылып ұйықтаған адамның ұйқысы намаз оқыған болып есептеледі. Егер ұйқысында қимылдап және Аллаһты зікір етсе бір періште ол пенде үшін Аллаһқа истиғфар айтады.

«Кім дәрет алып пәк халде ұйқыға кетсе, ол адамның төсегінде бір періште таңға дейін қорғайды. Түнде қайсы сағатта оянса, періште Раббымызға былай жалбарынады: «Ей Раббым, осы пендеңнің күнәсін кешір, себебі ол пәк халде жатты». (Ибн Мубарак)

Білгенге маржан | Көрілді: 5859 | Авторы: Руслан Абдуллаев | Ендірген: Admin | Уақыты: 26.Октября.2010 | Рейтингі: 5.0/1 | Комментариялар (1)

Егіні бітіктің қырманына қыдыр қонады
Ұстаз... Ел арасында қадірлі болған ұстаздың қазіргі күні қадірі кеткендей. «Шәкіртім» деп айтар емірен сөз де ұстаздың ернінен, жүрек ернеуінен кеткелі қай заман. «Шәкіртсіз – ұстаз тұл» деп айтар дәуірдің де беті бері қараудан қалған. Оған себеп – не ұстаз қадірсіз, не шәкірт қасиетсіз. Әрине, бәріне топырақ шашудан аулақпыз. Өткеннің ұстазы қандай еді?.. Соны еске алысайықшы...
«Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден баланы», – деп айтқан қазақтың ұлы ақыны хакім Абайдың өзі ұстаздық міндетті мойнына алуға жүрексінді. Олай дейтін себебіміз, өзінің бірінші қара сөзінде ол бұл ойын былай сабақтайды: «Бала бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай әрекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірімнің, білімінің пайдасын тыныштықпен көрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым».
Білгенге маржан | Көрілді: 2064 | Авторы: Сайран СӘКЕН | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 26.Октября.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментариялар (0)

Жетпіс бес қабатты қонақ үй

Бірде зейнеткерлікке шыққан қариялар демалып, шетелді аралап қайтқылары келеді. Қартайған шағымызда ел аралап, жер көріп Европа, Америка секілді елдерді аралап қайтайық деседі. Содан барлығы жолға дайындалып, шетелге сапар шегеді.

Білгенге маржан | Көрілді: 4478 | Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 23.Октября.2010 | Рейтингі: 5.0/7 | Комментариялар (0)

Морис Бюкай: «Егер Құранды бұрыннан білгенде ғылыми сауалды – шешімін іздеп текке әуреленбес едім».

Аз-кем сөз.. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде Францияда философ Роже Гароди, хареограф Морис Бежар, океанолог Жак-Ив Кусто мен хирург Морис Бюкай сияқты атақты оқымысты-ғалымдардың тұтас бір тобы Исламды қабылдап қоғамды дүр сілкіндірді. Тіпті араларында тілін кәлимаға келтіріп Әбдулмажид деген арабша ат алған католик пірадары Жан-Мари Дюшеменде болды. Көпшілік бұларды біле бермейді.

Білгенге маржан | Көрілді: 1605 | Авторы: Жолымбет МӘКІШЕВ | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 23.Октября.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментариялар (0)

кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0