Дүйсенбі, 11.Желтоқсан.2017, 19:23
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 8162
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Біздің ақидамыз


АЛЛАҺ ТАҒАЛАНЫ ЗІКІР ЕТУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Аллаһ Тағаланы зікір етудің артықшылығы 
 
Аллаһ Тағала былай дейді:
“Мені зікір етіңдер, Мен де сендерді зікір етемін. Маған шүкірлік етіңдер де күпірлік етпеңдер” (Бақара сүресі 152 аят)
“Ей, момындар! Алланы жиі еске алумен зікір етіңдер” (Ахзаб сүресі 41 аят) 
“Алланы көп зікір етуші ерлер мен әйелдер үшін Аллаһ Тағала жарылқау және ұлы сыйлық (яғни, жәннатты) әзірледі” (Ахзаб сүресі 35 аят) 
“Раббыңа құпия жалбарынып, қорыққан түрде ертелі кеш іштей Оны есіңе ал. Әрі қаперсіз кісілерден болма” (Ағраф сүресі 205 аят) 
Пайғамбарымыз с.а.с. былай дейді: “Раббысын зікір ететін адам мен Оны зікір етпейтін адамның айырмасы тірі мен өлінің айырмасындай”. 
Пайғамбарымыз с.а.с. бір күні адамдардан: “Аллаһ Тағаланың құзырында ең жақсы, ең таза (болатын), сендердің дәрежелеріңді жоғарылататын және алтын-күміс ақшаларыңды жұмсаудан, сондай-ақ, сендер олардың бастарын алатын және олар сендердің бастарыңды алатын дұшпандарыңмен кездесуден де жақсырақ амалдарыңнан хабар берейін бе?”,-деп сұрады. Олар: “Әрине”,-деді. 
Сонда Пайғамбарымыз с.а.с.: “Аллаһ Тағаланы зікір ету”,-деп жауап берді. 
Пайғамбарымыз с.а.с. Қуддуси хадисте : 
 Аллаһ Тағала былай дейді: “Құлым мен туралы қалай ойласа, Мен де солай ойлаймын. Ол Мені зікір етсе, Мен де онымен біргемін. Ол Мені іштей зікір етсе, Мен де оны іштей зікір етемін. Егер ол Мені жамағаттың ішінде еске алса, Мен де оны олардан да жақсы жамағаттың ішінде зікір етемін. Егер ол Маған жәй жүріп келсе, Мен оған тез жүріп барамын”,-деді. 
Бір кісі Пайғамбарымызға с.а.с.: “Ей, Алланың Елшісі! Шынында Мен үшін Ислам дінінің (бұйырған) амалдары көбейіп кетті. Сіз маған бір нәрседен хабар беріңіз, мен оны тастамай істеп жүрейін”,-деді. 
Пайғамбарымыз с.а.с. оған: “Тілің әрдайым Аллаһ Тағаланы зікір етуден босамасын”,-деді. Бұл хадис Абдулла ибн Бусрдан р.а. риуаят етілді. 
Пайғамбарымыз с.а.с.: “Кімде-кім Құран Каримнен бір әріп оқыса, оған бір сауап беріледі және бір сауап он есе көбейтіледі. “Әлиф”, “Ләм”, “Мим” бір ғана әріп демеймін, керісінше “Әлиф” бір әріп, “Ләм” бір әріп, “Мим” бір әріп деймін”,-деді.
Біз мешіт қалқасының астында отырған едік. Пайғамбарымыз с.а.с. шығып былай деді: “Сендердің қайсы бірің «Бутхан» немесе «әл-Ақиққа» барып ешқандай күнә іс жасамай әрі ағайын-туысқанымен қарым-қатынасын үзбей, әр күні өркеші үлкен екі түйе алып келуді қалайды?”,-деді. Біз: “Ей, Алланың Елшісі! Бәріміз де қалаймыз”,-деп жауап қайтардық. Сонда Пайғамбарымыз с.а.с.: “Сендерден бір кісінің мешітке барып ілім үйренуі немесе аса құдіретті Ұлы Аллаһ Тағаланың Кітабынан екі аят оқуы оған екі түйеден хайырлы, үш аят оқуы үш түйеден хайырлы, төрт аят оқуы төрт түйеден хайырлы, (міне осылайша) қанша аят оқыса, сонша түйеден хайырла емес пе?”,-деді. Бұл хадисті Ъуқба ибн Амир риуаят еткен. 
Пайғамбарымыз с.а.с.: “Кім қандай да бір жерде Аллаһ Тағаланы зікір етпей отырса, бұл іс Аллаһ Тағаланың қасында ол үшін кемшілік болады және кім қандай да бір жерде Аллаһ Тағаланы зікір етпей жатса, бұл істе Аллаһ Тағаланың қасында ол үшін кемшілік болады”,-деді. 
Пайғамбарымыз с.а.с.: “Егер адамдар бір жиында Аллаһ Тағаланы зікір етпей және Пайғамбарына с.а.с. салауат айтпай өз орындарында отырса, Аллаһ Тағаланың қасында бұл іс олар үшін кемшілік болады. Аллаһ Тағала қаласа, оларды азаптайды, қаласа оларды кешіреді”,-деді. 
Пайғамбарымыз с.а.с.: “Қандай да бір қауымның Аллаһ Тағаланы зікір етпей жиыннан тарқауы, өлі есектің үстінен тұрғанына ұқсайды, сондай-ақ, олар қайғы-қасіретке ұшырайды”,-деді. 

Араб тілінен аударып, 
дайындаған Ұ.Алиакбарұлы
 



Категориясы: Біздің ақидамыз | Ендірген: Dinislam_Kz (27.Шілде.2008) | Авторы: Аударып, дайындаған Ұ.Алиакбарұлы
Көрілді: 2045 | Рейтингі: 4.9/8 |


Барлық пікірлер: 0

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0