Жұма, 16.Ноября.2018, 10:23
НЕГІЗГІ БЕТ
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 1659
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Ислам және жанұя[ Мақала қосу]

Категориядағы материалдар: 18
Көрсетілген материалдар: 1-10          
Беттер: 1 2 »

Сұрыптау: Уақыты · Атауы бойынша · Рейтингісі бойынша · Комментариялар бойынша · Көрілуі бойынша


null«Анаңа, анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» Хадис
Дүниеде Исламдай әйелді құрметтеген ешбір қоғам да, жүйе де жоқ. Ислам сонау VII-ғасырда әйелге ешкім бермеген құқықтарды берді. Ислам келген тұста араб қоғамындағы әйелдің ешбір құқықтары жоқ еді. Құқықтарды айтпағанда, ол кезде қыз туса қайғырып, одан құтылғанша асық болатын. Бұл туралы Алла Тағала бізге Құранның Нахыл сүресінің 58-59-аяттарында хабар береді:
«Егер олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе, оны ашу қысып, беті қап-қара болып кетеді. Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан елден жасырынады. Оны (қызды) қорлыққа шыдап ұстау керек пе, әлде топыраққа көміп тастау керек пе? Олар нендей жаман үкім береді».
Өйткені сол заманда әйелдер жаман жолға түсіп, руға, елге жаман ат әкеліп, сүйекке таңба түсіретін. Осыдан барып, сол кезде қыздарды тірідей көму дәстүрі пайда болды. Ислам келісімен осы теріс дәстүрге тыйым салды.
Сондай-ақ, сонау жетінші ғасырдан-ақ Ислам әйелдерге білім алу құқығы, еңбек ету, мирасқорлық сияқты құқықтар берді. Бұл құқықтарды Исламнан бұрын ешкім әйелге берген емес.



Ислам және жанұя | Көрілді: 10128 | Авторы: Қарағанды орталық мешіті | Ендірген: Жан-кз | Уақыты: 13.Августа.2009 | Рейтингі: 5.0/21 | Комментариялар (1)

Адамнан жасыра алмағаныңды, Алладан жасыра алмайсың: қазақ – өте аңқау, ғұмыры басқалардың алдау-арбауына баладай сенiп, барынан айрылумен келе жатқан ұлт. Оған не орыс, не шүршiт келiп: "Сендер керемет қонақжай халықсыңдар", – деп мақтаса болды, дастарқанындағы ең дәмдiсiн де баласының аузынан жырып соларға бередi. Қазекем Ресейден азаттық алдық деп шәпкесiн аспанға лақтырып жүрген соңғы 20 жылда да бұл аңқаулығынан арылудың орнына бұрынғыдан да аңқауланып, танауы делдие түстi. 
Ислам және жанұя | Көрілді: 16413 | Авторы: Мырзан КЕНЖЕБАЙ | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 13.Мая.2011 | Рейтингі: 4.8/59 | Комментариялар (7)

Ұят – иманнан
 Имам Малик риуаят еткен хадисте ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
إنّ لكلّ دينٍ خُلُقاً, و خلقُ الإسلامِ الحياءُ.
Яғни: «Расында әрбір діннің бір мінезі бар. Исламның мінезі ұяңдық (ұят)», деген.
Мұса (ғ.с.) үмбеті қаталдық мінезімен, Иса (ғ.с.) үмбеті кешірімшілдік сипатымен, ал Мұхаммад (с.ғ.с.) үмбеті ұят мінез құлқымен ерекшеленеді. Қадірлі пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылманды жақсылыққа талпындыратын және жамандықтан сақтайтын бір негіздің болуын көздеді. Бұл негіз ұят екенін үйретті. Осылайша жақсы амалды тәрк етуден және жаман амалды істеуден ұялуға үндеді.
Ислам және жанұя | Көрілді: 5357 | Авторы: Қамбаров Руслан | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 28.Октября.2010 | Рейтингі: 5.0/4 | Комментариялар (0)

Жасанды түсік……

Бұл әңгімені бастауыма ауылдағы көлік жөндеп, сырлаушы, жалпақ тілмен айтқанда «костоправ» танысым Зейнулла себепші болды. Бірде көлікпен бірге жол жүріп бара жатып досы туралы айтқан болатын. Зейнулланың үш қызы бар екен. Ал досының бес қызы бар, сол досы әйеліне ренжулі, тек қана «қыз туасың» деп, «ішкен» сайын әңгіме айтса керек. Содан бір күні үйіне барса Аллаһ бір қызынан айырыпты. Зейнулла содан қатты ойланып, тоба барына ризамын деген екен. Аллаһ кейін Зәкеңе ұл беріп қуанышы қойнына сыймай, төбесі көкке жеткендей қуанған еді.

Ислам және жанұя | Көрілді: 3643 | Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 23.Октября.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментариялар (0)

Біз секілді әлсіз құлдарын иман нұрымен ризықтандырған Хазіреті Аллаһ Тағалаға сансыз мадақ-мақтаулар...! Адамзаттың қараңғылықтан құтылып, жарыққа шығуына дәнекер болған бүкіл әлемнің мәңгілік мақтанышы Пайғамбарымызға (с.а.у.) сәлем...! Қашанда болмасын, әрбір қоғамда бала тәрбиесі өте маңызды болған. Өйткені, ертеңнің болашағын да, келешегі де осы жас өспірімдердің қолында болмақ. Келешекте қоғамды жақсы жағынан дамытып, көркейту де, керісінше құрдымға итермелеп,жығу да қазіргі бұғанасы қатаймаған жас ұрпақтың еншісінде болады. Міне, сондықтанда, болашақ қоғамның тағдырының қалай болмағы тікелей қазіргі ересектер, яғни сіз бен біздің қолымызда. Дәлірек айтсақ, баланың тағдыры, біздің оларға берер тәрбиемізге байланысты.
Ислам және жанұя | Көрілді: 3315 | Авторы: Әбдімүтәліп Сәттібайұлы | Ендірген: AL_Hanifiya | Уақыты: 17.Ноября.2009 | Рейтингі: 4.7/26 | Комментариялар (1)

Мысыр муфтиі Али Жума Мухаммадқа қойылған сауалға 07.10.2004 жылғы жауабы. 
Cұрақ: «Ниқап кию міндетті ме? Кейбір ғалымдар Айшаның (р.а) хаж кезінде жанынан еркектер өткен кезде бетін жапқан хадисіне сүйеніп, ниқап киюді міндетті санайды.
Ислам және жанұя | Көрілді: 3179 | Авторы: Аударған: Айжан ЖАССАН | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 30.Октября.2009 | Рейтингі: 4.6/32 | Комментариялар (0)

Аса Ұлы Аллаһ Тағала әр нәрсені ғажайып даналықпен жаратқан. Әрбір пайдасы зор, дәрумені мол көкөніс, жеміс-жидекті түрлі қабықпен қаптаған. Мысалы, алма, банан қабығынсыз аз уақытта-ақ қарая бастаса, жүзімнің, қызанақтың жұп-жұқа қабығы болмаса, шырыны ағып, құндылығын жоғалтар еді. Сол сияқты, бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербеткен әйел-ана да хиджаб киюге бұйырылған.
Ислам және жанұя | Көрілді: 8283 | Авторы: Айсара Бірлікқызы | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 28.Октября.2009 | Рейтингі: 4.9/36 | Комментариялар (1)

nullМұсылман әйелінің киімі оның беті мен қолынан басқа бүкіл денесін жауып тұруы керек. 
Киім әйелдің дене мүшелерін көрсетпеуі керек.
Әйел адамның киімі еркек адамның киіміне ұқсамауы тиіс. 
Биік өкшелі аяқ-киімнен бас тарту мұсылман әйелі үшін қалаулы іс. 
Хиджаб әйелдің басын, мойнын және кеудесін түгел жабуы тиіс. 
Ислам және жанұя | Көрілді: 26586 | Авторы: http://muslims.kz | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 10.Августа.2009 | Рейтингі: 4.7/23 | Комментариялар (1)

nullҚала шетіндегі әкемнен мұраға қалған жер үйде тұрамын. Орталыққа анда-санда қатынайтын қытайлық сары автобусы бар, екі аялдама жерде шағын орта мектебі орналасқан көп кенттің бірі. Менің үйімнің дәл қарсысында тәулік бойы оты жанып тұратын дүкен кенттің мәдени орталығы саналады. Тұрғындар ақпарат алмасуға, аман-саулық сұрасуға алдындағы тақырға жиналса, күндіз есіктен, түнде тесіктен сауда жасай беретін дүкен, үйге аяқ асты қонақ келіп қалғанда қысылсаң, көз таныстарға қарызға да бере береді. Өткенде жұмыстан кештете қайттым. Кірсең аяғың жаншылып, өкпең қысылып, төбең тірелетін күншығыс елінің көлігіне үш ұмтылып мінген соң, күндіз жүрсең аяғыңды сындыратын кент жолымен селкілдеп жеткенше біраз жүйкем жем болып, сіркем су көтермей келе жатқан. Әйелімнің «Нан ала кел!» деген бұйрығы есіме түсіп дүкенге бұрылдым. Есігін аша беріп едім көше басындағы көршімнің бірінші сыныпқа баруға дайындалып жүрген қара қызы шыға келді. Қойнында сырты терлеп тұрған екі шөлмек сыра. Жүрегім зырқ ете қалды. «Апырмай-ә, біздің елде он сегізге толмасаң алкогольді сатпақ түгілі иісін иіскетпеуші еді ғой...» Ойым аузымнан шығып кетсе керек, құйтақандай қара қыз «А это для папы!» деп тақ ете қалды. Әке тапсырмасын бұлжытпай орындағанына мақтаныш оты көзінде жанып тұр. Қазір мен ақыл айтып «Ә!» десем «Мә!» деуден тайынбайтын сияқты. Кішкентай бүлдіршінге шөлмектердің орнына жазған әке қисық аяқ, жалбыр шаш қуыршақ алып берсе қандай жарасар еді... Дүкендегі сатушыға сөйлей кірдім. «Әне өздерің жазып қойыпсыңдар. Неге жаңағы балаға спирт өнімін сатасыз? Бұл заңсыздық қой! Қандай тәрбие беріп жатқаныңызды білесіз бе?». Сөренің арғы жағында тұрған қызыл сары келіншек айтқаныма айылын жимады. «Е, Айгеримканы айтасыз ба? Она же не для себя, а для папы! Уже взрослая такая, отцу помогает!»...

Ислам және жанұя | Көрілді: 2162 | Авторы: Алмас БАЙЖІГІТ | Ендірген: Hayrulla | Уақыты: 21.Июля.2009 | Рейтингі: 5.0/7 | Комментариялар (1)

Шариғат жолымен неке қию және оның құқықтық мәселелері 
Кеңес өкіметі ыдырап кеткеннен бастап қазақ халқы және басқа да өзін мұсылман дініне жатқызатын халықтар ислам шариғатының шарттары бойынша неке қиюды жөн көрді. Көптеген адамдар мешіттерге ағыла бастады. Сол уақытта мешіттерде сауатты имамдардың тапшылығынан түрлі қиыншылықтар да орын алды. 
Ислам және жанұя | Көрілді: 27058 | Авторы: Б.ЖҮСІПОВ | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 09.Июля.2009 | Рейтингі: 4.8/25 | Комментариялар (0)

1-10 11-18
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0