Жұма, 16.Ноября.2018, 10:24
НЕГІЗГІ БЕТ
· RSS
сайт МӘЗІРІ
САУАЛНАМА
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 1659
 Діни мақалалар

Негізгі бет » Мақалалар


Діни мақалалар категориясы:

Қазақ ақын-жазушылары дін туралы [5]
Фиқһ - намаз, ораза, зекет, қажылық. [88]
Фиқһ әл-Ғибадат [1]
Араб тіліндегі мақалалар [3]
Қазақша мақалалар [334]
Қырғыз тіліндегі мақалалар [3]
Орыс тіліндегі мақалалар [23]
Өзбек тіліндегі мақалалар [6]


Каталогтағы барлық материалдар: 461
Көрсетілген материалдар: 1-10
Беттер: 1 2 3 ... 46 47 »

Көпшіліктің намазға деген көзқарасы түзу. Дегенмен аракідік кездесіп қалатын «күнде бес мезгіл үзбей оқудан адам жалықпай ма?» деген сұрақ төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбітсек.
Бір сәт ойланайықшы, өміріміз мәңгі ме? Келесі жылға сау жетіп, тіпті келесі күнді аман-есен атырарымызға кім кепіл? Пендешіліктен аса алмай аз ғана құмарлыққа алданып осы өмірде мәңгілік қалып қоятындай сезінеміз. Егер есіл өміріміздің, осыншама ағыл-тегіл уақтымыздың түкке алғысыз босқа өтіп жатқанын жете түсіне білсек, онда күн сайын бізге берілген жиырма төрт сағаттың бір сағатын қиып, ертеңгі ана дүниеміздің мәңгілік бақытына қол жеткізетін жанға жайлы, көңілге хош намаз оқуға арнау бізді жалықтырмақ түгілі есесіне қайта қуантып, шынайы рахат сезімнің құшағына бөлер еді.
Намаз - оқу, үйрену және оның пайдалары | Көрілді: 14216 | Авторы: Құдайберді Бағашар | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 02.Мая.2012 | Рейтингі: 4.9/23 | Комментариялар (0)

Алдымен «медиа» сөзіне тоқталсақ, ол ақпарат беру деген мағынаға саяды. Ескі заманда тас бетіндегі жазбалар болса, олар кейінгі заманда қағаз бетіне түсті, одан соң дауысты жазып алу мүмкіндігі пайда болды. Кешегі ғасырда адамды суретке және бейнетаспаға түсіруге қол жеткізілді. Осы жазбалардың барлығы тарату үшін жазылды. Аталмыш ақпараттарды «медиа» деп атаймыз. Медианың ескі және жаңа түрлері пайда болды. Ескілері – жоғарыда айтып өткендерім. Ал жаңасы – интернетке қатысты. Ескі медианы «дәстүрлі медиа» деп те атайды.Жаңа медиа блог, блогшы, сайт деген ұғымдарды өмірге әкелді. Соңғы жылдары сәнге айналған блогшылар, блог дегенді дәстүрлі медианың журналистері жете түсінбегендіктен бе, көпшілігі дұрыс қабылдамады. Дәстүрлі медиа мен жаңа медианың айырмашылығы неде деген сұраққа жауап іздегендер аз болды.
Білгенге маржан | Көрілді: 5672 | Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 24.Апреля.2012 | Рейтингі: 4.7/3 | Комментариялар (0)

Адамнан жасыра алмағаныңды, Алладан жасыра алмайсың: қазақ – өте аңқау, ғұмыры басқалардың алдау-арбауына баладай сенiп, барынан айрылумен келе жатқан ұлт. Оған не орыс, не шүршiт келiп: "Сендер керемет қонақжай халықсыңдар", – деп мақтаса болды, дастарқанындағы ең дәмдiсiн де баласының аузынан жырып соларға бередi. Қазекем Ресейден азаттық алдық деп шәпкесiн аспанға лақтырып жүрген соңғы 20 жылда да бұл аңқаулығынан арылудың орнына бұрынғыдан да аңқауланып, танауы делдие түстi. 
Ислам және жанұя | Көрілді: 16414 | Авторы: Мырзан КЕНЖЕБАЙ | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 13.Мая.2011 | Рейтингі: 4.8/59 | Комментариялар (7)

Астапыралла, естімеген елде көп деген рас екен. Жүре берсең көре бересің деген қазақ атамның сөзі тура келді. Елорданың сауда орталығының бірінде өткен бір шалбар үшін жұртты тыр-жалаңаш шешіндіру акциясы елді елең еткізді. Мұны жылдың ең жағымсыз жаңалығы деуге болады. 
Жыл соңында «батыстың жаппай жалаңаштану» атты қауіпті вирусы бізге де келіп жетті. Мұндай сорақы шара анау-мынау емес еліміздің бас шаһары - Астанада өтті. Тегін киінудің бір ғана шарты бар. Дүкенге тыржалаңаш кіріп, көпшіліктің алдында арлы-берлі ойқастап жүрсеңіз болғаны. Есесіне су жаңа джинсі шалбарын тегін иеленесіз. Бір өкініштісі, мұсылманшылығымызға таңба салатын ұятты істі жаңа жыл қарсаңында су жаңа сыйлық ретінде жасаған өзге емес, өзіміздің қаракөз бауырларымыз. Тұтынушыларды тырдай жалаңаш шешіндірген акцияны ұйымдастырушылар бұл әрекеттерін жастарды белсенді өмірге шақырудың тәсілі, тұтынушы тартудың бір жолы дейді.
Адасқан ағымдар | Көрілді: 8399 | Авторы: Төлеби ОСПАН | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 29.Декабря.2010 | Рейтингі: 4.2/5 | Комментариялар (6)

Сапар (сафар) айы (арабша: شهر صفر) — мұсылманша күнтізбе бойынша екінші ай, Мухаррам айынан соң келеді. Хиджраның 1432 жылындағы сапар айының басталуы 2011 жылдың 5-қаңтарына (кей жерлерде 6-ы) сай келеді.

"Сапар” сөзінің (арабша: صفر) ай атына қатысты кең тараған екі мағынасы бар:

1) сары, сарғаю: сапар айына атау берілгенде күз болып, айнала сап-сары түске оранған;

2) бос, нөл (араб: сифр): мұсылмандар осы айда Меккеден көшіп кеткеннен кейін қала босап қалған.
Білгенге маржан | Көрілді: 11795 | Авторы: malimetter.org | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 26.Декабря.2010 | Рейтингі: 5.0/2 | Комментариялар (2)

Қазақстанның шіркеулерінде келешекте құдайға ғибадат ету рәсімдері қазақ тілінде де өтпек. Бұл Қазақстанда екінші үлкен дін болып саналатын православие дінін ұстанушылар арасында қазақтілділер көбейгенін аңғарта ма, әлде діни бірлестіктің мемлекеттік тілді қолдау шарасы ма?
Қырғыз тіліндегі мақалалар | Көрілді: 8657 | Авторы: Айжан КӨШКЕНОВА | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 11.Декабря.2010 | Рейтингі: 4.0/2 | Комментариялар (7)

Бұл кітапта фиқһ ілімінің зерттеу саласына, фиқһи мазһабтардың шығу тарихына қысқаша шолу жасалған. Таһарат, намаз оқу, зекет беру, ораза тұту және қажылыққа бару құлшылықтарының үкімдері ханафи мазһабы бойынша кең түрде беріліп, Құран аяттары мен Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) хадистерінен дәлелдер келтірілген.
"Фиқһ әл-Ғибадат" кітабы жайлы мағлұматтар | Көрілді: 129 | Авторы: Кәусар Саяхат | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 11.Декабря.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментариялар (0)

Аяусыз қатігездікпен басып-жаншылған Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, сол оқиғаның тікелей басы-қасында болғандықтан, әлі күнге дейін көз алдымда. Ульяновскіден келген орыс басшысына деген наразылықтан туған кездейсоқ өрбіген оқиға десек, көтерілістің мәнін төмендетіп аламыз, дұрысы империялық үстемдікпен жүргізілген ұлт саясатына қарсылық білдірген жастардың саналы қозғалысы. 
Білгенге маржан | Көрілді: 20021 | Авторы: Бекжігіт Сердәлі | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 10.Декабря.2010 | Рейтингі: 4.7/19 | Комментариялар (0)

Смайыл СЕЙІТБЕКОВ, ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысындағы өкілі:

- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ел көлемінде атқарып жатқан ізгі бастамалары мен игі діни іс-шаралары нәтижесіз емес. Сіз өкіл болып отырған өңірде бұл үрдіс қалай жалғасын табуда? Жалпы облыстағы бүгінгі діни ахуал қандай?

- Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет басшылық етіп отырған Діни басқарманың ұйытқы болуымен еліміздің әрбір өңірінде көңілге қуаныш ұялатар игі діни іс-шаралар атқарылып жатса, біздің облыста да мұсылман бауыр-ларымыз тарапынан асыл дініміздің өр-кендеуі үшін қолға алынып жатқан ауыз толтырып айтарлық жұмыстарымыз бар. Халықты хақ жолға бұрып, дінді үйрету мақсатында келелі іс-шаралар атқарылуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан шыққан пәтуалардың бәрі халыққа түсіндіріліп, іске асырылып, Бас мүфти хазрет алға қойған міндеттемелер мен бұйрықтар дер кезінде шешімін тауып, жүзеге асып жатыр.
"Ислам және өркениет" газеті... | Көрілді: 4624 | Авторы: «Ислам және өркениет». | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 24.Ноября.2010 | Рейтингі: 2.0/1 | Комментариялар (0)

Құрбан айт намазы
Айт – араб тілінде "мейрам” деген мағынаны білдіреді. Айт намазын оқудың уәжіптігі Құран мен сүннетте айтылған. Біріншісі – Рамазан айты, екіншісі – Құрбан айт. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) екі айт намазын оқығаны жайлы хабар "тәуатүр” (бұлтартпас, анық) жолмен бізге жеткен. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алғашқы оқыған айт намазы – һижраның екінші жылындағы Рамазан айт намазы.
Намаз - оқу, үйрену және оның пайдалары | Көрілді: 13530 | Авторы: Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 19.Ноября.2010 | Рейтингі: 5.0/6 | Комментариялар (1)

жарнама орныңыз
КІРУ ТІРКЕЛУ
Логині:
Құпия сөз:
ІЗДЕУ
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0