Дүйсенбі, 23.Сентября.2019, 22:24
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 4155
 

Негізгі бет » 2010 » Қазан » 7 » ЗЕКЕТ


ЗЕКЕТ
10:43
Аллаһ тағала Құран кәрімде: «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. Сондай-ақ (Аллаһтың құзырына), иілушілермен бірге иіліңдер» («Бақара» сүресі, 43-аят), - деп бұйырады.
Аятта әмір етілгендей, Аллаһ тағала шамасы жететін зекет нысабына саны жетерлік мал дүниесі бар әрбір иман келтірген мұсылмандарға   беру парыз екендігін баян етеді.
Аллаһ тағала   адам баласын бекерден бекер жаратпады. Әр нәрсенің сұрауы бар. Қиямет күні  Жаратушымыз ең бірінші бай болғандардан сұрар: «Ей, құлым, Мен саған өмір бердім, жаман мен жақсыны, халал мен харамды ажырату үшін ақыл, сана-сезім бердім, басқаға бермеген байлықты саған бердім, мал-мүлік, дүние бердім, неге намаз оқымадың, неге зекет, садақа бермедің, неге тәубе етпедің?» - деп сұрар. Сол кезде әлгі адам айтар: «Ей, Раббым, басқаға бермеген байлықты, мал-дүниені маған бердің, соларды қарап, бағамын деп  уақытым болмады» дер. Сол кезде Аллаһ тағала Сүлеймен (ғ.с.) пайғамбарды мысал етер. «Сен Сүлеймендей пайғамбар, патша болған жоқсың. Сүлеймен (ғ.с.) өзі пайғамбар, өзі патша, бай болса да намазын қаза етпеді, маған құлшылық етті (зекет, садақасын берді деген мағынада). Сен сылтау етіп тұрсың, Мен берген дүниеге сараңдық еттің, енді сенің барар жерің - тозақ»,- деп тозаққа салуға азап періштелеріне әмір етер. Бұған дәлел Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисі:
«Сараң адам тақуа болса да жәннатқа кірмейді», - деген.
Бұл туралы Құран кәрімде: «Қазыналарыңды Аллаһ жолынан аямаңдар (сараңдық жасап), бастарыңды қатерге тікпеңдер. Жақсылық жасаңдар. Ізгі жандарды Аллаһ шын дос тұтады» («Бақара» сүресі, 195-аят), - делінген. Мұса (ғ.с.) бір кісінің намаз оқығанын көріп: «Уа, Раббым, бұл кісі қалай көп намаз оқиды?» - деп сұрады. Сол кезде Аллаһ тағала: «Ей, Мұса (ғ.с), бұл кісі бір күнде мың рәкат намаз оқыса да, мың құлды азат етсе де, мың рет қажыға барса да, дүниесінен зекет бергенге дейін ешбірі қабыл болмас», - деді.
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.) бұл туралы: «Зекет бермегеннің намазы да қабыл емес», - деген.
Адам баласына екі дүниеде бір дұшпан бар, ол - азаптанып, қиналып жүріп жинаған мал-мүлік, дүниеміз. Осы дүниеде мал-дүниесін ұры-қарыдан    қорғаймын деп басымызға қауіп-қатер төндіріп, дұшпанымызды көбейтсек, ал енді қиямет күні өзіміздің дүниеміз өзімізді жылан-шаян болып шағар.
Зекетті тек малдан ғана бермейді, әр түрлі нисабы бар мүлік, заттан да береді. Мысалы алтын, күміс, ақша сияқты. Кімде кімнің қорасы толы мал, үйі толы алтын, күміс, ақша болса, бірақ олардан зекет бермесе, ол адамның қиямет күні көрер азабы, қиыншылығы туралы Құран кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! (Кәпірлердің) бірінші дін қызметкерлері, сопылары елдің мал-мүлкін, анығында, қиянатпен пайдаланады, адамдардың ақ дінге кіруіне көлденең тұрады. Алтын-күміс жинағандарға, оны Құдай жолына жұмсауға қимайтындарға оның бодауына қатты азап бар екенін білдір» («Тәубе» сүресі, 34-аят), - делінген.
Зекет бермегеннің күнәсі туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Күніне аспаннан 72 түрлі жамандық пәле түседі, оның біреуі иаһудилерге, енді біреуі насараларға, қалған 70-і әдейі зекет бермегендерге». Ал, енді зекет бермеудің қиямет күнгі болатын азабы туралы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде былай делінеді: (Әбу Хурайрадан риуаят етілген). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Кімде-кімнің түйесі көп бола тұрып зекет бермесе, қиямет күні оның ең семіз түйесі келіп оны тебер, ал егер кімде-кімнің қойы көп болып, бірақ зекет бермесе, қиямет күні ең семіз қойы келіп тұяқтарымен оны таптап, мүйізімен сүзер. Зекет бермегеннің намазы да қабыл емес», - деді.
Шайтан Ібіліс Қызырға (ғ.с.) айтты: «Ей, Қызыр, сен біл, мен Мұхаммед (с.ғ.с.) үмметін зекет беруден азғырамын. Ол кісіні бірінші - кедейлікпен қорқытамын, екінші - дүниемен қызықтырамын, сүйтіп, мал-дүниесінен зекет бермей менімен бірге тозаққа түсер», - деді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Төрт түрлі адам қабірден тұрғанда бірден тозаққа барар. Солардың біреуі - шамасы жетіп тұрса да малынан зекет бермеген адам», - деді. Егер де ешкім тәубеге келіп, нисапқа толған малынан зекет бермесе, Аллаһ тағала жауын жаудырмас еді, ол кезде жерге шөп шықпай, мал өсіп-өнбес еді. Зекетті Аллаһ тағала шүкіршілік етіп берген малдың садақасы деп білуіміз керек.
Аллаһ тағаланың бізге берген мал-мүлік дүниесін харамға емес, жақсы амалдарға және шариғат үкімдеріне сәйкес ысырапсыз жұмсайық. Кедей-міскіндерге  жәрдем бер, ақирет сауабын табайық. Әмин!                                                              

ҚМДБ-ның Уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс істеу бөлімі дайындаған.

 
Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары. | Көрілді: 1247 | Ендірген: Kattani_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
13.Октября.2010 Спам
1. Жанат (kulzhanat)
arb

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0