Бейсенбі, 21.Ноября.2019, 05:05
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 1659
 

Негізгі бет » 2010 » Қазан » 29 » [29.10.2010.] Сәбидің қажылығы және оның үкімі


[29.10.2010.] Сәбидің қажылығы және оның үкімі
12:44
Барлық ғұламалардың ортақ пікірінше, балиғатқа толмаған, алайда есін біліп қалған сәбидің жасаған қажылығы дұрыс болып есептеледі. Бірақ ол қажылығы нәпіл амалдардың қатарына жатады. Яғни парыз қажылығының орнына жүрмейді. Сәби парыз қажылығын шамасы келсе, балиғатқа толғаннан кейін жасауы керек.
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Бір әйел сәбиін кетеріп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мынаған қажылық болады ма?» - дейді. Ол с.а.с.: «Иә, және саған сауап», - деп жауап береді», - деген[1].
Ғалымдар осы хадисті сәбидің қажылығының дұрыс екендігіне дәлел ретінде келтіреді.
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Аллаһ елшісі с.а.с.; «Кез келген сәби қажылық жасағаннан кейін балиғатқа толса, оған басқа (парыз) қажылығын жасау міндет», - деді», - деп айтқан[2].
Сәби қажылығының оның жағдайына қарай кейбір өзіндік ерекшеліктері бар:
1.     Ақыл-есі кірмеген (шамамен алты жасқа келмеген сәби) сәбидің орнына уәлиі (әкесі немесе оны қажылыққа алып барған адам) ихрамға ниет етіп, ихрам киімін кигізеді, онымен бірге тауап, сағи жасайды, Арафатқа алып шығады және сәбиді ихрам кезінде тыйым салған амалдардан сақтап жүреді. Бірақ оның орнына тауаптан кейінгі екі ракағат намазды оқымайды.
2.     Ақыл-есі кірген, жақсы мен жаманды ажыратып қалған сәби міндетті түрде әкесінің не қажылыққа ертіп келген уәлиінің нұсқауымен өзі ихрамға ниет етеді әрі орындай алатын қажылық амалдарының барлығын өзі жасайды. Мұндай жағдайда оның шамасы келетін амалдарды уәлиіне орындауға болмайды.
Жәбир (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісімен с.а.с. бірге қажылық жасадық. Бізбен бірге әйелдер және сәбилер болды. Сонда сәбилердің атынан тәлбия айттық және тас лақтырдық», - деді[3].
1.     Ханафи мазһабында, егер бала ақыл-есін тоқтатқандығына және тоқтатпағандығына қарамай, қажылықтың бір парызын орындай алмай, оны бұзып алса немесе уәжіптерінің бірін бұзса, оған ешқандай жаза жоқ. Себебі шариғат амалдары сәбиге парыз емес.
2.     Ханафи мазһабында егер балиғат жасына толмаған бала Арафатта тұрудан бұрын балиғатқа толып, жаңадан ихрам халіне кіріп, қажылыққа ниет етсе, ол парыз қажылық орындаған болып есептеледі. Ал егер алғашқы ниетімен қалса, қажылығы нәпіл деп есептеледі және ол жағдайы келсе, кейін қайта парыз қажылығын жасауы қажет. Ал шафиғи мазһабы бойынша, ихрамға қайта кіргеніне немесе кірмегеніне қарамастан, оның қажылығы парыз қажылық болып есептеледі.
3.     Балиғатқа толмаған бала қажылықтың қай түрін (тәмәттуғ немесе қиран) жасағандығына қарамастан, оған құрбандық (һәди) шалу міндет емес.
«Фиқһ әл-ғибадат» кітабы. Кәусар-саяхат баспасы. 442 бет.


[1] Сахих Муслим, Китәб әл-хаж, 2378.
[2] Әл-Бәйһақи, әс-Сунән әл-кубра, V том, 179-бет.
[3] Сунән Ибн Мәжәһ, Китәб әл-хаж, 3029.
Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 637 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: tysya

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4027
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0