Бейсенбі, 21.Ноября.2019, 04:12
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 4155
 

Негізгі бет » 2010 » Қазан » 30 » [30.10.2010.] Пайғамбарымыздың с.а.с. мешітін зиярат етудің әдептері


[30.10.2010.] Пайғамбарымыздың с.а.с. мешітін зиярат етудің әдептері
23:48
1) Мешітке оң аяқпен кіріп: «Бисмилләһ. Уәс-саләту уәс-сәләму ъалә расулилләһ. Аллаһуммаф-тах ли әбуәбә рахмәтик!» - деп айту.
Мағынасы: «Аллаһтың есімімен! Аллаһ елшісіне тыныштық және сәлем болсын! Уа, Аллаһ! Маған Өз мейіріміңнің қақпаларын аша гөр!»[1]
2) Мешіттің ішіне кірген соң екі ракағат тахиятул-масжид (мешіттің сәлем) намазын оқу. Өйткені Пайғамбардың с.а.с. және басқа да мешіттерде мешіттің әдептері мен құқықтарын сақтау керек.
3) Сонан соң Аллаһ елшісі с.а.с. және онымен қатарлас жатқан екі сахабасына: «Әссәләму ъаләйкә, я, расулаллаһ! Әссәләму ъаләйкә, я, Әбә Бәкр! Әссәләму ъаләйкә, я, Омар!» - деп сәлем беру. 
Мағынасы: «Саған сәлем болсын, уа, Аллаһтың елшісі! Саған сәлем болсын, уа, Әбу Бәкір! Саған да сәлем болсын, уа, Омар!»
Содан кейін құбылаға бұрылып, Аллаһ тағалаға жалбарына дұға қылу және Аллаһ елшісінің с.а.с.: «Тілесең, тек Аллаһтан тіле, жәрдем сұрасаң, тек Аллаһтан жәрдем сұра!», - деген сөзін еске алу (әт-Тирмизи; сахих хадис).
4) Мешіттің терезе-дуалдарын т.с.с. нәрселерін сипамау сүймеу, одан артқа шегіншектеп шықпау өйткені бұлай жасау - дінімізге жат амалдар.
5) Аллаһ елшісіне с.а.с. жиі салауат айту өйткені ол с.а.с.: «Кім маған бір рет салауат айтса, Аллаһ ол үшін оған он рет салауат айтады (яғни игілігіне бөлейді), - деген (Муслим).
5) Мәдинада болғанда барлық намаздарды Пайғамбардың с.а.с. мешітінде оқуға тырысу. Өйткені Пайғамбарымыздың с.а.с. мешітінде оқылған намаздың дәрежесі басқа мешіттерде оқылған намаздан мың есе артық.
 
Мәдинада мына жерлерді де зиярат ету - сүннет:
1) «Бақиғ» қорымы.
«Бақиғ» қорымы Пайғамбар с.а.с. мешітінің жанында орналасқан. Онда Айша анамыз, Осман ибн Аффан, көптеген сахабалар (Аллаһ оларға разы болсын), имам Мәлик және басқа да үлкен-үлкен имамдар жерленген.
2) Ухуд шайқасында шәһид болған мұсылмандар жерленген орын. Олардың қабірлері Ухуд тауының маңына орналасқан.
3) Құба мешіті.
Исламдағы ең алғашқы салынған «Құба» мешітіне дәрет алып барып, екі ракағат намаз оқу - сүннет.
Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадисте Аллаһ елшісі с.а.с.: «Кімде-кім үйінен дәрет алып, одан кейін Құба мешітіне келіп намаз оқыса, умраның сауабындай сауап алады»,-деген (ән-Нәсәи, Ибн Мәжәһ).
Алайда «Жеті мешіт», «Қос құбылалы мешіт» сияқты орындарға баруға қатысты шариғатта нұсқау келмеген.
 
Мәдина қаласының айналасындағы харам территориясы:
Мәдина қаласының айналасында Мекке қаласының айналасында аң аулауға, табиғи жолмен өскен өсімдігін жұлуға тыйым салынған территория секілді территория бар. Оны «Харам Мәдина» (Мәдина қаласының харамы) деп атайды. Тек ханафи мазһабында бұл аумақта аң аулауға рұқсат етіледі.
«Фиқһ әл-ғибадат» кітабы. Кәусар-саяхат баспасы. 511 бет.


[1] Бұл дұға кез келген мешітке кіргенде оқылады.
Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 875 | Ендірген: Admin | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: tysya

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4027
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0