Дүйсенбі, 23.Сентября.2019, 22:23
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 4155
 

Негізгі бет » 2013 » Маусым » 5 » Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік бастамалар орталығы


Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік бастамалар орталығы
16:32
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі. Өлкедегі қоғамдық саяси әлеуметтік, діни-рухани ахуалды талдау – зерттеу орталығы. [1]

Әлеуметтік бастамалар орталығы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 229 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының "Әлкуметтік бастамалар орталығы" мемлекеттік мекемесі құрылған.[2] Орталықтың негізгі жұмыстары өлкедегі қоғамдық саяси әлеуметтік, діни-рухани ахуалды талдау, кітапшалар, анимациялық мультфильмдер, бейнероликтер шығару. Дін ілімі тұрғысынан семинар-тренингтер өткізу. [3]

Құрылудағы басты мақсаты

Құрылудағы басты мақсаты – қоғамдағы саяси ахуал бойынша халық арасында мемлекеттік идеологияны түсіндіру. Облыстағы қоғамдық-саяси ахуал мәселелеріне талдау жүргізу, әсіресе жоғарыда айтылып өткен діни ахуалының күрделілігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, осы саладағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ету.

ОҚО ішкі саясат басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штаттық құрылымы

Орталық Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық-саяси ахуалға әлеуметтік мәселелерге, діни-рухани тәрбие, тағылым талдауларын жасау және осыларды саралап-сараптап, зерделеп, зерттеу және оларды мемлекеттік идеологияның іске асырылуы барысында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізумен айналысады, өз құзыретіндегі мүмкіндік аясында өлкедегі зиялы қауым, ілім, ғылым, мәдениет орталықтарында, сондай-ақ, қоғамдық орындарда, жастар арасында, жергілікті аумақтарда, республика заңдарына сәйкес, үкімет пен өкілетті орган өкімдіктеріне сай және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, өлкедегі бірлік пен ынтымақты қалыптастыруда, салауатты өмір салтының тұрақтылығын қамтамасыз етуге де байланысты жұмыстар атқарады, сондай-ақ, жоғары және арнаулы орта оқу орындары, жалпы орта білім беретін мекемелердегі студенттер мен оқушылар арасында, дәстүрлі ұлттық таным, рухани тәрбие, діни негіздегі әдет-ғұрып, салт-сана ара-байланыстарына қатысты кейбір кездейсоқ теріс ұғымдар, көзқарас, түсінік мәселелерінде дұрыс шешім табуға көмектесіп, ұлттық әдепке шетін экстремизм мен терроризмнің белгілерінің алдын алу, кереғар ағымдар мен секталардың зиянды іс-әрекеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жастарды олардың ықпалынан қорғау мақсатында кездесулер өткізу, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу шараларын атқарады, өлке азаматтарының тұлғалық қалыптасуында дәстүрлі ұлттық тәрбиенің, отаншылдық рухтың, азаматтық ұстанымдардың негіздерін қалайтын, жастардың заманауи болмысы мен ғылыми техникалық өркениет үдерісіндегі орнының биік болуына әлеуметтік-рухани демеу бағытында жұмыс жасайтын көмекші қызметтер көрсетеді.[4]

Орталықтың негізгі міндеттері

Облыстық электронды және баспасөз ақпарат құралдары арқылы діни экстремизм мен кереғар діни ағымдар, секталар, олардың қоғамға зияндылығы әрі қауіптілігі тұрғысында халыққа кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізу, бейнефильмдер мен роликтер дайындап көрсету, оларға сараптама жүргізу;

Қала, аудандардың елді мекендеріндегі жергілікті тұрғындар, жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен жалпы орта білім беретін мекемелердегі студенттер мен оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің, кереғар ағымдар мен секталардың зиянды іс-әрекеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, жастарды олардың ықпалынан қорғау мақсатында кездесулер өткізу;

Түрлі бағыттағы діни құрылымдардың жай-күйіне, олардың қызметтері мен табыну орындарына және келетін жамағаттардың құрамына сараптама жүргізу;

Деструктивті діни ұйымдардан зардап шекендерді анықтау, оларға психологиялық, заңгерлік көмектер көрсету;

Өз құзыреті шегіндегі мемлекеттік атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыстар атқару, жалпы қоғамдық-саяси, соның ішінде діни ахуалға талдау, сараптама жасау;

Облыс көлемінде қызмет етіп жатқан медреселер мен басқа да діни оқу орындарының жұмыстарына сараптама жүргізу;

Діни экстремизмнің, кереғар діни ағымдардың, секталардың іс-әрекеттерінің алдын алуға арналған ақпараттық және әдістемелік материалдар (лекциялар, фильмдер, бейнероликтер, буклеттер, брошюралар, кітапшалар, парақшалар) шығарып тарату;

Облыс тұрғындары, жоғары, арнаулы орта және жалпы білім беретін оқу орындары жастары арасында дін мәселелеріне қатысты сауалнамалар жүргізу арқылы социологиялық зерттеулер жүргізу;

Деструктивті, соның ішінде ислам атын жамылған діни ағымдардың, секталардың қызметіне мониторинг жүргізу;

Облыс көлемінде жұмыссыз жүрген жастарға сараптама жасау, діни ағымдарға, шетелде оқуға бейімділігін анықтау;

Облыс, қала, аудандар бойынша жасалған діни ахуал картасына зертеулер нәтижесіне сәйкес өзгерістер енгізе отырып, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу.

Орталықтың онлайн жүйесі арқылы түсіндіру жүйесі қолға алынған. Діни экстремизм мен терроризмнің, керағар ағымдар мен секталардың іс-әрекеттері мен зияндылығының алдын алу мақсатында білім беру мекемелеріндегі оқушылар мен оқытушылар арасында "Онлайн" жүйесі арқылы интерактивті тақтада түсіндірме жұмыстары әртүрлі тақырыпта жүргізіледі.[5] «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі қызметкерлері Онлайн (тікелей байланыс) жүйесі бойынша интерактивті тақта арқылы өтетін ауқымды шараларды қолға алып отыр. Күні бүгінге дейін бұл шараға қатысуға ниет білдірген өңірдегі 961 білім беру мекемесінің 280-і осы жүйеге қосылды. Негізгі орталық ретінде Шымкент қаласындағы М. Дулати атындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-гимназиясы таңдап алынған.[6]

Орталықтың "Шымкент келбеті, "Қызмет", "Оңтүстік Қазақстан" газеттері "Бақыт сыры" журналдарында тұрақты мақалалар шығып келеді. [7],[8]

Орталық бөлімдері

Орталықта төрт бөлім жұмыс жасайды:

1. «Бағдарламалар және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру» бөлімі

2. «Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекет ету» бөлімі

3. «Талдау және мониторинг» бөлімі

4. «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімі

  1. «Бағдарламалар және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру» бөлімі

Негізгі міндеттері:

облыс көлеміндегі дәстүрлі және басқа да діни конфессиялар, діни негізде құрылған секталар мен түрлі ағымдардың бүлдіруші әрекеттерін залалсыздандыру мақсатында, олар туралы толық мағлұмат қорын жасақтау;

облыс көлеміндегі қоғамдық-саяси және діни негізде қалыптасқан кейбір жағымсыз жағдайлардың, тұрғындар арасында теріс ұғымдар мен оғаш ойлар қалыптасуының алдын алу арқылы, елдік, жанұялық, дәстүрлі жастар тәрбиесінде ұлттық үлгі боларлық ұстанымдарың тұрақты қалыптасуына қызмет ететін үкіметтік және қоғамдық ұйымдардың бағдарламалары мен жоспарларына көмек ету;

құзырлы органдар мен жергілікті атқарушы мекемелер арқылы облыс көлемінде орын алуы мүмкін теріс ағымдардың, діни негіздегі бұзушылықтардың орын алуының алдын-алу шараларына қажетті толық ақпарат, біліктілік, тәжірибе – практикалық әрекеттерге қажетті ақпарат жинақтап, басшылыққа хабарлап отыру;

облыс көлеміндегі БАҚ-ында қоғамдық-саяси және діни ахуал төңірегінде, сондай-ақ, жергілікті әкімдіктер мен құзырлы мекеме басшылығына кеңесшілік көмек көрсету жолдары мен іс-шараларын ұйымдастыруды бағдарлап, нәтижелерін талдап, зерттеп отырушы органдарға кеңесшілік-көмекшілік қызмет атқарады.[9]

  1. «Мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекет ету» бөлімі

Негізгі міндеттері

мемлекеттік идеологияның облыс көлемінде іске асырылуы бойынша, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету іс-шаралары мен оларды алдын ала жобалауда қажетті ақпараттар мен жан-жақты толық мәлімет алу тетіктерінің негізін, қорын құру мақсатында жұмыстар атқару;

қоғамдық-саяси, мәдени-ғылыми, әлеуметтік-тұрмыстық институттар мен ұлттық әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүр мен діни таным арналарының, елдік бірліктер мен мемлекеттік талаптарға орайлас жұмыс жасауына алғышарттар жасауда олардың халық арасында терең орнығып, қалыпты да нәтижелі жұмыс жасауына мүдделілік тұрғысынан тұрақты ұғымдар, көзқарастар, түсініктер қалыптастыру бағытында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан ынталы топтар ұйымдастыру;

облыстағы мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекет ету жөніндегі барлық жұмыстардың байыпты, тәртіп пен заң аясындағы үлгілері мен тәсілдерін жобалап, басшылық келісімімен оларды атқаруға қажетті іс-шаралар қорын, мәліметтер жинақтап, олардың іске асырылуын жобалап отырады.[10]

  1. «Талдау және мониторинг» бөлімі

Негізгі міндеттері

облыстың қоғамдық-саяси жағдайына мониторинг жүргізу;

ішкі саясат бойынша ақпараттық-сараптамалық мәліметтер дайындау;

облыстың қоғамдық-саяси дамуының өзекті мәселелері бойынша социологиялық және политологиялық зерттеулерді ұйымдастырады және жүргізеді;

ішкі саяси процесстердің жағдайы мен сапалы мінездемелерін, облыстағы қоғамдық пікір жағдайын, азаматтардың электоралды көңіл-күйлерін жан-жақты зерттеу және талдау;

ішкі саясат мәселелері бойынша облыс әкіміне, ішкі саясат басқармасының бөлімдері үшін маңызды саяси оқиғалар жөнінде, сондай-ақ, қоғамдық-саяси, дін салаларындағы және орталықтағы, жергілікті жерлердегі мемлекеттік органдардың ақпараттық-насихаттау мен идеологиялық жұмыстарындағы жағдайдың өзгеруі бойынша аналитикалық материалдар дайындау;

қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу;

ғылыми-зерттеу орталықтары жөнінде ақпараттар жинау;

орталық, қалалық, аудандық атқарушы органдармен қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг жүргізу әдістемесі мен жүйесін және ұсынылатын мәлімет сапасын жетілдіру мәселелері бойынша өзара байланыста жұмыс атқару;

облыстың қоғамдық-саяси даму мәселелері бойынша тұрақты негізде ақпарат жинауды қамтамасыз ету;

ішкі саясат саласында тәжірибелік ұсыныстар дайындау;

облыстың қоғамдық-саяси мәселелері бойынша әдістемелік құралдар, брошюралар, анықтамалық және ақпараттық-сараптамалық материалдар дайындау;

ақпараттық-сараптамалық орталықтарымен өзара байланыс жасау;

өз құзыры шегінде облыс әкімінің шешімдерін және өкімдерін, әкімдік қаулыларын, басқарма бастығы бұйрықтарының мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;

өз өкілеттігі шегінде азаматтардың өтініштерін, арыз-шағымдарын қарау және олар бойынша қажетті шешімдер қабылдау.[11]

  1. «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімі

«Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімі облыс көлемінде, діни диалогтық қоғамдық саяси ахуалға әсерін сараптау-талдау тұжырымдар жұмыстарын жүргізіп, оның нәтижесіндегі зерттеулер, талдаулар бойынша кітаптар шығару және кереғар діни ағымдардың іс-әрекетінен зардап шеккендерді анықтау, оларды оңалту ісі бойынша жұмыстар атқарады.

Негізгі міндеттері:

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және заңнамалары мен орталық «Жарғысы», «Ережесіне» сай жұмыс жасау.

ОҚО ішкі саясат басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығының» басшысы мен орынбасарлардың тапсырмаларын ұйымдастырып, орындау.

Қолданыстағы нұсқаулық және нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес бөлімге жүктелген басқа да функционалдық міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету.

Әртүрлі деструктивті діни ағымдардың (секталардың) іс-әрекетінен жапа шеккен азаматтарды орталыққа шақыру немесе көзделген орыңда оңалту жұмыстарын жасау.

Кереғар діни ағымдардың іс-әрекеттері жалпылық сипаты байқалған жағдай олармен арнайы сұхбаттар, лекциялар өткізіп, кездесу ұйымдастыру.

Жастар көп шоғарланған орындарда олардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы лекциялар оқу, баяндамалар жасау, сұхбаттар өткізу.

Облыс көлеміндегі халықтың түрлі контингентін қамту жұмысы бойынша, әскери құрылымдар, шекара қызметкерлері, құқықтық және ҚАЖ салаларындағы діни теологиялық– психологиялық ахуалға байланысты талап - сұраныстарға жауап беру.[12]

Бөлімінің жұмыс бағыттары

Теріс пиғылды діни ағымдардан Зардап шеккендерге теологиялық және психологиялық тұрғыдан көмек көрсету

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында халық арасында кездесулер өткізу

БАҚ-тағы бөлім жұмысы. «Діни» тақырыптар бойынша БАҚ беттерінде жарияланған мақалаларға (газеттерге сараптамалаық-талдау) ШОЛУ

Облыс көлемінде діни негізде қоғамдық саяси ахуалға әсер етуші мәселелерді талдау, сараптау бағытындағы ақпараттық әдістемелік құралдар дайындап шығару [13]

Сенім телефоны

Орталықтың мекен-жайы: Шымкент қ. Мәделі қожа н/ү "ЭСКО" бизнес орталығы. E-mail: csi_uko.kz@mail.ru

Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінде теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккендерге теологиялық және психологиялық тұрғыдан көмек көрсету мақсатында сенім телефоны жұмыс істейді. Сенім телефоны: +7 7252 22-13-64.[14]

Орталықтан жарық көрген кітаптар[15]

  1. Қазақстан Республикасының «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңы
  2. ОТАН ЖӘНЕ КЕРІ АҒЫМ
  3. ДӘСТҮРЛІ ДІН ЖӘНЕ АДАСҚАН АҒЫМДАР
  4. АДАСҚАН АҒЫМДАР
  5. ДІНАРАЛЫҚ ТӨЗІМДІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
  6. Қоғам және дін
  7. У терроризма нет лица
  8. ҰЛТ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
  9. МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ - ХАНАФИ МӘЗҺАБЫ

Дереккөздер

  1. «Бақыт сыры» журналы № 2/11
  2. ОҚО ішкі саясат басқармасының ӘБО МКМ. Ақпараттық кітапша.
  3. «Қызмет» газеті № 02-03 (149) 25.01.2013
  4. ОҚО ішкі саясат басқармасының ӘБО МКМ. Ақпараттық кітапша.
  5. «Қызмет» газеті № 16 (160) 26.04.2013
  6. "Шымкент келбеті" газеті №20 17 мамыр
  7. ШЫМКЕНТ келбеті қоғамдық-саяси газет, №20 (1195) жұма, 17 мамыр 2013 жыл
  8. «Жанубий Қозоғистон» № 34 (1755) 28.03.2013
  9. ОҚО ішкі саясат басқармасының ӘБО МКМ. Ақпараттық кітапша.
  10. ОҚО ішкі саясат басқармасының ӘБО МКМ. Ақпараттық кітапша.
  11. ОҚО ішкі саясат басқармасының ӘБО МКМ. Ақпараттық кітапша.
  12. ОҚО ӘБО күнтізбесі
  13. ӘБО оңалту бөлімінің есебі
  14. Қоғам және дін (Ақпараттық сараптамалық - талдау) кітапшасы
  15. ОҚО ішкі саясат басқармасы ӘБО "Менің таңдауым ханафи мазхабы" кітапшасы мұқабасы
Суретте: ОҚО ішкі саясат басқармасы логотипі.
Ұлықбек Алиакбарұлы.
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 2196 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Маусым 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0