Жұма, 16.Ноября.2018, 10:25
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 4151
 

Негізгі бет » 2012 » Сәуір » 25 » [25.04.2012.] Намаз уақыттары қалта телефоныңызда


[25.04.2012.] Намаз уақыттары қалта телефоныңызда
16:28
Қазіргі күні ұялы телефон  байланыс үшін таптырмас құрал. Екімыңыншы жылдары ұялы телефоны бар адамға таңданыспен қарайтынбыз. Дегенмен заман өзгере келе, телефоны жоқ жанға таңырқай қарайтын күйге жеттік.
Интернет дамыған сайын хабар алмасу жеңілдеп келеді. Мұсылманның күнделікті өміріндегі маңызды ісінің бірі ол намаз. Ал намаз уақытпен тығыз байланысты. Ақпараттың дамыған заманында намазхан бауырлар үшін жаңа мүмкіндік туды: iPhone және Android телефондарына арналған арнайы бағдарлама жасалды.
Бағдарламаны Құран.Кз (kuran.kz) сайтын жасаушылар жасады. Осы күндері діни сайттарды қарасаңыз намаз уақыттары деп ҚР көптеген қалаларының намаз уақыттары берілген виджеттерді көресіз. Аталмыш сайттарға арналған намаз уақттарын Намаз.Құран.Кз (namaz.kuran.kz) сайты жасаған болатын. Осы сайтқа кірсеңіз ішінде еліміздің облыс орталықтары мен ірі шаһарлардағы намаз уақыттары көрсетілген. Сайттағы намаз уақыттары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен уақытпен көрсетіледі. Сайттан намаз уақыттарын көріп, өзіңізге айлық кестені жүктеп әрі блог немесе сайтыңызға кодтарын алып орнатуыңызға да болады.
Енді сайт жасаушылары намаз уақыттарын телефонға арнап жасап шықты. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Аталмыш мүмкіндікті пайдалану үшін телефон арқылы айына бір рет интернетке қосылып тұру жеткілікті. Бұл  мұсылмандар үшін парыз болған бес уақыт намазын өз уақытында оқып тұру үшін жасалған ыңғайлы әрі пайдалы бағдарлама.
 Бағдарламаны жүктеу үшін namaz.kuran.kz/sajde/ сілтемесі арқылы кіресіз. Бағдарламаны аталмыш беттің төменгі жағында көрсетілген AppStore және Google play арқылы алуға болады.
Google play андройд телефондарға арналған. AppStore эйплге арналған. Игіліктеріңізге пайдаланыңыздар.
Ұлықбек Алиакбарұлы.
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 5824 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Сәуір 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0