Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:38
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 1584
 

Негізгі бет » 2010 » Ақпан » 3 » Мектеп бағдарламасына енгізілген дінтану негіздері факультативі


Мектеп бағдарламасына енгізілген дінтану негіздері факультативі
22:24
Міне бұл мектеп бағдарламасына енгізілген «Дінтану негіздері» факультативінің алғашқы сабақтарынан үзінді. Бүгінгі сабаққа арқау етілген тақырып – «Түркі дүниетанымындағы тәңірлік сенім және діни ілім ерекшеліктері». Мұғалім жаңа сабақты түсіндірмес бұрын алдымен өткен сабақты қайталаудан бастады, яғни фетишизм, тотемизм, анимизм, шаманизм, магия секілді алғашқы қауымдық сенімдер жайын талқылады. Осы пәнге деген қызығушылығынан ба оқушылардың сабаққа белсене қатысып отырғанын біз де байқадық. Оқытушының берген сауалдарына тұшымды жауаптар беріп жатты. Жаңа тақырып барысында түркілердің наным-жоралғылары, Тәңірге жалбарынып, құрбандық шалған дәстүрлері жан-жақты баяндалды.
Білім министрлігі мәлімдегендей,«Дінтану негіздерін» тарихшы мамандар өткізуі тиіс. Міне, осыған сәйкес қаламыздағы іргелі оқу ошағы 15 мектеп –гимназиядағы бұл пәнді жүргізу тарих пәнінің мұғалімі Мұхтар Искаковқа жүктелді. Сабаққа кіріспес бұрын ол алдымен осы факультатив оқытушыларын даярлайтын арнайы курсқа және республика деңгейінде өткізілген семинарға қатысып, тәжірибе жинақтап қайтты.
Мұхтар Искаков – 15 мектеп-гимназия директорының орынбасары, «Дінтану негіздері» факультативінің мұғалімі
Бұл курста  әлемдік дәстүрлі діндердің пайда болуы, олардың ерекшелікетері жайы, сабақты қай тұрғыдан өткізу тиімді екендігі түсіндірілді. Арабиядан, Түркиядан келген мамандар дәріс жүргізді. Дінтануды ғылым ретінде қарау керектігі айтылды...
Үшінші тоқсаннан бастап 9-сыныптың сабақ кестесіне енгізілген бұл факультативке оқушылардың ықыласы да жаман емес.
Дидар Мақашева – 15 мектеп-гимназиясының оқушысы
әрбір саналы адам діннің не екенін ұғып білуге  міндетті. Біз осы сабақтан көптеген діндер жайында оқып білеміз. Бүгінгі сабақтан біз түркілердің діни сенімі жайында мәлімет алдық
Облыстағы жалпы дінтану сабағының ұйымдастырылу барысын білмек болып облыстық білім басқармасына жолықтық. Әңгіме барысында байқағанымыз – дінтану сабағына қатысты ұсыныс-тілектерді айтып келушілер де жоқ емес екен.
Жаңыл Жонтаева – облыстық білім беру басқармасының бастығы
облыс мұғалімдері бірнеше дайындық курсынан өтті, сертификаттарын алды, оқу бағдарламасымен танысты. Жаңа пән, жаңа бағдарлама болғандықтан оның проблемалары да жоқ емес. Көбінесе оқулықтарға қатысты болады. Сондай-ақ молдалар да келіп біз де сабақ берсек қалай болады деп келіп жатады. Бірақ Білім министрінің тапсырмасы бойынша тек тарих пәнінің мұғалімі осы сабақты жүргізуге рұқсаты бар деп түсіндіріп айтамыз
«Дінтану негіздері» факультативі жаңадан енгізілгендіктен осы сабақтан беретін мұғалімдерді қайта даярлау жұмыстарын жиі жүргізудің қажет екені анық. Сондықтан облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты біраз ауқымды шараларды қолға алып отыр: «Дінтану негіздерінен» ілім беретін мұғалімдерге көмекші құрал ретінде арнайы еңбек әзірленіп, облыс мұғалімдеріне үлестіріліп берілді. Оқу курстарын ұйымдастыру қарқыны да жаман емес.
«Дінтану негізлері» факультативі енгізілгендіктен енді оқушылардың санасына дін туралы дұрыс түсінікті ұялату үшін көп жағдай мұғалімдере байланысты. Олай болса, ұстаздар қауымы да өздеріне жүктелген жауапкершілікті өз дәрежесінде атқарса дейміз.

Алмат ӘБДІРАМАН, Ермек ОРАЗБАҚОВ, «Асыл арна».
Категориясы: Асыл арна жаңалықтары | Көрілді: 5436 | Ендірген: Kattani_Kz | Рейтингі: 2.0/2 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: George

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4026
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0