Дүйсенбі, 23.Сентября.2019, 22:22
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 1659
 

Негізгі бет » 2011 » Қараша » 21 » [25.11.2011.] ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзі


[25.11.2011.] ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзі
18:53

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзі

(18 қараша, 2011 ж.)

Құрметті халайық, бауырлар!

Отандастарымыз біздің жүретін діни жолымыз, қазақтың хижабы яғни жаулығы, орамал туралы айтуды сұрап жатады.

 Исламда 4 мәзһаб бар. Соның ішінде біз Әбу-Ханифа мәзһабын ұстанамыз. Біздің жолымыз – осы мәзһаб және Әбу Насыр әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Ұлықбек сияқты бабаларымыз ұстанған ғылым жолы. Ал хижаб мәселесіне келсек, қазақ әйелдері, апаларымыз ешқашан жалаңбас, ашық-шашық жүрмеген. Сәукеле киген, орамал тартқан, жамылғы жамылған. Бірақ, ол хижаб деп аталмаған. Біздің қыздарымыздың киімі шариғатқа және әлбетте ұлттық әдет-ғұрпымызға, салт-дәстүрімізге сай болған.

 Жуырда діни басқарма Алматыдағы Балуан-Шолақ спорт сарайында «Әсем киім – әйел көркі»  деген байқау өткізді. Онда әйел затына сәнді, әрі шариғатымызбен де үйлесетін киімдер үлгісінің бай көрмесі көрсетілді.

 Соңғы уақыттарда бірқатар ақпарат құралдары хижабқа қатысты сөзімді дұрыс түсінбей: «Бас мүфти хижабты кимеуге шақырды», «орамал тақпау керек» деп ұрандатып ала жөнелгенін өкінішпен көрдім. Әйел затының шариғат бойынша киінуі мен орамал тағуының дініміздегі үкімі – парыз. Бұл мұсылман үшін талқыланбайтын әмір. Құран кәрімнің «Ән-Нұр» сүресінде бұл жайлы анық айтылған: «Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалдарын жағаларының ойығын жабатындай етіп тақсын...».

 Менің сөзім қазақ қыз-келіншектерінің киген киімі, таққан орамалы біздің ана тілімізде хижап деп аталмағанына ғана қатысты еді.

Ата бабаларымыз еш уақытта қасиетті Құранның бұйрығына қарсы шықпаған. Керісінше, өздерінің мәдениетіне, әдет-ғұрпына, діліне сай етіп небір әсем киім үлгілерін жасап шығарған. Олардың Құран талаптарына қайшы келмеуін басты назарда ұстаған.

 Негізінде, мұсылманша киімді қазақыландырып киюге шариғат бойынша рұқсат. Өйткені Құранда парыз етілген киім үлгісі  «қара, жасыл түсті болсын», деген секілді нақты әрі қатаң форма көрсетілмеген.  Олай болса, әйел баласы өзінің дене бітімін қатты кескіндемейтіндей кең, денесін көрсететіндей жұқа емес және  жүзі, екі қолы, тобықтың төменгі жағынан тыс басқа барлық жерлерін жабатындай кез-келген киім үлгісін таңдап киюіне болады. Демек әйел кісінің Құран өлшемдерінен шықпау шартымен сәнді әрі өзіне жарасымды, эстетикаға сай киім киюіне еркі бар. Олай болса бүгін де заман талабы мен ұлттық түсінігімізге сай мұсылманша киім үлгілерін тігуге неге болмасын?

 Біз кимешек деген кезде көбінесе, тек әжелеріміздің бас киімін елестетеміз. Шындығында, олай емес. Жоғарыда айтылғандай қыздарымыз қазақы дүниетанымға сай ою-өрнектермен безендірілген бас киімнің түр-түрін киген. Олай болса, халқымыздың тұрмысында кеңінен қолданылған кимешекті хижабтың ұлттық бір нұсқасы дей аламыз.

Бүгінгі таңда қыздарымыз кимешек кимейді. Сәукелені тек сахна мен Наурыз тойлардан көреміз. Енді не істеу керек? Қыздар Алла тағаланың бұйрығын орындағысы келеді. Амал жоқ, базарда сатылымда тұрған киімдерді алады да киеді. Бұған қыз балалар кінәлі емес. Олар қажеттіліктен солай жасап отыр. Оның үстіне, біз зайырлы мемлекетте өмір сүреміз.

Шариғат талабына сай, қазақы нақыштармен әрленген, заманға сай тігілген киім үлгілеріне байқау жариялап, өткіздік. Көптеген дизайнерлер қатысып, бар өнерлерін салды. Сөйтіп осы үш шартты талап ете отырып, қазақстандық дизайнерлердің еңбектерін саралап көрдік. Енді осы сәтті шыққан киім үлгілерін кәсіпкер азаматтар қолға алып, қыз балаларымыз тап болып отырған осы бір мәселені шешуге өз үлестерін қосар деген үміттемін.


 


Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары. | Көрілді: 1486 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 2
23.Ноября.2011 Спам
2. dinislam.kz (Dinislam_Kz)
ия дұрыс айтасың, ресми сайтардан көрген дұрыс....

[пікірдің сілтемесі]
22.Ноября.2011 Спам
1. Hayrulla (Hayrulla)
Кейбір коммерциялық телеарналар мен газеттер ақпаратты көпе-көрнеу бұрмалап беруді әдетке айналдырып алды. Әсіресе, дін мәселесіне келгенде тіптен өрекпіп кетеді. Сенсация іздегіш жорналшылар сөзіне сенуге бомайды. Сол себептен діни мәліметтерді тек құзырлы діни сайтардың өзінен алған дұрыс.

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қараша 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0