Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:24
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 4155
 

Негізгі бет » 2011 » Наурыз » 28 » [28.03.2011.] ҚМДБ-ның ОҚО өкіл имамының «Имам Ағзам Әбу Ханифаға айтылған сындар және оған берілген жауаптар» атты кітапшасы жарық көрді


[28.03.2011.] ҚМДБ-ның ОҚО өкіл имамының «Имам Ағзам Әбу Ханифаға айтылған сындар және оған берілген жауаптар» атты кітапшасы жарық көрді
00:29

Шымкент қаласындағы Орбадасы алаңында орналасқан облыстық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің ұйытқы болуымен дәстүрлі түрде Шымкент қаласына қарасты мешіттері арасында көшпелі діни ағарту семинары өтіп келеді.

Жалпы, мұндай діни семинарлар облыстағы барлық аудан, қала мешіттерінде ұйымдасытырылып, оған облыстық «А.Қаттани» мешіттінің найб имамдары тұрақты түрде қатысуда.

Бұл көшпелі діни ағарту семинарының мақсаты мешіт имам, молдаларының заман талабына сай діни білімдерін арттыру болып табылады.

Бұл семинарға Шымкент қаласына қарасты 40-тан астам мешіт тұрақты түрде қатысып келеді.

Кезекті семинар Шымкент қаласына қарасты «Хазрет Әли» мешітінде өтті.

Бұл семинардың ерекшелігі ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам Б.Мырзагелдиевтің «Имам Ағзам Әбу Ханифаға айтылған сындар және оған берілген жауаптар» атты кітапшасының тұсау кесері болып өтті. Өкіл имам өз сөзінде: «Қазіргі кезде ештеңеден қаймықпай, Имам Ағзам Әбу Ханифаға білімсіздікпен тіл тигізіп қойып жатқан азаматтарды көргенде ішіңнен қынжыласың. Болып жатқан жайттарды ескере келіп, Хижаз, Басра, Шам, Хорасан елдерінің атақты ғалымдарының Әбу Ханифаға сын пікірлерді көптеп келтіріп, соңынан райынан қайтқандығы жөнінде дәлелдер келтіріп, қолыңыздағы кітапшада баяндауды жөн көрдік» деп айтты.

Бүгінгі таңда, түрлі кереғар ағымдардың жетегінде жүрген жастарымыз білімсіздіктен Имам Ағзамға түрлі сөздер айтып қоятыны бар.

Осындай көзқарастағы жастарға бұл еңбектің берері мол. Кітапша 2000 мың таралыммен жарық көрді. Бұл еңбек облыстағы барлық мешіттердегі имам, молдаларға және кітапханаларға тегін таратылып берілуде. Ақпарат көзі: www.kattani.kz

Категориясы: Хабарландырулар, құттықтаулар | Көрілді: 1299 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Наурыз 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: George

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4026
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0