Бейсенбі, 21.Ноября.2019, 04:27
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 1584
 

Негізгі бет » 2010 » Қазан » 30 » [30.10.2010.] Мәдина қаласын зиярат ету


[30.10.2010.] Мәдина қаласын зиярат ету
23:51
Мәдина қаласын, Пайғамбардың с.а.с. мешітін және қабірін зиярат ету-қажылыққа қатысы жоқ жеке амал. Адамдардың көпшілігі Меккеге қажылық және умра сапарымен барғанда, жолда Мәдинаға да ат басын бұратындықтан, ғалымдар Мәдинаны зиярат етуді қажылық кітабынан кейін жазатын болған.
Мәдинадағы Пайғамбарымыздың с.а.с. мешітін зиярат ету және Аллаһ елшісіне с.а.с. сәлем беру нәпіл амалдарға жатады және бұл зияраттың белгіленген уақыты жоқ. Адам өз қалауы бойынша кез келген уақытта зиярат етуіне болады. 
Мәдина қаласындағы Пайғамбардың с.а.с. мешітіне арнайы зиярат ниетімен баруға қатысты ғалымдар арасында ешқандай пікірталас жоқ. Барлық ғұламалардың пікірінше, Пайғамбардың с.а.с. мешітін зиярат ету - мустахаб амал.  Себебі Аллаһтың елшісі с.а.с.: «Үш мешіттен басқа (мешіттерді құлшылық мақсатымен зиярат ету үшін) сапарға шығуға болмайды: мына менің мешітім, Харам мешіті және Ақса мешіті», - деп айтқан (әл-Бұхари, Муслим).
Аллаһ елшісінің с.а.с. қабірін зиярат етудің үкіміне байланысты ғалымдар әртүрлі пікір ұстанады. Көпшілік ғалымдар оның мандуб (мустахаб) екендігін айтқан. Кейбір мәликилер мен заһирилер[1] «Аллаһ елшісінің с.а.с. қабірін зиярат ету - уәжіп» десе, ханафилер оны уәжіпке жақын дейді.
Шариғатта қабірлерді зиярат ету жалпы мандуб болса, Пайғамбардың с.а.с. қабірін зиярат ету - ерекше мандуб амал. Себебі әрбір мұсылман Аллаһтың елшісін с.а.с. басқалардан, ата-анасынан, бала-шағасынан тіпті өзінен де артық жақсы көруі әрі құрметтеуі керек.
«Фиқһ әл-ғибадат» кітабы. Кәусар-саяхат баспасы. 511 бет.

[1] Заһири - Қүран мен сүннеттің астарына үңілместен, сыртқы мағынасына қарап, үкім беретін топ.
Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 848 | Ендірген: Admin | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: tysya

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4027
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0