Бейсенбі, 21.Ноября.2019, 04:00
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 1584
 

Негізгі бет » 2010 » Қазан » 29 » [29.10.2010.] Әйелдердің қажылығы және оларға ғана қатысты үкімдер


[29.10.2010.] Әйелдердің қажылығы және оларға ғана қатысты үкімдер
12:45
1.Қажылық жасауға жағдайдың келу-келмеу мәселесінің үкімі еркектер мен әйелдер үшін бірдей. Тек, әйелдердің қасында махрамы болуы және идда мерзімінің аяқталуы керек.
2. Әйелдердің арнайы ихрам киімдері жоқ, олардың ихрамы жүзін және екі қолын білезікке дейін ашу арқылы жүзеге асады. Яғни әйелдерге қажылық кезінде жүзін және қолдарын жабуға рұқсат етілмейді. Тек бөтен еркектердің жанынан өткен кезде, беттерін көйлектерінің жеңімен, жаулықтарының ұшымен немесе басқа бір затпен көлегейлеуге болады.
Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге мухрим[1] болган кезімізде көліктілер (аттылар) біздің қасымыздан өтетін. Егер олар бізбен қатарласса, біздің біреулеріміз басынан жилбабып[2] түсіріп, жүзін жабатып. Олар өтіп кеткеннен кейін оны (жилбабты) қайта ашатынбыз», - деген[3].
3. Қажылық сапарға шыққан әйелге ихрамға кіргенге дейін не кіргеннен кейін хайыз немесе нифас қаны келсе, ол қажылығын жалғастыра береді. Тек хайыздан немесе нифастан тазарғанға дейін тауап жасамайды. Сонымен қатар етеккірдің келуін уақытша тоқтататын дәрілерді қабылдауына да болады.
4. Әйелдер ихрам кезінде киген киіміне ихрам халіне өткенге дейін және одан кейін иіссу сеппейді және тәлбияны даусын көтеріп айтпайды.
5. Тауаптың алғашқы үш айналымында және сағида екі жасыл белгі арасында ерлер секілді жылдам жүрмейді, баяу жүріспен өтеді.
6. Қажылықтың барлық уақытында, мүмкіндігінше адамдар тығыз жерден алшағырақ жүреді.
7. Әйелге Муздалифада түнемеуге рұқсат етіледі.
8. Әйелдер шашын толық алдырмайды, олар тек шаштарының ұшынан аз ғана қысқартады.
9. Егер қажылық аяқталып, әйелдің қасындағы күйеуі немесе махрамы қайтатын болса, әйелге қоштасу тауабын жасау міндет емес. Мұндай кезде қоштасу тауабы оның мойнынан түседі және ол үшін ешқандай жаза өтемейді.
10.Әйел өзінің жеке байлығынан қажылық жасайды, оны қажылыққа алып бару күйеуінің міндеті емес. Тек күйеуі өз қалауымен оны қажылыққа алып баратын болса, өте жақсы.
«Фиқһ әл-ғибадат» кітабы. Кәусар-саяхат баспасы. 444 бет.


[1] Мухрим - қажылықты ниет етіп, ихрам халіне өткен адам.
[2] Жилбәб - ұзын, бүкіл денені жауып түратын әйелдер киімі.
[3]  Сунән Әбу Дауд, Китәб әл-хаж, 1562.
Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 731 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: tysya

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4027
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0