Бейсенбі, 21.Ноября.2019, 03:47
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 1659
 

Негізгі бет » 2010 » Қазан » 30 » [30.10.2010.] Бәдәл қажылық (біреудің атынан қажылық жасау)


[30.10.2010.] Бәдәл қажылық (біреудің атынан қажылық жасау)
23:58
Шариғатта басқа адамның атынан қажылық ғибадатын өтеуге рұқсат етілген. Ол «бәдәл хаж» деп аталады.
Егер қажылықты өтеуге адамның денсаулығы жарамаса, ол бір адамның қажылыққа жұмсайтын бүкіл қаражатын көтеріп, оны өзінің атынан қажылық ғибадатын өтеу үшін уәкіл етуі керек. Бірде бір әйел Пайғамбарға с.а.с. келіп: «Менің әкем - атқа отыруға шамасы келмейтін қария адам. Оның атынан қажылық жасасам бола ма?» - деп сұрайды. Сонда Пайғамбар с.а.с.: «Иә», - деп жауап береді (әл-Бұхари, Муслим).
Бұл хадистен басқа адамның атынан қажылық жасауға рұқсат ететін көптеген хадистер бар. 
Бәдәл қажылығының дұрыс болу шарттары:
1. Адамның қажылықты өзі өтеуіне қайтыс болғанға дейін шамасы келмеуі. Мысалы, сал ауруымен ауыруы, көзі соқыр болуы сияқты айығудан үміті аз дертті халде болуы. Ал уақытша ауру болса айыққанша күтеді. Сол секілді түрмеде жатса, бостандыққа шыққанын күтеді. Бұдан мынадай үкімдер шығаруға болады:
- егер уақытша ауырып немесе түрмеде жатқанда, оның орнына басқа біреу бәдәл қажылығын өтейтін болса және ол ауруынан айықпастан не түрмеде қайтыс болса, оның орнына жасалған қажылық парыз қажылығы ретінде жүреді. Егер ауруынан айықса немесе түрмеден шықса, оның орнына жасалған қажылық нәпіл қажылығы болып есептеледі де, парыз қажылығын өтеу міндеті оның мойнынан түспейді;
- егер ауруынан айығады деген үміті жоқ адамның атынан бәдәл қажылығын жасағаннан кейін, Аллаһтың қалауымен әлгі адам ауруынан айығатын болса, оның атынан жасалған қажылық парыз қажылығының орнына жүреді де, оған қайта парыз қажылығын жасау міндет болмайды.
2. Қажылық ниеті дұрыс болу үшін қажылықты кімнің атынан жасайтын болса, соның бұйрығымен немесе келісімімен бәдәл қажылық жасалады. Егер бәдәл қажылық оның рұқсатынсыз жасалатын болса, парыз қажылығының орнына жүрмейді.
3. Қажылық шығынының барлығын не көпшілігін өзінің атынан қажылық жасалатын адам көтеруі керек.
4. Бәдәл қажылығы өтелетін, яғни қажылық парыз болған адамның елінен қажылыққа баруды талап етеді. Бірақ қазіргі кездегі көптеген ғалымдар «қажылық парыз болғанымен, өтеуге денсаулығы жарамайтын немесе дүниеден өтіп кеткен адамның атынан Меккеден болса да, бәдәл қажылығын жасауға» болады деген пікір ұстанады.
5. Егер бәдәл қажылығын өтеу міндеті нақты бір адамға жүктелсе, оған бұл міндетті екінші бір адамға тапсыруына болмайды.
6. Бәдәл қажылығын орындаушымен ақы төлеу шартын жасасуға болмайды. Бәдәл қажылығын орындаушыға тек қажылық кезінде кететін өзінің және отбасының шығынын ғана төлеу керек.
7. Бәдәл қажылығын мойнына алған кісі оны адал әрі дұрыс орындауы тиіс. Егер ол қажылығын бұзып алса, оны қажылыққа жіберген адамның да қажылығы бұзылды деп есептеледі.
8. Бәдәл қажылығын орындаушы қажылықты қажылық міндетін тапсырушы адамның ниеті мен бұйрығына сай жасауы керек. Яғни ол ифрад қажылығын жаса десе, ифрад қажылығын, қиран қажылығын жаса десе, қиран қажылығын жасауы керек.
9. Бәдәл қажылығын өтеуші бір мезетте екі ихрамға ниет ете алмайды. Яғни алдымен қажылық міндетін өтеуді жүктеген адамның, одан кейін өзінің не екінші біреудің атынан ихрамға кіре алмайды. Тек қажылық амалдары біткеннен кейін өзінің немесе басқа біреудің атынан умра жасауына болады. Бірақ осы умраға кеткен шығынды өзі төлеуі қажет.
Ескерту: ханафи, мәлики мазһабтарында және имам Ахмадтан жеткен бір риуаятта өзінің парыз қажылығын өтемеген адамның басқа біреудің атынан бәдәл қажылығын жасауы мәкруһ. Ал шафиғи мен ханбали мазһабтарында өзінің парыз қажылығын өтемеген адамға басқа біреудің атынан бәдәл қажылығын өтеуге болмайды[1].
Өйткені Аллаһ елшісі с.а.с. бір адамның «Ләббәйкә ъан Шубурма»[2], дегенін естіп: «Шубурма деген кім?» - деп сұрайды. Ол: «Мепің бауырым», - дейді. Аллаһ елшісі с.а.с.: «Өзің қажылық жасадың ба?» - деп сұрайды. Әлгі адам: «Жоқ», - деп жауап береді. Сонда Пайғамбар с.а.с.: «Алдымен өзіңнің атыңнан, одан кейін Шубурманың атынан қажылық жаса», - деген (Әбу Дауд, Ибн Мәжәһ, Ахмад).
 
Қосымша үкімдер:
1. Кімде-кім қажылық парыз болғаннан кейін ажалының жақындағанын сезсе, ол мұрагерлеріне өзінің атынан қажылық жасауды өсиет етіп кетуі керек.
2. Қайтыс болған адамның артына қалдырған мұрасының үштен бірінен қажылық қаражаты шығарылады. Егер оның артында қалған байлығының үштен бірі қажылыққа жеткіліксіз болса, Мекке қаласынан болса да оның атынан бәдәл қажылығын өтеуге болады.
3. Біреудің атынан жасаған нәпіл бәдәл қажылығы кезінде жоғарыда келген шарттарды орындау міндетті емес. Себебі нәпіл ғибадат адамның еркіне берілгендіктен, одан ол шарттарды сақтау талап етілмейді.
«Фиқһ әл-ғибадат» кітабы. Кәусар-саяхат баспасы. 508 бет.


[1] Әл-Муғни фи фиқһ әл-хажжи уа әл-умра, 50-51.
[2] Яғни Шубруманың атынан қажылық жасауды ниет еттім.
Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 899 | Ендірген: Admin | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: tysya

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4027
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0