Дүйсенбі, 23.Сентября.2019, 22:22
негізі бет
· RSS
сайт мәзірі
сұхбат - соңғы жазулар
•  Болашақ жар таңдаймын... (13)
•  Мұсылманша неке қию (40)
•  Түс көру туралы... (27)
•  Танысу бұрышына қош келдіңздер... (6)
•  Келіңіздер танысалық (15)
•  «Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» (74)
•  Нұр-Мүбарак университетіне түсемін деушілерге дайындық курст (1)
•  Ертіс бойындағы әсем қала - Павлодар!!! (5)
•  Болашақ жарым болуға қандай талап қояр едіңіз? (5)
•  Шырайлы Шымкент. (7)
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 4155
 
Негізгі бет » Жаңалықтар мұрағаты
Әлем жаңалықтары [563]
ТМД, Европа, Америка, Таяу Шығыс, Қиыр Шығыс, Араб әлемі және т.б. елдерден хабарлар...
ҚМДБ жаңалықтары. [70]
"Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының" жаңалықтары, хаттамалары және қаулылары.
Білгім келген бір сұрақ.... [21]
Сайтымызға келген хат қоржын..
Еліміздің соңғы жаңалықтары [460]
Қазақ Елінің аймақтарынан келген соңғы діни және басқа да жаңалықтар бөлімі....
Видео жаңалықтар бөлімі [33]
Ғаламтордағы вебторабтардың видео жаңалықтары (қазақ, орыс, түрік және т.б. тілдерде)
Хабарландырулар, құттықтаулар [91]
Еліміздің телеарналары мен радиотолықандарында берілетін мұсылманша діни бағдарламалар жайлы және басқа да мағлұматтар, құттықтаулар.
ТМД жаңалықтары [70]
Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына мүше елдердің діни және басқа жаңалықтары.
Орта Азия жаңалықтары [14]
Өзбек, қырғыз, тәжік, әзірбайжан, түркімен елдерінен келген соңғы жаңалықтар бөлімі
Уағыз-насихат бөлімі [187]
Аллаһ тағаланың құзырында қабыл болатын дін, тек Ислам ғана.
Өзекті мәселе.... [337]
Сіз бұған не дер едіңіз? Пікіріңіз құр қалмасын!
ҚазНеттегі діни сайттар [4]
Бұл бетте ҚазНеттегі діни сайттар, жаңадан ашылған діни сайттар жайлы біле аласыздар..
Асыл арна жаңалықтары [4]
Сіз мұнда "Асыл арна" ислами телеканалының жаңалықтарын оқи аласыз..
Қазақстан және ИКҰ (ОИК) [4]
Қазақстан Ислам конференциясы ұйымын басқарады

« 1 2 ... 4 5 6 7 8 ... 188 189 »
[26.04.2012.] Қаттани мешіті: «Ерлер сауат ашу курсы»
Құран оқып үйрену, намазда оқылатын қысқа сүрелерді және намаз оқып үйрену, намазға байланысты мәселелер т.б. Дәріс беруші ұстаз: Түркияның Қожаелі қаласының «Үш төбелер» мешітінің имамы Дәуіт Варлы.
Сабаққа келушілердің жастары шектелмеген. Сабақ аптасына 5 күн болады. Сенбі жексенбі демалыс. ... Жалғасын оқу »

Категориясы: Хабарландырулар, құттықтаулар | Көрілді: 1377 | Уақыты: 26.Апреля.2012 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
[26.04.2012.] Астана медресесі шәкірттері «Мұхтасар әл-уиқая» кітабының кезекті үш тарауы бойынша емтихан тапсырды
Астана медресесі шәкірттері «Мұхтасар әл-уиқая» кітабының кезекті үш тарауы бойынша емтихан тапсырды деп хабарлайды "Нұр Астана" мешітінің ресми сайты. 
Медресенің 2-курс шәкірттері «Мұхтасар әл-уиқая» кітабының кезекті үш тарауы бойынша емтихан тапсырды. Олар: атақ, яғни құл азат ету; мукатәб, яғни құлды азат ету мақсатында келісімшарт негізінде оған қолхат беру; әйман (серт, ант) және оның үкімі мен шарттары. ... Жалғасын оқу »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары. | Көрілді: 1383 | Уақыты: 26.Апреля.2012 | Пікірлер: (1) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
[25.04.2012.] Ұлықбек Әлиакбарұлы: "Сыр бойындағы ежелгі қалалар"
Негізгі тақырыпқа кіріспес бұрын Сыр бойындағы қалалар тарихына қалам тербеген адам жайлы сөз қозғағанымыз жөн болар. Мақаламыздағы қалалар жайлы мәліметтердің көпшілігі ағылшын тарихшысы Гай Лэ Стрэндждің (Guy Le Strange) «The Lands of the Eastern Caliphate» («Шығыс Халифат елдері») кітабынан және аз ғана бөлігі Бартольдтың «Орта Азиядағы түріктердің тарихы» кітабынан алынды.   ... Жалғасын оқу »

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 1954 | Уақыты: 25.Апреля.2012 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
[25.04.2012.] Намаз уақыттары қалта телефоныңызда
Қазіргі күні ұялы телефон  байланыс үшін таптырмас құрал. Екімыңыншы жылдары ұялы телефоны бар адамға таңданыспен қарайтынбыз. Дегенмен заман өзгере келе, телефоны жоқ жанға таңырқай қарайтын күйге жеттік.
Интернет дамыған сайын хабар алмасу жеңілдеп келеді. Мұсылманның күнделікті өміріндегі маңызды ісінің бірі ол намаз. Ал намаз уақытпен тығыз байланысты. Ақпараттың дамыған заманында намазхан бауырлар үшін жаңа мүмкіндік туды: iPhone және Android телефондарына арналған арнайы бағдарлама жасалды. ... Жалғасын оқу »

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 5894 | Уақыты: 25.Апреля.2012 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
[24.04.2012.] Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"

Алдымен «медиа» сөзіне тоқталсақ, ол ақпарат беру деген мағынаға саяды. Ескі заманда тас бетіндегі жазбалар болса, олар кейінгі заманда қағаз бетіне түсті, одан соң дауысты жазып алу мүмкіндігі пайда болды. Кешегі ғасырда адамды суретке және бейнетаспаға түсіруге қол жеткізілді. Осы жазбалардың барлығы тарату үшін жазылды. Аталмыш ақпараттарды «медиа» деп атаймыз. Медианың ескі және жаңа түрлері пайда болды. Ескілері – жоғарыда айтып өткендерім. Ал жаңасы – интернетке қатысты. Ескі медианы «дәстүрлі медиа» деп те атайды.  ... Жалғасын оқу »

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 647 | Уақыты: 24.Апреля.2012 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
[24.04.2012.] Католик дінінің күні батып, Исламның таңы атуда
Бұл Франциядағы діни ахуалды зерттеген мамандардың шығарған қорытындысы. Олардың айтуынша, қазіргі күні де дін ұстанушы мұсылмандар саны өз дініне берік католиктерден асып түскен. Мәселен, ресми тұрғыда Франция халқының 64 пайызы өздерін католикпіз дегенімен, солардың тек 2,9 пайызы ғана шіркеу міндеттерін тұрақты орындайды екен. Ал бес уақыт намаз оқитын мұсылмандар ел халқының 3,8 пайызын құраған. Олардың көбі Францияның бұрынғы Солтүстік және субэкваторлы Африкадағы колонияларынан шыққандар.  ... Жалғасын оқу »

Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 1189 | Уақыты: 24.Апреля.2012 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
[14.04.2012.] ҚМДБ: Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс VI құрылтайы өтті
2012 жылдың 14 сәуірінде Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Ислам мәдениеті университетінде Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс VI құрылтайы өтті. Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы, Қайрат Лама Шариф, зиялы қауым өкілдері, өкіл имамдар, діни басқарма қызметкерлері қатысты. Құрылтайда ҚМДБ Төралқа мәжілісінде мақұлданған жаңа Жарғы бекітілді. Жарғы мәтіні құрылтайда толық оқылды. ... Жалғасын оқу »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары. | Көрілді: 880 | Уақыты: 14.Апреля.2012 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
[24.12.2011.]Жаңа жыл жайлы не білеміз?

Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. Ол мейрам қайдан шықты, кімдер тойлаған еді және жаңа жылмен христиан дінінің қатынасы бар ма?. Қала берді жаңа жыл туралы мұсылмандар қандай ойда немесе ол мейрамның мұсылмандарға қаншалықты қатысы бар?
Алдымен айтармыз: Кеңес Одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынған болатын. Тек 1937 жылы ғана Сталиннің бұйрығымен 1 қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат берілді. 1937 жылға дейінгі шыршалардың басында 8 бұрышты жұлдыз болған, тек 1937 жылы Кеңес Одағының үкімі бойынша 8 жұлдыздың орнына 5 жұлдыз қолданылатын болды. ... Жалғасын оқу »

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 2938 | Уақыты: 24.Декабря.2011 | Пікірлер: (2) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
[24.12.2011.] kattani.kz сайтының администраторы Wiki-Бәйге жеңімпазы атанды
2011 жылдың 16 маусымында «Wikibilim» қоғамдық қоры «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры және «Нокиа» компаниясының қолдауымен Wikipedia ашық энциклопедиясындағы қазақ тіліндегі мақалалардың саны мен сапасын арттыру мақсатында бәйге ұйымдастырылған болатын. ... Жалғасын оқу »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары. | Көрілді: 1655 | Уақыты: 24.Декабря.2011 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
[25.11.2011.] ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзі

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзі

(18 қараша, 2011 ж.)

Құрметті халайық, бауырлар!

Отандастарымыз біздің жүретін діни жолымыз, қазақтың хижабы яғни жаулығы, орамал туралы айтуды сұрап жатады.

 Исламда 4 мәзһаб бар. Соның ішінде біз Әбу-Ханифа мәзһабын ұстанамыз. Біздің жолымыз – осы мәзһаб және Әбу Насыр әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Ұлықбек сияқты бабаларымыз ұстанған ғылым жолы. Ал хижаб мәселесіне келсек, қазақ әйелдері, апаларымыз ешқашан жалаңбас, ашық-шашық жүрмеген. Сәукеле киген, орамал тартқан, жамылғы жамылған. Бірақ, ол хижаб деп аталмаған. Біздің қыздарымыздың киімі шариғатқа және әлбетте ұлттық әдет-ғұрпымызға, салт-дәстүрімізге сай болған.

 Жуырда діни басқарма Алматыдағы Балуан-Шолақ спорт сарайында «Әсем киім – әйел көркі»  деген байқау өткізді. Онда әйел затына сәнді, әрі шариғатымызбен де үйлесетін киімдер үлгісінің бай көрмесі көрсетілді.

 Соңғы уақыттарда бірқатар ақпарат құралдары хижабқа қатысты сөзімді дұрыс түсінбей: «Бас мүфти хижабты кимеуге шақырды», «орамал тақпау керек» деп ұрандатып ала жөнелгенін өкінішпен көрдім. Әйел затының шариғат бойынша киінуі мен орамал тағуының дініміздегі үкімі – парыз. Бұл мұсылман үшін талқыланбайтын әмір. Құран кәрімнің «Ән-Нұр» сүресінде бұл жайлы анық айтылған: «Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалдарын жағаларының ойығын жабатындай етіп тақсын...».

 Менің сөзім қазақ қыз-келіншектерінің киген киімі, таққан орамалы біздің ана тілімізде хижап деп аталмағанына ғана қатысты еді. ... Жалғасын оқу »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары. | Көрілді: 1485 | Уақыты: 21.Ноября.2011 | Пікірлер: (2) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қыркүйек 2019  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0