Сейсенбі, 12.Ноября.2019, 04:02
негізі бет
· RSS
сайт мәзірі
сұхбат - соңғы жазулар
•  Қадыр түні және тағдыр (3)
•  Болашақ жар таңдаймын... (14)
•  Мұсылманша неке қию (40)
•  Түс көру туралы... (27)
•  Танысу бұрышына қош келдіңздер... (6)
•  Келіңіздер танысалық (15)
•  «Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» (74)
•  Нұр-Мүбарак университетіне түсемін деушілерге дайындық курст (1)
•  Ертіс бойындағы әсем қала - Павлодар!!! (5)
•  Болашақ жарым болуға қандай талап қояр едіңіз? (5)
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 1584
 
Негізгі бет » Уағыз-насихат бөлімі
Әлем жаңалықтары [563]
ТМД, Европа, Америка, Таяу Шығыс, Қиыр Шығыс, Араб әлемі және т.б. елдерден хабарлар...
ҚМДБ жаңалықтары. [70]
"Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының" жаңалықтары, хаттамалары және қаулылары.
Білгім келген бір сұрақ.... [21]
Сайтымызға келген хат қоржын..
Еліміздің соңғы жаңалықтары [460]
Қазақ Елінің аймақтарынан келген соңғы діни және басқа да жаңалықтар бөлімі....
Видео жаңалықтар бөлімі [33]
Ғаламтордағы вебторабтардың видео жаңалықтары (қазақ, орыс, түрік және т.б. тілдерде)
Хабарландырулар, құттықтаулар [91]
Еліміздің телеарналары мен радиотолықандарында берілетін мұсылманша діни бағдарламалар жайлы және басқа да мағлұматтар, құттықтаулар.
ТМД жаңалықтары [70]
Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына мүше елдердің діни және басқа жаңалықтары.
Орта Азия жаңалықтары [14]
Өзбек, қырғыз, тәжік, әзірбайжан, түркімен елдерінен келген соңғы жаңалықтар бөлімі
Уағыз-насихат бөлімі [187]
Аллаһ тағаланың құзырында қабыл болатын дін, тек Ислам ғана.
Өзекті мәселе.... [337]
Сіз бұған не дер едіңіз? Пікіріңіз құр қалмасын!
ҚазНеттегі діни сайттар [4]
Бұл бетте ҚазНеттегі діни сайттар, жаңадан ашылған діни сайттар жайлы біле аласыздар..
Асыл арна жаңалықтары [4]
Сіз мұнда "Асыл арна" ислами телеканалының жаңалықтарын оқи аласыз..
Қазақстан және ИКҰ (ОИК) [4]
Қазақстан Ислам конференциясы ұйымын басқарады

« 1 2 3 4 5 6 ... 18 19 »
[08.12.2010.] Мухаррам айының оразасы
"Рамазан оразасынан кейін оразаның абзалы - Аллаһ Тағаланың Мухаррам айының оразасы. Парыз намазынан кейін ең абзал намаз - түнгі (тәһәжжуд) намаз. Хадисті Әбу Һурайрадан р.а. Имам Муслим және Имам Тирмизи риуаят етті.
"Расулуллаһ с.а.с. Ашура (Мухаррам айының 10 күні) оразасын ұстап, оны өзгелерге де бұйырды.” Хадисті Ибн Аббастан р.а. Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті. ... Жалғасын оқу »

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 1003 | Уақыты: 08.Декабря.2010 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
[16.11.2010.] Құрбан айт намазы
Айт – араб тілінде "мейрам” деген мағынаны білдіреді. Айт намазын оқудың уәжіптігі Құран мен сүннетте айтылған. Біріншісі – Рамазан айты, екіншісі – Құрбан айт. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) екі айт намазын оқығаны жайлы хабар "тәуатүр” (бұлтартпас, анық) жолмен бізге жеткен. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алғашқы оқыған айт намазы – һижраның екінші жылындағы Рамазан айт намазы.
Бұл жайлы ибн Аббас: "Алла Елшісі (с.ғ.с.) Әбу Бәкір, Омарлармен бірге Рамазан айт намаздарына қатыстым. Барлығы да айт намазын хұтпадан бұрын оқыды” деген. Басқа бір хабарда ибн Аббас: "Алла Елшісі (с.ғ.с.) айт намаздарын азансыз, қаматсыз оқыды”, – деп риуаят еткен.  ... Жалғасын оқу »

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 1435 | Уақыты: 16.Ноября.2010 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Admin | Толығырақ
[02.11.2010.] Ихрам кезінде тыйым салынған амалдар (Махзурат әл-ихрам)
Кімде-кім қажылыққа ниет етіп, ихрамға кірсе, оған қажылықтың үкімдерін орындау және тыйым салынған амалдардан аулақ болу керек. Олар:
1.  Жыныстық қатынас, оны еске алу және соған алып баратын сүю, аймалау секілді барлық амалдар;
2.  Аллаһқа бойсұнбау және күнәлі істер;
3.   Басқа қажылармен, қызметшілермен және өзге адамдармен ұрсысу, бір нәрсеге таласу, жанжалдасу, оларға тіл тигізу. Тек өзінің ақысын талап етіп, ақиқат үшін сөз таластырып, өзін не жолдастарын қорғауына рұқсат етіледі.
Осы айтылған тыйым салынған амалдардың дәлелі Аллаһ тағаланың төмендегі аятында айтылған. 
«Кім осы айларда (өзіне) қажылықты парыз қылса (яғни қажылыққа баруды ниет етсе), онда қажылықта әйелге жақындасу, күнә істеу және жанжалдасу жоқ», - деген аятына негізделген (Бақара, 197).  ... Жалғасын оқу »

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 858 | Уақыты: 02.Ноября.2010 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Admin | Толығырақ
[01.11.2010.] Қажылық парыздары. Ихрам (қажылықтың бірінші парызы)
Қажылық парыздары - қажылықтың дұрыс болуы үшін міндетті түрде орындалуы керек амалдар. Егер адам қажылық парыздарының бірін тастап кетсе, қажылығы дұрыс болып саналмайды. Ханафи мазһабында қажылықтың үш парызы бар. Олар: ихрам, Арафатта тұру және парыз тауабын жасау. Кімде-кім осы аталған үш амалдың бірін орындамаса, оның қажылығы қабыл болмайды және мойнына жүктелген міндетінен құтылған болып есептелмейді. Басқа мазһабтарда сағи жасау да қажылықтың парызына жататындықтан, оны ұқыпты орындауға ерекше көңіл бөлу қажет.  ... Жалғасын оқу »

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 1108 | Уақыты: 01.Ноября.2010 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
[01.11.2010.] Қажылық парыздары. Арафатта тұру (қажылықтың екінші парызы)
Арафат - Минадан шамамен жиырма шақырым жерде орналасқан аймақ. Зул-хижжа айының тоғызыншы күні күн шыққаннан кейін қажылар Минадан Арафатқа бет алады. Жолда тәлбия, Аллаһқа мадақ, Пайғамбарға салауат және басқа да дұғалар айтады.

Арафа күнінің артықшылығы:
Арафа - зул-хижжа айының тоғызыншы күні.
Айша анамыздан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ елшісі с.а.с.: «Аллаһ басқа күндері тозақ отынан дәл Арафа күніндегідей көп адамды құтқармайды.  ... Жалғасын оқу »

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 995 | Уақыты: 01.Ноября.2010 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
[30.10.2010.] Бәдәл қажылық (біреудің атынан қажылық жасау)
Шариғатта басқа адамның атынан қажылық ғибадатын өтеуге рұқсат етілген. Ол «бәдәл хаж» деп аталады.
Егер қажылықты өтеуге адамның денсаулығы жарамаса, ол бір адамның қажылыққа жұмсайтын бүкіл қаражатын көтеріп, оны өзінің атынан қажылық ғибадатын өтеу үшін уәкіл етуі керек. Бірде бір әйел Пайғамбарға с.а.с. келіп: «Менің әкем - атқа отыруға шамасы келмейтін қария адам. Оның атынан қажылық жасасам бола ма?» - деп сұрайды. Сонда Пайғамбар с.а.с.: «Иә», - деп жауап береді (әл-Бұхари, Муслим).
Бұл хадистен басқа адамның атынан қажылық жасауға рұқсат ететін көптеген хадистер бар.  ... Жалғасын оқу »

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 896 | Уақыты: 30.Октября.2010 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Admin | Толығырақ
[30.10.2010.] Мәдина қаласын зиярат ету
Мәдина қаласын, Пайғамбардың с.а.с. мешітін және қабірін зиярат ету-қажылыққа қатысы жоқ жеке амал. Адамдардың көпшілігі Меккеге қажылық және умра сапарымен барғанда, жолда Мәдинаға да ат басын бұратындықтан, ғалымдар Мәдинаны зиярат етуді қажылық кітабынан кейін жазатын болған.
Мәдинадағы Пайғамбарымыздың с.а.с. мешітін зиярат ету және Аллаһ елшісіне с.а.с. сәлем беру нәпіл амалдарға жатады және бұл зияраттың белгіленген уақыты жоқ. Адам өз қалауы бойынша кез келген уақытта зиярат етуіне болады. 
Мәдина қаласындағы Пайғамбардың с.а.с. мешітіне арнайы зиярат ниетімен баруға қатысты ғалымдар арасында ешқандай пікірталас жоқ. Барлық ғұламалардың пікірінше, Пайғамбардың с.а.с. мешітін зиярат ету - мустахаб амал.  ... Жалғасын оқу »

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 844 | Уақыты: 30.Октября.2010 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Admin | Толығырақ
[30.10.2010.] Пайғамбарымыздың с.а.с. мешітін зиярат етудің әдептері
1) Мешітке оң аяқпен кіріп: «Бисмилләһ. Уәс-саләту уәс-сәләму ъалә расулилләһ. Аллаһуммаф-тах ли әбуәбә рахмәтик!» - деп айту.
Мағынасы: «Аллаһтың есімімен! Аллаһ елшісіне тыныштық және сәлем болсын! Уа, Аллаһ! Маған Өз мейіріміңнің қақпаларын аша гөр!»[1]
2) Мешіттің ішіне кірген соң екі ракағат тахиятул-масжид (мешіттің сәлем) намазын оқу. Өйткені Пайғамбардың с.а.с. және басқа да мешіттерде мешіттің әдептері мен құқықтарын сақтау керек.
3) Сонан соң Аллаһ елшісі с.а.с. және онымен қатарлас жатқан екі сахабасына: «Әссәләму ъаләйкә, я, расулаллаһ! Әссәләму ъаләйкә, я, Әбә Бәкр! Әссәләму ъаләйкә, я, Омар!» - деп сәлем беру.  ... Жалғасын оқу »

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 873 | Уақыты: 30.Октября.2010 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Admin | Толығырақ
[29.10.2010.] Әйелдердің қажылығы және оларға ғана қатысты үкімдер
1.Қажылық жасауға жағдайдың келу-келмеу мәселесінің үкімі еркектер мен әйелдер үшін бірдей. Тек, әйелдердің қасында махрамы болуы және идда мерзімінің аяқталуы керек.
2. Әйелдердің арнайы ихрам киімдері жоқ, олардың ихрамы жүзін және екі қолын білезікке дейін ашу арқылы жүзеге асады. Яғни әйелдерге қажылық кезінде жүзін және қолдарын жабуға рұқсат етілмейді. ... Жалғасын оқу »

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 728 | Уақыты: 29.Октября.2010 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
[29.10.2010.] Сәбидің қажылығы және оның үкімі
Барлық ғұламалардың ортақ пікірінше, балиғатқа толмаған, алайда есін біліп қалған сәбидің жасаған қажылығы дұрыс болып есептеледі. Бірақ ол қажылығы нәпіл амалдардың қатарына жатады. Яғни парыз қажылығының орнына жүрмейді. Сәби парыз қажылығын шамасы келсе, балиғатқа толғаннан кейін жасауы керек.
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Бір әйел сәбиін кетеріп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мынаған қажылық болады ма?» - дейді. Ол с.а.с.: «Иә, және саған сауап», - деп жауап береді», - деген ... Жалғасын оқу »

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 636 | Уақыты: 29.Октября.2010 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қараша 2019  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: tysya

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4027
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0