Жұма, 16.Ноября.2018, 10:25
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 3585
 

Негізгі бет » 2012 » Сәуір » 26 » [26.04.2012.] Әлеуметтік желілердің пайдалы жақтары


[26.04.2012.] Әлеуметтік желілердің пайдалы жақтары
09:03
Қазіргі уахабилік немесе сәләфилік ұстанымдағы жастардың қатары неліктен көбейіп барады? Олардың білім ошағы қайда, ілімді қайдан алады, ұстаздары кім? Қазақстандағы бүкіл мешіттер мен медреселер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қол астында болып, елімізде ханафи мәзһабы негізінде уағыз жүргізілсе де, уахабилер қатарының азаймай жатуына түрткі не? Иә, мұның себебі бүгінгі ғаламды торлаған интернетте жатыр-ау… Міне, бұл мақаламдағы әңгіме осы ғаламтор ғаламаты, дін насихаты үшін оның пайдалы тұстары жайында болмақ.
Енді бұл тақырыпты қозғауыма не себеп болды десеңіз, күні кеше Атырау қаласына барып, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастар терроризмге қарсы» атты жастар форумына қатысқан болатынмын.  Шараның басты мақсатын «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мейірім Қалауи дін мәселесінің бүгінде өткір тұрған қоғамдық проблема екендігін атап айтып, осы себепті: «Бес жүз адамды жинап, мәселені оның елуінің миына тоқып кеткеннен гөрі, жүз адамды шақырып, олар алған ақпараттарын тағы бір мың адамға жеткізсін деген ниетпен шақырып отырмыз», – деп түсіндірді.
Діни фанатизм, радикализмге төтеп берудің қандай тиімді тетіктері бар? Ғаламтор ке-ңістігін діни идеологияға қалай пайдалануға болады? Имамдарды тыңдаушы аудиторияны кеңейту үшін не істеу керек? «Жастар терроризмге қарсы» атты об-лыстық жастар конференциясы осы сауалдарға жауап іздеді.
Конференция барысында «жас-тар мұғалімдердің, ата-аналардың тыйымына, талабына бағынбай, дінге неге жанкештілікпен бара-ды?» деген мәселе де көтерілді. «Өйткені, қазір Кеңес үкіметі кезіндегі буын мен тәуелсіз ұрпақ арасында екі идеологиялық пайым-түсініктің соқтығысы болып жатыр. Ал, қазіргі жастарда рухани құштарлық пайда болды. Оларға рухани қолдау керек екені белгілі. Сондықтан, ұстаздар мен жастар арасындағы түсініспеушілікке жиі апаратын мәселелер бойынша аптасына бір рет бас қосып, имамдармен кеңессе, 3-4 жылда дінтану пәнінің білікті мамандарын да даярлап шығуға болар еді» деген ойлар да айтылды.
Аталмыш форумда «Дін және БАҚ» секциясына модератор болдым.
Аудиториялардағы ашық диалог аяқталған соң, конфе-ренция жұмысы қорытын-дыланды. Мен басқарған «Дін және БАҚ» секциясының аты-нан ұстаздардың имамдармен байланысын арттыру, ҚМДБ-ға қарасты сайттарды жарнамалау, діни мәселелер бойынша блог-тар ашу, жастарға қарапайым түсінікті тілде сайттар ашу, ІТ-мамандарды жұмылдыру, мешіт пен БАҚ арасында тығыз байланыс орнату, құқық қорғау органдары тарапынан діни басы-лымдардың таралуына қадағалау жасау сынды ұсыныстар айттық.
«Дін және жастар» секциясын жүргізген И.Тайманұлы атындағы орта мектептің дінтану пәнінің мұғалімі Орынтай Биманова оқу орындарындағы ұстаздардың діни біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, жастар арасында тәрбие жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізу, дін тақырыбына баспасөз беттерінде арнайы айдар ашу, ҚМДБ-ға қарасты «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналына жазылуды, «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры» шығарған діни әдебиеттерді оқу орындарында тегін таратуды көбірек ұйымдастырса деген ұсыныстар айтты.
Мен өз кезегімде мешіттердегі уағыздарды МР3, МР4 формат-тарында таратуды, арнайы бейнематериалдар жасауды, әсіресе жергілікті телеарналар арқылы мүфтият сайттарындағы уағыз-дарды насихаттайтын 1-2 минуттық бейнеролик жасауды, мұның барлығын бір сайтқа арнайы жинақтауды ұсындым. Оның себебі, бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты он бес сайт жұмыс істеп тұрған болса, солардың санаулысы ғана интернет кеңістігінде танымал-дыққа ие. Шыны керек, діни жағынан өте білімді бола тұра, имамдар интернетті айтарлықтай меңгермеген. Біздің осы әлсіз тұсымызды сектанттар тиімді пайдаланып отыр.
Имамның бір мешітте айтқан уағызы әрі дегенде бес жүз, орталық, облыстық мешіттерде, мың, екі мың адамға жетер. Интернет арқылы біз сол уағызды бір сәтте миллиондаған адамға жеткізуіміз керек. Хрестоматия дегенді бұрын біз кітап деп қарап келген болсақ, қазір оның мр3, мр4 деген түрлері пайда болды. Осындай байланыс құралдары арқылы жастар уағызды тыңдайды, бейнеролик арқылы көреді. Тиісті мемлекеттік мекемелер, мектептер, мешіттер діни ақпараттарды тұрақты түрде сайттарына салып тұруы қажет. Және де рухани орындар mail.ru, twitter, facebook сынды әлеуметтік желілердің мүмкіндігін тиімді пайдалануға міндетті.
Шариғатта және басқа да көптеген салаларда ұстаз, шәкірт деген атаулар бар. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, ұстаз шәкіртті тәрбиелеуді өз міндетіне алды ма, соңына дейін жеткізуге міндетті. Ал шәкірттен талап етілетін нәрсе – ұстаздың алдында отырып сабақ алуы.
Бірақ бүгінгі күні бұл түсінік өзгерген секілді. Себебі ұстаздың қатары да, түрі де көбейді. Осы күнгі «ұлы» ұстаздың бірі интернет немесе "google” десек те болады. Бұл ұстаз шаршамайды, жалық-пайды, керегіңді бірнеше секунд-тың ішінде тауып береді.
Адамдар кітап оқудан қалып, тыңдағанды немесе көргенді артық көретін жағдайға жетті.
Менің айтпақ ойым – бұны дұрыс не бұрыс деп айыптау емес. Қандай нәрсе болмасын, оны жақсы жағына қарай қолдана білу керек. Мысалы, интернетті дұрыс пайдаға асыра білсек, ол үлкен күш, әлеует. Дін мәселесіне келгенде, интернеттегі дұрыс уағыздар мен діни материалдарды тауып, жастарға ақпарат беріп, бағыт сілтеп және онда жөні түзу түрлі форматтағы мақалалар мен аудио және бейнематериалдарды салып отыру – біздің міндетіміз болмақ.
Қазіргі күні бір орыннан қозғалмай-ақ, шетелде жүрген теріс ағымдардың көшбасшылары осы интернет желілерін пай-даланып қазақ жастарына әсер етуі мүмкін. Оған бүгінде толық мүмкіндіктері бар. Мысалы, қазір аттары танымал Ринат, Ділмұрат, Халил секілді сәләфилік ағым-ның уағызшыларын көпте-ген жастар көрмеген. Бірақ дауыстарынан таниды. Олардың интернетте көптеген уағызда-рын, насихаттарын кездестіруге болады.
Олар осы әлеуметтік желілер арқылы өздерінің идеоло-гияларын таратып жатыр. Бір ғана мысал: ҚазҰУ-дың студенті Мәдина Жеңісованың анықтамасына сүйенер болсақ,  м-агент – ТМД көлеміндегі ең әйгілі жылдам хабар алмасу бағдарламасы. Бүгінде mаil.ru-дың агентін дүние жүзінде 16 млн. адам қолданса, бір уақытта 2 млн. адам желіде отырады екен. Бұл осы заманның жетістігі.
Ал осы жетістікті біз де пайда-лана білуіміз керек. Тағы да қайта-лап айтқым келеді, ол үшін арнайы сайт болу керек. мр3, мр4 формат-тарында аудио, видео материалдар көптеп сапалы дайындалу керек. Және сол материалдарды уақы-тылы интернеттегі сайтқа салып отыру қажет. Интернетте аталмыш уағыздар болған соң, міндетті түрде пікірлер, сұрақтар, қарсы пікірлер болады. Оларға тұщымды, дұрыс жауаптар өз уақытысында, кешіктірмей беріліп отыру керек. Бұл жұмыстар діни сауатты адам-дарды қатыстыруды қажет етеді.
Әлеуметтік желілер арқылы онлайн-конференциялар, онлайн-сабақтар жүргізуге де болады. Сайттың арнайы сұрақ қоюға ар-налған телефон номері болғаны да дұрыс. Ол сұрақтар басып алынып, сайтқа жауаптарымен бірге қойылса да болады. Сол кезде қалған жастардың да қызығушылығы пайда болады.
Сайтты ашқан соң, сол сайттың атымен твиттерде, фэйсбукте, скайпта, м.агентте, т.б. әлеуметтік желілерде аккаунтарын ашып, сол желілерде күнделікті іс-әркеттерін жариялап отыру қажет.
Біз «Kattani.kz» сайтында сұрақ-жауап бетін ашып, 1 жыл ішінде 3000 шамасында сұрақтарға жауап бердік. Бұл жылы сұрақтар көбейген соң, жаңа субдоменге көшірдік. Сайттың ішінде міндетті түрде форумның да болғаны дұрыс деп ойлаймын. Интернетте "сәләф форум” деген форумдар көптеп кездеседі. Сол форумның орнын басып, керек болса басып озатын-дай болуымыз керек.
Бұл жазбаларды жәй ғана арман не алдағы жоспар ретінде қалдырмай, ертерек іске асырған жөн. Біз жоспарда бар, іске асырамыз деп жүргенде кешігіп қалуымыз ғажап емес. Кешіктік десек те болатын шығар. Өйткені, қазір біздің күнделікті қоғамдағы діни ала-құлалық секілді, интернеттің ішінде де дәстүрлі дінімізге қайшы, теріс уағыз тарататын сайттар көп. Оларға мемлекет болып қарсы тұруымыз керек.
Дегенмен атыраулық бір журналист радикалды бағыттағы сайттарға тыйым салып қоюмен мәселенің шешілмейтіндігін, өйткені телефон, кітап сынды қа-рапайым ғана байланыс құрал-дарының мүмкіндігін шектеу қолдан келмейтіндігін, ол үшін кез келген адамға сайт ашуға жол бермеу керектігін, сондықтан да, ҚМДБ он төрт облыстан діни лидерлер дайындап шығарып, олардың жеке блогын ашуға көмектессе, қаржыландырып отырса, көп нәрседен ұтуға болатындығын айтты. «Ресми орынның сайтымен қарапайым интернет қолданушының ара-сында көзге көрінбейтін перде тұрады. Ал, жекелеген адамға сұрақ еркін қойылады», – деді ол.
Менің ойымша, көптеген жастардың секта соңында ке-туінің негізгі себебі – ол бүгінгі өміріміздің қан тамырына айналған «Қазнеттің» дамымай отырғандығы, діни ақпараттар-дың аздығы, мәліметтердің жаңармауында. Демек имамдар қаншалықты діни сауатты, білімді болса, соншалықты заман талабына сай компьютерді, интернетті меңгеруі керек.
Ойыңыз болса, ортаға салыңыз, іште қалмасын…
Ұлықбек Әлиакбарұлы, 
«Kattani.kz» сайтының администраторы
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1624 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Сәуір 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0