Дүйсенбі, 23.Сентября.2019, 22:24
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 3587
 

Негізгі бет » 2010 » Желтоқсан » 24 » [24.12.2010.] «MESHET.KZ» САЙТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЗОЛОТАЯ ПАУТИНА» ИНТЕРНЕТ САЙТТАРЫНЫҢ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ


[24.12.2010.] «MESHET.KZ» САЙТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЗОЛОТАЯ ПАУТИНА» ИНТЕРНЕТ САЙТТАРЫНЫҢ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
18:34
Бүгіндері жастардың көбі Интернет желісін пайдаланады. Одан уағыз тыңдайды. Онда айтылған әр түрлі көқарастағы діни пікірлерді талғамай-екшемей саналарына құйып алады. Міне, сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «muftyat.kz» сайты арқылы қазақ тілінде, ал Алматы қаласы орталық мешітіне қарасты «meshеt.kz» сайтында орыс тілінде уағыз-насихат таратуы республика тұрғындары үшін өте тиімді және пайдалы мүмкіндік болды. Бұл сайттардан намаз уақыттарынан бастап, күнделікті болып жатқан жаңалықтар, ақпараттар, аудио, видео уағыздар, намаз тәртібі, тіпті мазмұны терең термелерге дейін табуға болады. Бұл сайттарға тек Қазақстаннан ғана емес, әлемнің көптеген мемлекеттерінен азаматтар кіріп, іздеген діни материалдарын табуда. Осылайша жастарымыздың шетелден келетін ақпараттарға уланып, жат ағымдардың ықпалына түсіп қалмауына жағдай жасап отыр. Онда шариғат пен интернетті қатар меңгерген мамандарымыз жұмыс жасайды.
Сайттарымызға тек Қазақстаннан ғана емес, әлемнің көптеген мемлекеттерінен азаматтар кіріп, қажетті діни материалдарды тауып жататынын айтқан жөн. Сайт беттері ашылуының алғашқы айларынан бастап оған қосылушылар Ислам дініне қатысты сұрақтарды жаңбырдай жаудырып, оған тиісінше жауаптар алып, қызу үнқатысулар жалғасуда.
Алматы қалалық Орталық мешітінің «Meshet.kz» сайты халықаралық «Золотая путина» интернет сайттарының «Рухани ағарту саласындағы үздік сайт» номинациясы бойынша жыл қорытындысында ең көп ұпай жинап, жеңімпаз деп танылды. Қазақстандық Ислам дінінің насихаты кезекті жеңіске қол жеткізді. Бұл жолы халықаралық деңгейде мерейіміз асқақтады. Алматы қалалық Орталық мешітінің «www.meshet.kz» порталының дүниеге келгеніне небәрі екінші жыл. Осыған қарамастан, былтыр «Қоғамдық ұйымның үздік Интернет-өкілдігі» номинациясы бойынша жеңмпаз атанып, республикалық дәрежедегі дипломға ие болған еді. Оның «Азан» порталы да бірінші орынды алды.
Бүгінгі уақыт талабына сай техника мен ғылым жетістіктерін дін насихатына тиімді пайдалану өз жемісін беруде. Бұл күндері еліміздің бірқатар облыстық және қалалық мешіттерінің сайттары қазақ және орыс тілдерінде діни-танымдық материалдарды өз қолданушыларымен тығыз байланыста үгіт-насихат жұмыстарын барынша жандандыру үстінде.
Оңғар ӨМІРБЕК, ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы.
http://muftyat.kz/3479-meshet.kz-sajjty-khaly1178araly1178-zolotaja.html
Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары. | Көрілді: 1794 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0