Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:29
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 1659
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 24 » [24.10.2009.] Жамбыл облысы, Талас ауданының Мырзатай ауылында мешіт ашылды


[24.10.2009.] Жамбыл облысы, Талас ауданының Мырзатай ауылында мешіт ашылды
16:03
«Аллаһтың мешіттерін шынайы түрде Аллаһқа, ақырет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Аллаһтан ғана қорыққан кісі жасайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болулары үміт етіледі».(Тәубе сүресі, 18-аят) 
Бүгінде елімізде 2300-ге жуық мешіт бар. Әлһамдулилаһ! Бұл сан сәт сайын еселеніп келеді. Мәселен, Жамбыл облысы, Талас ауданының Мырзатай ауылында ашылған жаңа имандылық орны осыған дәлел. Бұл Аллаһтың үйі белгілі ғалым, осы өңірдің төлтумасы Мырзатай Жолдасбековтың жеке өз қаржысына салынды.
Отандық білім саласының дамуына сүбелі үлес қосқан түркітанушы-ғалым туған жерінен еш алыстаған емес. Ауылдағы ағайындардың имандылық орнына зәру екенін білетін азамат ретінде ол, осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат тұтқан. Аллаһ үйінің іргетасы бір жыл бұрын қаланған. Жаратушы Иеміздің қалауымен жүзеге асқан бұл ілкімді іске жұрт боп жұмыла кірісудің нәтижесінде Мырзатай елді-мекенінде мұнарасы менмұндалаған мешіт бой көтерді.  
«Ақтөбе» жаңа мешітінің ашылу салтанатына Астанадан алашқа танымал азаматтар яғни, Мырзатай Жолдасбековтың өмірдегі әрі ғылым саласының сағасын ұстаған тілектес серіктестері де арнайы ат басын бұрды. Әрине, мұндай шарапатты шараның басында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі болды. Жұма намазға жиналған жамағатта есеп жоқ. Қазірет мұсылман бауырларға Аллаһ тағаланы танудағы тура жолдан тағылым берер танымдық уағыздар айтып, көпшілікті Ислам дінінің кәусарымен сусындатты. 
Қоғам және саяси қайраткер Мырзатай Жолдасбеков кіндік қаны тамған туған өлкесіне әрдайым көмек қол ұшын созып, өңірдің өркендеуіне өзіндік үлесін қосуды одан әрі жалғастырмақшы. Бұл жолда Аллаһ тағаладан медет сұрап, дұға ететінін жеткізді. 
Мешіт - исі мұсылман қауымы үшін қасиетті орын. Жыл сайын осындай көптеген имандылық үйінің іргетасы қаланып бой көтерсе, ақиқатты іздеушілердің де қатары көбеймек. Яғни, имандылыққа деген игі бетбұрыс бұрынғыға қарағанда әлдеқайда артатыны анық. ИншАллаһ! Аллаһ тағала жақсылыққа жол ашқан жомарт жандардың ісіне береке берсін! Біздің тілек осы. 
Алмат ӘБДІРАМАН, Орманбек ОРЫНБЕКОВ, Нұржан ЖҰБАНИЯЗОВ, «Асыл арна».
Категориясы: Асыл арна жаңалықтары | Көрілді: 1914 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 1.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: George

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4026
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0