Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:24
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 1659
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 23 » [23.10.2009.] Фарах Анвар Пандит ханымның Қазақстанға келген сапары


[23.10.2009.] Фарах Анвар Пандит ханымның Қазақстанға келген сапары
15:59
AҚШ Мемлекеттік хатшысының Мұсылман қауымдастықтары бойынша арнайы өкілі Фарах Анвар Пандит ханымның Нигериядан кейінгі екінші іс-сапары Қазақстанда жалғасын тауып отыр. Қауымдастықтың офисі аталған елдің президенті Барак Обаманың Америка мен мұсылмандардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған Каирдегі сөйлеген сөзінен соң ашылды. Бұл АҚШ-тағы мемлекеттік департаменте жаңа құрылымның пайда болуы - алпауыт державаның ислами елдерге оң қабақ танытуы деп бағаласақ, одан ішкі саясатты қайта қарауға деген ұтымды ұмтылыстарын анық аңғару қиын емес. Сонымен, осы ұстаныммен кәрі құрлықтан келген Мемлекеттік хатшының арнайы өкілінің алғашқы сапары жас қала Астанадан басталды. Онда мәртебелі мейман үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен жүздесті. Одан соң Фарах Анвар Пандит ханым ат басын Алматыға да бұрып, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасында келелі әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, зиялы қауым өкілдерімен де кездесті. 
Фарах Анвар Пандит - АҚШ Мемлекеттік хатшысының Мұсылман қауымдастықтары бойынша арнайы өкілі /Ол өз сөзінде: Осы бағыт бойынша біз дүние жүзін аралап жүріп, сапар барысында азаматтық қоғам және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездестік. Сонда талқыға түскен тақырып ынтамақтастықтың аясында болды. Әңгіме мұны қалай жүзеге асыру және қандай бағытта жұмыс атқаруға болатыны турасында өрбіді. Оған қоса, бір-бірімізбен тәжірибе алмасу еді/.
АҚШ-тың Алматы қаласында орналасқан елшілігінде өткен дөңгелек үстел барысында қазақстандық өкілдер ең алдымен Атланттың ар жағындағы серіктестерінің әлем мұсылмандарымен өзара қарым-қатынасы турасында өзіндік пікірлерін білу мүмкіндігін қолдан жібермеді. Өз кезегінде Фарах Пандит дипломатиялық тұрғыдан барлық сұрақты таразылап, ол жұмыс сапарының басты мақсаты мұсылман елдерімен қарым-қатынасты нығайтуда тиімді тетіктерді табу екенін шегелеп айтты. Жиыннан соң бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз-брифингі өтті. Осы тұста мәртебелі мейман елімізде алғаш рет ашылған «Асыл арна» телеарнасының тілшілерімен арнайы сұқбаттасып, неліктен іс-сапарының кестесінде Қазақстан мемлекеті бірінші тұрғанын жеткізді.
Фарах Анвар Пандит - АҚШ Мемлекеттік хатшысының Мұсылман қауымдастықтары бойынша арнайы өкілі /Ол өз сөзінде: Өткен аптада мен Нигерия мемлекетінде болдым. Одан соң, Қазақ жеріне аяқ басып отырмын. Алдымен ару қала Астанада да болдым. Енді міне, әсем Алматыға да табан тіреген жайым бар. Мемлекеттік хатшының арнайы өкілі ретінде осы елге келу бақыты маған бұйырылғанына разымын. Ислам дінінің тамыры Қазақстан мемлекетінде тереңде жатқаны бесенеден белгілі. Сонымен бірге өзге де діндегілерге деген сыйластық та халықтың ықыласынан байқалады. Бұл сыйластық туралы азаматтық қауымдастықтың өкілдерімен кездесу кезінде куә болып, соған ерекше қуандым.
Қазақ елінің Құрама Штаттарымен саясиэтникалық қоғам тұрғысынан алғанда ұқсастығы бар. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мемлекет пен азаматтық қоғамның міндеті. Яғни, екі елдің көздеп, көксегені біреу. Өзгелерден үлгі боларлық ілкімді істерді үйреніп, тәжірибемен бөлісу тірліктің тиянақты болуына себепші. Арнайы өкілдің көздеген мүддесі де осы.
Фарах Анвар Пандит - АҚШ Мемлекеттік хатшысының Мұсылман қауымдастықтары бойынша арнайы өкілі /Ол өз сөзінде: /Біздің еліміздің тарихына сіздер қанықсыздар. Оның құрылу негізінде дінге берілетін еркіндікті қаладық. Әрбір адам, әрбір дін өкілдері өз құқықтарын қорғауға, өзіндік міндеттерін жолдауға мол мүмкіндігі бар. Себебі, біздегі Конституцияда бұл жіті қарастырылған. Яғни, егер сіз мұсылман болсаңыз, дініңізді еркін ұстануға, тіпті қалай киінемін десеңіз де өз құзырыңыздағы дүние. Оған ешкім шектеу де тосқауыл қоя алмайды/.
Мұсылман қызы Фарах Пандит Сринагарда туылып, кейін мектеп жасында отбасымен бірге Индиядан Америка Құрама Штаттарына қоныс аударған. Ол мұнда дүниауи іліммен қатар, рухани азық боларлық білім алуға да қол жеткізді. 
Фарах Анвар Пандит - АҚШ Мемлекеттік хатшысының Мұсылман қауымдастықтары бойынша арнайы өкілі /Ол өз сөзінде: Мен мұсылманмын. Индияның Синагарда деген жерінде туылдым. Айтар болсам, анам Америкаға қоныс аударғанда менің ең алдымен білім алуыма көп жағдай жасады. Қоныс аударушылардың барлығы секілді, анам да маған Ислам діні турасында тәлімді тәрбие, нұрлы ілім берді. Бір сөзбен айтқанда, Құран туралы түсінікті де үйде, яғни отбасы ортасында үйрендім. Ал, жұма, сенбі, жексенбі күндері жанұямызбен Аллаһтың үйіне барып, Құран үйрендік/.
«Америка Құрама Штаттарында барлық негізгі деген конфессиялардың өкілдері бар. Олар өз елінің ең адал отансүйгіш азаматтары. Мемлекеттік хатшының арнайы өкілі осылай дейді. 
Фарах Анвар Пандит - АҚШ Мемлекеттік хатшысының Мұсылман қауымдастықтары бойынша арнайы өкілі /Ол өз сөзінде: Әрбір дін өкілдері қай елден келіп қоныстанса да, өздерінің нақтылы кезеңде мекен еткен елінің отансүйгіш азаматтары. Бәрі де бір-бірін сол мемлекеттің ел жанды адамы ретінде сезінеді. Мұның бәрі Заң жүзінде қорғалған. Американың алпауыт елге айналуының басты ерекшелігі сол, осындай әртүрліліктің әсерінен әлемге әйгілі елдің көш басына шығып отыр. Менің дам болып қалыптасуыма осы жағдай өзінің септігін тигізді деп ашық айта аламын/.
«Барлық дінге сыйластықпен қараған жөн». Фарах Пандит бұдан былайғы барлық кездесуінде көтерілетін түйткілді тақырыптар осы оралымды ойдың аясынан туындайтын ортақ пікірден еш алыстамайтынын айтты. Арнайы өкілдің сөзіне сүйенсек, іс-сапардың нәтижесі көңіл қуантады. Қазақстанға алдағы уақытта қайта айналып соғатынын да жеткізді. Ондағы мақсат әрине, мұсылман елдерімен қарым-қатынасты берік әрі бір қалыпты ұстау бағытындағы жұмысқа басымдық беріп, одан әрі жандандыру.
Фарах Анвар Пандит - АҚШ Мемлекеттік хатшысының Мұсылман қауымдастықтары бойынша арнайы өкілі /Ол өз сөзінде: /Мен қазір АҚШ-қа ораламын. Казан айының соңына қарай, Таяу Шығысқа және жылдын соңына дейін Шығыс Азия, басқа да елдерді аралаймын. Мемлекет хатшысы Хилари Клинтон маған мусылман мемлекеттерімен қарым-қатынасты яғни, серіктестікті нығайту жолында тындырымды тірлік атқаруды жүктеді. Америка Құрама Штаттарының әр елдегі елшілігі қал-қадерінше бұл жағдайды дурыс әрі тиімді жолмен шешуді әрқалай жүргізуде. Бір сөзбен айтқанда өздерінің мол тәжірибелеріне сүйеніп істейді. Менің міндетім, жұмыстың нәтижелі болуын қадағалау және үйлестіру. Себебі, біз келер ұрпақты тәрбиелуге күш саламыз. Бұдан шығар қорытынды мынау. Мен бул елге қайта оралатыным анық. Оған қоса, мұндай іс мен үшін зор мәртебе. Сапарым сәтті өтті. Сіздерге үлкен рахмет!/.
Алмат ӘБДІРАМАН, Орманбек ОРЫНБЕКОВ, Мұқтар МҰХАНОВ, Нұржан ЖҰБАНИЯЗОВ, «Асыл арна».

Категориясы: Асыл арна жаңалықтары | Көрілді: 1626 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 1.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: George

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4026
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0