Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:22
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 8169
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 23 » [23.10.2009.] "Алтын сақа" қоры жаны жарым жандарға қуаныш сыйлады


[23.10.2009.] "Алтын сақа" қоры жаны жарым жандарға қуаныш сыйлады
16:00
Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын!) хадисі: «Шындық байлық мал-мүліктің көп болуы емес, шындық байлық - кеңпейілділік»
(Бухари, Муслим, Мажәһ жеткізген).
КСРО халық әртісі, халық қаһарманы Роза Бағланованың "Алтын сақа" қайырымдылық қоры әркезде жетім-жесір, мүгедек, асыраушысынан айырылған қарттарға қол ұшын созып, көмек көрсетуден еш аянған емес.
Жаны жарым жандарға қуаныш сыйлап жүрген қайырымдылық қоры енді тұрақты орны жоқ адамдардың да қаяу түскен көңілдерін бір серпілтті.
Гүлнар Сүлейменқызы - Алматы қалалық «Тұрақты орны жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары
Мұнда алаяқтардың арбауына түсіп, пәтерінен айырылған қариялар мен асыраушысы жоқ мүгедектер және түрлі жағдайларға тап болған, тұрақты мекені жоқ адамдар күнделікті үш мезгіл ас-ауқатпен қамтамасыз етіледі. Ал, егер төлқұжаттарын жоғалтып алғандар болса, осы мекеме оларға Әділет басқармасымен бірлесе отырып, қайта реттеп береді.
Гүлнар Сүлейменқызы - Алматы қалалық «Тұрақты орны жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары
Енді, міне Роза Бағланованың жеке бастамасымен 1989 жылы құрылған "Алтын сақа " қоры қыстық аяқ-киіммен қамтамасыз етуді қолға алып отыр. 20 жыл игілікті іспен айналысып келе жатқан қордың аз да болса бұл көрсетілген көмегіне мұқтаж жандар разылығын білдірді. Қайырымдылық қорының діттегені де осы.
Қуаныш Жарылқап - «Алтын сақа» қайырымдылық қорының үйлестірушісі
Роза Бағланованың өзі бұл игі іске ортақтаса алмады. Бірақ халық қаһарманының ыстық сәлемін ұлы жеткізді. Себебі, Роза апамыз бұл қайырымдылық қорының ісін одан әрі жалғастыруды ұлы мен келініне тапсырыпты. Олардың айтуынша, ИншАллаһ! Дәл осындай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Алмат ӘБДІРАМАН, Мұқтар МҰХАНОВ, «Асыл арна»
Категориясы: Асыл арна жаңалықтары | Көрілді: 1689 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 2.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: George

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4026
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0