Дүйсенбі, 23.Сентября.2019, 22:23
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 3587
 

Негізгі бет » 2011 » Сәуір » 22 » [22.04.2011] Кентау қаласында «Діни экстремизмнің алдын-алу мәселелері» атты семинар жиналыс өтті


[22.04.2011] Кентау қаласында «Діни экстремизмнің алдын-алу мәселелері» атты семинар жиналыс өтті
19:07

Кентау қаласында «Діни экстремизмнің алдын-алу мәселелері» атты семинар жиналыс өтті. Жиналысқа Облыстық Діни істер департаментінің жетекші маманы Нұрбаев Досымжан, ОҚО ішкі саясат басқармасы діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы Ахметов Бауыржан, Облыстық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің найб имамы Естеміров Мұхаметжан, «Нұр Мұра» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдулла Бахадүр, Қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Бақберген Қанат және ауыл әкімдері мен орта арнаулы оқу орындарының басшылары, мектеп директорылары, дінтану пәні мұғалімдері, діни ұйым басшылары қатысты.

Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

1. «Теріс бағыттағы діни ағымдардың қоғамға зиянды тұстары жайлы

2. «Облыс аумағында діни экстремизмнің алдын алу жайлы

3. «Ислам дінін ұстанатын керағар ағымдардың қоғамға әсері жайлы

4. «Облыстағы керағар ағымдардың құрбандары» жайлы мәселелер каралды.

Алғаш болып қазіргі таңда болып жатқан діни экстремистік топтар жайлы бейне ролик тамашаланды.

Жиынға келген конақтармен қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Қ.Бақберген таныстырып өтіп, бүгінгі жиынның негізгі максаты жайлы кыскаша тоқталып өтті.

Келесі болып Облыстық «Абдул Хамид Қаттани мешітінің наиб имамы Естеміров Мұхаметжан «Облыстағы керағар ағымлардың құрбандары» жайлы ой қозғап казіргі таңда түрлі керағар ағымдардың пайда болуы, жастардың санасын улап жатқандығы жастардың түрлі керағар ағымдарлың жетегінде кетіп жатқандығын баса назарға алып мектеп басшылығы ата-аналар қауымына өз балаларыңызды түрлі секталардан сақтауға шакырды. Ол үшін қазірғы жастардын дін жолына бет бұрушылығы көбейіп келе жатқандығын және осы тұста өзге секталардың осы сәтті пайдаланып жастардың санасын улап өз ағымдарына көптеп тартып жатыр осы тұста тек орталық мешіт өкілдерімен ақылдасып әрекст еткен жөн деді.

«Теріс бағыттағы діни ағымдардың қоғамға зиянды тұстары» Жайлы Облыстық діни істер департаментінің жетекші маманы Нұрбаев Досымжан баяндап, осы мәселелер жөнінде сұрақтарға жауап берді.

«Облыс аумағында діни экстремизмнің алдын алу мәселелері» жайлы ОҚО ішкі саясат басқармасы діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы Ахметов Бауыржан қазіргі діни экстремистік топтардың ахуалы жайлы баяндады. Кезінде Хизбут-Тахрирдің орталығы болған Кентау қаласында бүгінгі таңда нәтижелі жұмыстар арқасында ол ұйымның жұмысы тоқтатылғандығы қуантарлық жағдай деп айтып өтті.

Облыстық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің найб имамы Естеміров Мұхаметжан қазіргі кезде имамдарымыздың деңгейі қуантарлық жағдай оның ішінде Кентау каласы имамы Исмайыл Панов пен Хантағы мешітінің имамы Бақытжан ағаларымыз облысқа белгілі имамдар екенін айтып, жастардың діни сауаттылығын арттыруда. Қаламызда діни ахуалдың тұрақтылығына сүбелі үлес қосып келе жатқандығына ризашылығын білдіріп, қала зиялы қауым өкілдері тарапынан сұрақтарға жауап берді.

Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 2199 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Сәуір 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0