Дүйсенбі, 23.Сентября.2019, 22:20
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 2347
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 30 » [30.10.2009.] Н.Ә.Назарбаевты татарлар өзінің туған бауырындай жақсы көреді


[30.10.2009.] Н.Ә.Назарбаевты татарлар өзінің туған бауырындай жақсы көреді
21:09
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Еуропалық бөлігі мұсылмандары басқармасы президиум төрағасы, Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы мүфти шейх Равиль Гайнутдин мырзамен кездесті. 
Мүфти шейх Равиль Гайнутдин Қазақстан мен Ресей арасындағы ғасырлық байланыстар туралы кеңінен әңгімеледі. Ол Ресей мұсылмандар басқармасы барлық сала бойынша байланыстарды тереңдетіп келе жатқанын айтты. 
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар барынша жақсы дамып келеді. Соның нәтижесінде Қазақстан Ресейдің сенімді әріптесі болып отыр. Біздің елдеріміздің арасындағы байланыстар өте жақсы. Қазақстан өзінің сындарлы да ұстамды саясаты арқылы талай елге үлгі. Біз соған қуанамыз және Қазақстанның халықаралық табыстарын мақтаныш етеміз, - деді Равиль Гайнутдин.
null
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ислам құндылықтарын қорғауға сіңірген еңбегі орасан. Ол 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін әлемдік жұртшылық исламға байланысты дағдарып қалған сын сәтте ақылмен жол тапты. Астанада әлемдік діндер съезін өткізу туралы тамаша бастама көтерді. Осы арқылы исламның дамуына үлкен үлес қосты. Қазір әлемнің қай түпкірінде болса да бейбіт қатар өмір сүру өте маңызды. Ал Қазақстан әлемдік деңгейде көптеген игі бастамалардың бастаушысы болып отыр. Бұл ретте Қазақстан Президентінің халықаралық беделі айрықша- деді мүфти.
Келелі әңгіме барысында Равиль Гайнутдин Қазақстан Президентінің атына өте жылы сөздер айтты. - Нұрсұлтан Назарбаевты татарлар өзінің туған бауырындай жақсы көреді, - деді ол. Біз түбіміз түркі, тіліміз бен дініміз ортақ, бауырлас елдерміз ғой. Тіпті татарлардың көбісі Қазақстан Президентін өз президенті сияқты көреді. Қазақстанның Мемлекет басшысы Татарстанда болғанда біздің бауырларымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздеріне талай рет тәнті болғаны бар. Біз сондықтан өзімізді жалғыз сезінбейміз. Біз де ислам әлемінің бір бөлшегіміз.
Равиль мырза Ресейдегі мұсылман дінінің даму барысына да біршама тоқталды. Ол кейінгі 18 жылдың ішінде Ресейде 6000-дай мешіт салынып, пайдалануға берілгенін айтты. Дін өкілдерін даярлайтын 7 үлкен оқу орталығы ашылғанын мысалға келтірді. Ресейді Ельцин басқарған тұста ислам дініне онша көңіл бөлінбегенін тілге тиек ете келіп, қазіргі президент Дмитрий Медведевтің Мәскеу мешітіне келгенін, мұсылмандар қауымдастығына бұрынғыдан әлдеқайда жақсы көңіл бөлініп отырғанына тоқталды.
Қазақстан және басқа да түркітілдес елдермен байланысымыз жақсы, - деді Р.Гайнутдин. - Біз дін қызметкерлерін даярлау ісінде Қазақстан, Түркия сияқты бауырлас елдермен тығыз байланыстар жасап жатырмыз. Ресейде 20 миллионнан астам мұсылман тұрады. Ресей билігі елдегі саяси тұрақтылықты сақтауда қоғамдық келісім мен өзара түсіністікке аса көңіл боліп отыр. Бұл ретте ислам дініне, оны ұстанатын азаматтарға да қолайлы жағдайлар туғызылған.
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мүфти Равиль Гайнутдинге Қазақстан мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына айтқан жылы пікірлері үшін алғыс айтты.
- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - түркі әлемінің лидері ретінде танылған үлкен тұлға, - деді Тоқаев. - Ол таяуда Астанада тұрғызылатын ең үлкен мешіттің іргетасын өз қолымен қалады. Осы мешіттің ашылу салтанатына сізді қатысуға шақырамын. Әлемдік діндер съезіне сіздің қатысқаныңызды да қалаймыз. Дәстүрлі діндер съезінің хатшылығының төрағасы ретінде мен сізді осынау мәртебелі шараға қатысуды өтінемін. Біз халықаралық деңгейдегі саясаткерлер мен дінбасыларды бір үстелдің басына жинағалы отырмыз. Олар бір-бірін тыңдауы тиіс. Сонда ғана әлемде ортақ тіл қатысу, ортақ түсінісуге негіз қаланады, - деді Қ.Тоқаев.
Сенат Төрағасы Қазақстан халқы ассамблеясының кеше ғана өткен жиынында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың ұлт пен ұлыс өкілдерінің бірлігі мен жарасымды дамуы елді асыл мұраттарға жетелейтіндігі туралы айтқанын жеткізді. Қоғамдық келісім мен тату-тәтті түсіністіктің елдегі тұрақтылық кепілі екенін айрықша атап өтті.
Өз кезегінде Равиль Гайнутдин "Қазақстанды екінші отаным" деп есептейтінін айтты. Ол Астана қаласының аса жоғары қарқынмен дамып келе жатқанына сүйсініс білдірді. Астананы салу идеясын батыл қолға алған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына тағы да жоғары баға берді. "Астана ғажайып қала. Астана қазақ колориті бедерленген жаңа Дубай секілді көрінеді бізге," - деді Ресей Мүфтилер кеңесінің төрағасы мүфти шейх Равиль Гайнутдин.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының салынуын айта келіп, екі мәселеге тоқталды. Біріншіден, Астана - ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың асқан тәуекелдікпен қолға алған ісі, Астана - Назарбаевтың төл перзенті. Екіншіден, Астана - ұлттық идея. Ол Қазақстан халқын өте биік мақсаттар мен мұраттарға жаппай жұмылдырды, - деп атап өтті.
Сенат Төрағасының ресми сапары барысында ҚР Парламенті мен Ресей Федерациясы федералдык жиынының өзара ынтымақтастык жөніндегі парламенттік тобының отырысы өтті. Оған Қазақстан жағынан сенатор Ақан Бижанов пен Ресей жағынан Федерация кеңесінің ТМД істері бойынша комитет төрағасының орынбасары В.Бабичев теңтөрағалық етті. Күн тәртібіне койылған мәселелер арасында Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық ынтымақтастықты заңнамалық тұрғыда қамтамамыз ету, сауда-экономикалық және гуманитарлық салада құқықтық-келісім базаларын жетілдіру, әлемдік дағдарыс салдарларына қарсы бірлесе күресу үшін салық заңнамаларын жетілдіру, парламенттік топтың төртінші отырысын өткізу туралы мәселелер бар.
Кешкісін Қ.Тоқаев Ресей сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясының оқытушы-профессорлар құрамы мен тыңдаушылары алдында сөз сөйледі. Онда ол қазіргі әлемдік қауымдастық алдында тұрған өткір проблемаларға сараптама жасады. Қазақстан мен Ресей арасындагы қарым-қатынастарды жетілдірудің жайына тоқталды. Сондай-ақ дипломатиялық қызметке кадрлар даярлаудың өзекті мәселелерін ортаға салды.
Ал Ресей сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясы өзінің бастау тарихын 1934 жылдан алады. Аталған академия - халықаралық деңгейде кәсіби дипломатиялық мамандарды даярлайтын оқу орны. Дипакадемияда 170 оқытушы жұмыс істейді. Оның ішінде 39 ғылым докторлары мен профессорлар бар, 55 кандидаттар мен доценттер жұмыс істейді. Академиядағы 14 қызметкердің дипломатиялық дәрежесі бар, яғни олар - Ресейдің өкілетті және төтенше елшісі болып қызмет істегендер. Ресей Сыртқы істер министрлігіне қарасты дипломатиялық Академияда әлемнің ірі тұлғалы халықаралық деңгейде орны бар өкілдер келіп дәріс береді. академия тыңдаушылары үшін бұл үрдіс дәстүрге айналған. Дипломатиялық академияда оқу процесі ғана емес, сондай-ақ мұнда ірі симпозиумдар, дөңгелек үстел мен конференциялар жиі өткізіледі. Сенат Төрағасы, әлемдік дипломатияда орны бар Қасым-Жомарт Тоқаевтың тыңдаушыларға дәріс оқуының осындай үлкен мәні бар.
Кешкісін Қазақстанның Ресейдегі елшілігі орналасқан үйде Қ.Тоқаев Ресей және Қазақстан журналистеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Ақпарат көзі..

Категориясы: ТМД жаңалықтары | Көрілді: 1793 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0