Жұма, 16.Ноября.2018, 10:25
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 1582
 

Негізгі бет » 2008 » Шілде » 20 » ҰЛТТЫҚ САНАМЫЗДЫ УЛАНДЫРУДА


ҰЛТТЫҚ САНАМЫЗДЫ УЛАНДЫРУДА
00:08
                                                                    Ұлттық санамызды уландыруда
Iлгерi заман өттi ау жалын боп бiр,

Бұл өзi азаттықты алып келiп.

қазақтықты жоғалтқан ғасыр боп тұр,

Аузын америка тiрегелi.

Несiне бiздiң қазақ шiренедi,

Санаңды оқ шығармай жаулау үшiн.

Киносымен виносын жiбередi,

Ұрпақты уландырып жатқандығын.

Ұлт жанды ерлер болса бiлер едi,

Жаһандану - экономика, энергетика т.б. сол сияқты салаларда әрине қажет бiрақ дiни, ұлттық санамызды жаһандандырудың бiзге тiптiм қажетi жоқ. Бiз әзiр дамыған мәдениеттi мемлекетпiз деп, арақ iшiп шошқаның етiн жеп, жаратылай жалаңаш киiмдер киiп, теледидардағы телесериялдарды көрiп елу алпысқа келген апаларымыз шорти киiп, бiз осыларды мәдениет деп санасақ онда қатты адастық. Бұл мәдениет, ұлттық сананы жаһандандыру кiмге қажет. Бiздiң кешегi өткен Абай Құнанбайұлы, Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Ыбырай Алтынсарин т.б. сияқты, сондай рухани мықты өте мәдениеттi, өте әдептi ата бабаларымызды жақсы бiлген, бiздi зерттеп үйренiп келе жатқан жауларымызға бiздiң ұлттық санамызды жою үшiн қажет болды.

Желiсiн ғасырларда жел үзбеген,

Тарих пен тағылымды егiз көрем.

Кешегi Кенесары тұлпарына,

Доңыздың басқан шөбiн жегiзбеген.

Ал бiзде тұлпарға бастырмау былай тұрсын адамдар өздерi жеркенбей өздерi жейберетiн болды. Ал ондай адамдарда шошқаның сипаттары пайда бола бастады. Ер адамдар әйелiн, қыздарын қызғанбайды, қазiргi адамдар алдына не қойсаңда қарамай жей бередi. Бұл бiздiң санамызға зианын тигiзiп жатқан шошқа етiнiң әсерi. Бұдан басқа iшкiлiк, телесериалдар да бар.

Қобызға қолдан таққан қыл секiлдi.

Ұлттық рухын жоғалтқан ұлдарым көп,

Қылышына тар келген қын секiлдi.

Тамырын тарата алмас қыздарың бар,

Шелекке отырғызған гұл секiлдi.

Құдайсыз ұрпақты да өсiрдiк - ау,

Құмырадан шығарған жын секiлдi.

Телесериял iшкiлiктiң әсерiн қазiргi жастардың жүрiс тұрысынан олар үшiн темекi шегу, арақ сыра iшу мәдениет боп саналып қалды. Бұл аздай кейбiр жасы үлкен апаларымыздың киiм киiсiн көрiп, бiздiң ұлттық сана сезiмiмiз соншалықты жаһанданып кеткен бе деп қорқасың.

Егемендiк ап тұрып елiң азса,

Алдың жар артың құзға тiреледi.

Ал сонда құрбан болған бабалардың,

Құдайдан осы медi тiлегенi.

Бiз қазақ бұл кұндерi кiммен доспыз,

Адасып айдалада жүрген көшпiз.

Арабтың тiлiндегi дiнмен емес,

Арақтың түбiндегi жын мен доспыз.

Егер бiз қазiргi жүрiс тұрысымызды харам iшкiлiк iшу, жалаңаш киiну, телесериялды мәдениет деп санасақ онда бiз бұл нәрселерден аулақ болған, харам iшпеген, ұрпақтары бұндай киiм кимеген Абай атамызды не болмаса басқа бабаларымызды мәдениетсiз артта қалған өткен ғасыр адамдары демекпiзбе.

Тектiлiк үлгiсiндей Зере әжемiз

Құнанбайды дәретсiз емiзбеген

Атаның бойындағы тазалықтан

Абай туды тектiлiк негiзбенен

Фараби, Баласағұн, Иғунеки

Құраннан қуат алып тамырланған.

Ибн Сина, Хорезми, Бухарилар

Шариғаттан нұр алып шамың жанған.

Ғылымның негiзiн дiннен тауып

Сақтаныпты сан тарау ағымдардан.

Ұлттық санамызға қалай әсер етiп жатқанын бiр байқап көрейiк.

Бiрiншiден: Киiм кию үлгiмiз жүз сексен градусқа өзгердi. (әсiресе қара көз қарындастарымыздың). Бұл сөзiме ешкiм дау айта қоймас. Сериалдардың қайсы бiрiне көз салсаңызда бас-аяғы бiр метр шықпайтын, жоғары жағын жапсақ төменгi жағы, төменге тартсақ жоғарғысы көрiнетiн бiр шүберектi (киiм деуге аузың бармайды) iле салып, арлы-берлi өз тәндерiн жарнамалай тырбаңдап жүрген қыздарды көресiң. Жүздерi күлiмдеп, өздерiн бейне бiр хор қыздарындай сезiнетiнiн қайтерсiң. Ондай бақытты жандарды көрген бiздiң қарындастардың да (бәрiн дей алмаймын) "Бақытты өмiрге" деген құштарлықтары оянып, ондай өмiрге жетудiң бiрден-бiр жолы бiр метрлiк шүберек деп ұғынулары, әрине өкiнiштi-ақ. Мұны сән үлгiлерiмiздiң бұрынғыдан бiршама iлгерiлгендiгi деп түсiнетiндер мен түсiндiретiндердiң бұлай қате кете берсек, мәдениеттен бiртiндеп жұрдай болатынымызды да естен шығармағандары жөн-ау.

Екiншiден: Сүйiсудiң алуан түрлi әдiс- тәсiлдерiн үйренiп жатырмыз және де үйрене де бермекпiз. Бұрын оңды қалай бiлгенбiз десеңшi! Кеңестiк дәуiрдегi елiмiзге көрсетiлген кинолардағы кейiпкерлер ендi сүйiсе бергенде дереу жарық сөндiрiлушi едi. Ондай жерлерi көрсетiлгеннiң өзiнде ата-анамыздан ұялып,олардың сүйiскентерiне бiз кiнәлiдей жер шұқылап қалатын едiк. Тiптi, көршi бөлмеге зыта жөнелетiнiмiз де жасырын емес. Ал қазiргi кинолар, әсiресе телесериалдар әлгiндей қоғамға жат қылықтарды орынды-орынсыз көрсетiп, оның "үлгiсiнiң" неше атасы бар екендiгiн мейлiнше дәрiптеп бағуда. Ондай көрнiстер болғанда жер шұқылап қалатын жас өспiрiмдер саны да азайып бара жатқандай. Керісiнше, шулап отырған баланың өзi тыныштала қалады... Мәдениетiмiздiң дамып, қоғамыздың қуаттанғаны соншалық, үлгi көрнiстердiң "медленный повторын" қаланың әр - әр жерiнен көруге болады... Рахат, тегiн!

Үшiншiден: Босқа жүйкемiздi ауыртамыз. Ата - аналардан обал - ақ. Онсыз да, күндiз - түні "қара қазан, сары бала", қамын ойлап әбден жүйкелерi тозған ол кiсiлер бала - шаға қамымен қатар телесериал кейiпкерлерiнiң де "отбасылық таусылмас проблемаларын" ойлап, таңның атысынан күннiң батысына дейiн сары уайымданып жүргендерi. Байқасаңыз, сериал көрiп отырған кез келген үйде аузыңнан байқаусыз бiр ауыз артық әңгiме шығып кеттi ме, онда шаруам бiттi дей бер. Онсыз да сiркелерi су көтермей отырған, экранға кiрiп кетiп, телесериал кейiпкерлерiнiң уайым - қайғыларына ортақтасып отырған туыстарының не өзiңнiң - ақ отбасыңның жан - жақтан тарпа бас салмаса да, дүрсе қоя бередi: "Туу... мынаны - ай! Тыныш отыра тұршы! Сол сұрақты дәл қазiр қоймасаң болмайма?! Ананың даусын қаттырақ шығаршы - ей!". Бiттi. Сонымен аузыңа құм құйылады да ерiксiз мөлейiп, сен де экранға көз саласың. Дәл сол кезде кенеттен жарық сөне қалса, онда жарық берушi жергiлiктi мекеме мүшелерiнiң көрде жатқан ата - бабаларының, тiрi жүрген ата-аналарының дымы қалмайды...

Төртiншiден: Аллаһ Тағаланың бiзге өлшеп берген алтын уақытын ысырап етудемiз. Өзiңiз ойлап көрiңiзшi. Мысалы, таң ертең Хабардан бiреуi басталса, ол бiте бере - ақ, келесi бiр арнадан тағы бiрi дайын тұрады. Құдды бiр "эстафета" сияқты, бiрiнен кейiн бiрi көрермен назарын iлiп кетiп жатқандары. қысқаша айтқанда шетел телесериалдары қоғамға тәулiк бойы үзiлiссiз, демалыссыз, ақысыз қызмет етуде.

Бесiншiден: Отбасы мүшелерi анда - санда бiр - бiрiмен шоқысып қалуда. Олай дейтiнiм кейде екi арнадағы сериал бiр уақытқа дөп келедi де, қызықтың көкесi сонда басталады. Сол сәтте алдыңдағы көгiлдiр экранға қарап отырып, көкпардың қара серкесiн көз алдыңа елестеткендей боласың... Жазықсыз жанға обал - ақ.

Осы тұста тек телесериалдар ғана емес. Шетелдiң мән - мағынасыз адамды соғысқа, қанiшерлiкке, айуандыққа баулитын "боевиктерiн" де айта кетсек артық болмас. Бұрындары қорқынышты фильмдердегi құбыжықтарды, боевиктердегi өлген адамдарды көрiп, бойымызға қорқыныш сезiмi ұялап, денемiздi кiрпiдей жиырушы едiк. Көрген көрнiстер көпке дейiн көз алдыңнан кетпей, тiптi, түске де енетiн. Ал қазiргi жеткiншектерден бұлардың бiреуiн байқамайсың. Өйткенi, мұндай көрнiске әбден еттерi үйренiп кеткен.

Бiрде былай болды. Таңертен сабаққа бара жатқан едiм. Оқу корпусына жақындағанымда жас шамалары сегiз бен онның о жақ, бұжағындағы бiр топ бала гүлге қонған арадай құжынап, бiр жерге үйiлiп тұр екен. Ойымда ештеңе жоқ. Қастарынан өте бергенiмде олардың қаумалап тұрған нәрсесiне көзiм тұстi. Өз көзiме өзiм сенер емеспiн. Бұрын соңды мұндайды көрмеген мен алғашында шошып кеттiм. Бетi қаппен жабылған бiр адам жатыр екен. Жиркендiм бе, жүрексiндiм бе, әйтеуiр қасына баруға дәтiм шыдамады. Әлгi балалардың болса бұл жағдай ойларына кiрiп шығар емес. Олар өлген адамның емес, өлексе иттiң қасында жүргендей, тiптi, бiр - екеуi қолдарына таяқ ұстап алып, таяқпен әлгi өлiктiң бетiндегi қапты ысырып тастап жүзiн тамашалап тұр...

Мiне, көрдiңiздер ғой шетел “боевиктерiнiң“ бiзге не бергенiн. Жеткiншектердi тiптi "жаужүрек" етiп жiбергендей.

      Бәлкiм ол телесериалдар мен боевиктердiң қоғамға берер пайда жақтары да бар шығар. Бiрақ мен ол жағын көре алмадым. Мүмкiн байқамаған болармын.     

«Ислам нұры» діни-танымдық газеті. № 8-67.

дайындаған Ұ.Алиакбарұлы.

 

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 2487 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Шілде 2008  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0