Жұма, 16.Ноября.2018, 10:24
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 3585
 

Негізгі бет » 2008 » Шілде » 20 » ДІНСІЗ ЕЛДІ ДАРАҚ ШОРТАН БИЛЕЙДІ


ДІНСІЗ ЕЛДІ ДАРАҚ ШОРТАН БИЛЕЙДІ
23:53
Дiнсiз елдi дарақ шортан билейдi
Осыдан алты ғасыр бұрын Алтын Орданың ханы Жәнiбектiң белдi билерiнiң бiрi болған, көрiпкел абыз бабамыз Асан Сәбитұлының (Асан қайғы) өлең жолдарын оқығанда, бiр жағынан елiнiң бiрнеше ғасырлық тағдырын бiр шумақ жолға сыйғыза бiлген даналығына таң қалсақ, екiншiден, қандастарымыздың оны осы уақытқа дейiн түсiне алмай келе жатқанына қынжылдық. Бiздiң түсiне алмай келе жатқанымыз тек Асан қайғы ғана болмаса керек. Абайға дейiнгi көптеген ұлы ақын-жыраулардың жыр-дастандары жарқ етiп бiр көрiнiп, қайта жоғалып барады.

Жоғарыда аталған Асан қайғының өлең жолдары барлығымыз күнделiктi оқып, бiрақ оның мәнiн жете түсiнбей жүрген: 

Мұнан соң қилы-қилы заман болар,

Заман азып, заң тозып жаман болар.

Қарағайдың басына шортан шығып,

Ұрпағымның дәуренi  тамам болар, – дегенi.

Бiр үлкен жиында хан Абылай Бұқар жыраудан осы жолдардың мағынасын түсiндiруiн сұрағанда, жырау былай деп жауап берген екен:

...Ойлама шортан ұшпас деп,

Қарағайға шықпас деп.

Күн батыстан бiр дұспан,

Ақырда шығар сол тұстан.

Ђзi сары, көзi көк,

Бастығының аты поп.

Күншығысқа қарайды.

Шашын алмай тарайды.

Құдайды бiлмес, дiнi жоқ,

Жамандықта мiнi жоқ.

Аузы-басы жүн кәпiр,

Жаяулап келер жұртыңа,

Жағалы шекпен кигiзiп,

Балды май жағар мұртыңа,

Жемқорларға жем берiп,

Азды көпке теңгерiп,

Ел қамын айтқан жақсыны,

Сөйлетпей ұрар ұртына.

Бауыздамай iшер қаныңды,

Ђлтiрмей алар жаныңды...

Алғашында Асан қайғының осы жолдары мен Бұқар жыраудың оған берген анықтамасын солтүстiктегi көршiмiздiң елдi шоқындыруға келген миссионерлерi туралы айтылған болар деп ойлағанбыз. Тарихи дерекке жүгiне отырып, көрiпкел бабамыздың бұл қасиеттi жолдары Ватикан саясатына қатысты айтылған екен-ау деген ойға келдiк. Себебi, ол кезде Ресей Алтын Орданың бодандығынан шығып, мемлекет ретiнде қалыптасып болмаған, ал Иван Грозныйдың Қазан татарларының бiр бөлiгiн шоқындыруына әлi бiр ғасырдай уақыт бар едi. Соңынан, екi ғасырдан астам уақыт Ресейдiң құрамында болғанда қазақтар православиялық христиан дiнiне өттi дегендi естiген жоқпыз. Яғни, Асан бабамыз жорыған дiни экспансия Ресейден төнген қауiп емес.

Рим Папасының миссионерлерi Гильом де Рубрук, одан кейiн Плано Карпини Батый ханның кезiнде Алтын Орда халқын католик дiнiне кiргiзу мақсатымен айлап жол жүрiп, Монғол мемлекетiнiң сол кездегi астанасы Қарақорымға дейiн барып, нәтижесiз қайтқан болатын. Осы миссио­нерлер Ұлы далаға келерден бұрын латын тiлiнде христиан дiнiнiң пайдасы жайындағы түрлi уағыз-өсиеттер мен аңыз-хикаялар жазылған «Кодекс куманикус» немесе «Қыпшақ тiлiнiң сөздiгi» деген кiтап шықты. Бұл сөздiктiң негiзгi мақсаты– қыпшақтардың iшiнде христиан дiнiн уағыздау болды.

Жаңа дәуiрде әлемдi шырмауықтай шырмап алған әртүрлi дiни ұйымдар ұлттық санасы мен мiнезi қалыптаспаған, қоғамдық моралi жоқ, яғни дiнсiз қоғамға өз дiндерiн енгiзуге талпынып отыр. Тәуелсiз Қазақстан осындай құйтырқы саясаттың құрбанына айналып кете ме деген қаупiмiз зор.

Сенiмдi деректерге сүйенсек, соңғы кездегi синагога, костель, тағы да басқа шiркеулердiң салынуы мен солар таратып отырған  дiндерге кiрушiлердiң қарқыны Қазақстанның даму қарқынынан бiрнеше есе артық және сырттан келген әртүрлi дiни ағымдардың қазақ тiлiнде шығарған басылымдарының тиражы бiздiң жазушылардың тәуелсiздiк кезде шығарған кiтаптарынан әлдеқайда көп екен.

Елдiң бiрлiгi мен қоғамның тыныштығын ойлаған, халқының саны  бiзден жүз есе және он еседей көп Қытай мен Ресей жүздеген жылдар бойы Рим Папасын өз елдерiне жiбермей отыр. Нелiктен? Ал, бiзде қалай?

Халықаралық дiни ұйымдардың миссионерлерi Мойынқұм мен Бетпақдаланың қаймағы бұзылмай отырған ең шалғайдағы ауылдарына дейiн жеттi. Сонда ел қайда қарап отыр? Жергiлiктi әкiмдер мен құқық қорғаушылар «ай қарап» жүр ме?

Олар ел аралаумен қатар, жоғары оқу орындарының бiрiнде қазақтардың католик дiнiн қабылдауына негiзделген докторлық диссертация жазуға дейiн барып қалды. Зиялылардың министрге жазған ашық хаты болмағанда, «ұлы ғалымның» осы диссертациясы бекiтiлiп кетiп, масқараның көкесi сонда болар едi. Белгiлi ұстанымы мен ұлттық идеясы қалыптасқан қоғамда сана-сезiмдi уландырып, елде iрiткi салатын диссертацияны қорғатқан кеңес таратылып, оның мүшелерi өздiгiнен жұмыстан кетер едi.  Бiзде керiсiнше болды, қатесiн мойындап, кешiрiм сұраған ешқайсысын көрген жоқпыз.

Бiздiң қандастарымыз ондай ғалымсымақтардың сандырағын емес, профессор Рахманқұл Бердiбайдың: «Қазақ халқының келешегiне қауiп төндiретiн жат әрекеттердiң етек алып бара жатқанына немқұрайлы қарауға болмайды. Ол қауiп –  Қазақстанның дiни экспансия мекенiне айнала бастауы. Дiндер «тасқынынан» сақтанудың ең сенiмдi жолы Орта Азия мен Қазақстан халықтарының дәстүрлi дiнi –  Исламды қайта жандандыру болмақ. Түркi халықтарының басын құрайтын, күшiн бiрiктiретiн, ынтымағын арттыратын, бәрiнен бұрын қауымның имандылық тәрбиесiне қуатты негiз болатын Ислам дiнiне табан тiреу бiрлiгiмiздiң үшiншi шарты дегiмiз келедi», –  деген, халықтың рухани бiрлiгi мен имандылығын қамтамасыз етуге бағытталған өсиетiн естен шығармауы керек. 

Қазақстанда дәстүрлi екi дiндi ұстағандар    мұсылман сүниттер  және православтық христиандар бұрыннан бар. Бұл екi дiн қазақстандықтар ұстанатын негiзгi дiндер болып қала бермек.

Дiн елдiң iргесiн бекiтiп, оның моральдық және өнегелiк келбетiн қалыптастырады. Ђзiнiң сара жолын негiзгi бiр дiндi ұстану арқылы анықтаған ел iшке басқа дiндердi кiргiзбейдi. Мемлекеттi бiрiктiруде бiрнеше ғасырлық тәжiрибесi бар елдер дiн мәселесiнде бiзге үлгi болуы керек. Кезiнде ұлы Құшан патшалығының түбiне жеткен де бiр мемлекетте көп дiндi ұстану болған едi. Ұлы Түркi қағанатының батыс бөлiгi буддизмдi қабылдағаннан кейiн, одан кейiн Дештi-Қыпшақтың бiр бөлiгi христиан дiнiн қабылдаған соң олар ата дiндерiн ұмытып, алдымен рухынан айырылып, тобырға айналды да, ақырында ана тiлiмен бiрге шыққан тегiн де ұмытты. Әр кезде тiлдерi мен дiндерiнен айырылып, қытайланған түркiлер – қара қытайлар да сондай қандастарымыз. Соңғы он бес жылда ондаған мың қандасымыз өз дiнiн ұмытып, басқа дiндер мен дiни ағымдарға кiрiп үлгердi. Әртүрлi ұлт өкiлдерiнен тұратын елде олардың алауыздық туғызатыны белгiлi. Елде қаптаған миссионерлердiң көп­шiлiгi әртүрлi дiндердi уағыздаумен қатар, тыңшылықпен айналысатыны да жасырын болмаса керек. Қанымыз бен миымызға сiңiп бара жатқан осы қауiптен сақ болуымыз керек. Себебi, адамзат тарихында көп дiндi уағыздаумен ұшпаққа шыққан ел болмаған.

Соңғы кезде Астана әлемдiк дiндер мен конфессия басшыларының тұрақты жиналатын орнына айналды. Мүмкiн, бұл елдiң сыртқы саясаттағы тұрақтылығы мен халықаралық қауымдастық алдында беделiн көтередi деген үмiт болар. Бiрақ, осы шарадан бiздiң ұтқанымыздан гөрi ұтылатын жерiмiздiң көп екенiн соңғы уақытта Қазақстан азаматтарының әртүрлi дiндер мен дiни ағымдарға кiрiп жатқанынан байқауға болады.  Сыртқы саясат деп әлдеқандай қып жүргенiмiз болашақта ел iшiнде iрiткi тудырып жүрмесiн деңiз. Ондай жағдайды болдырмау үшiн негiзiнен ұстанылатын ислам мен христиан дiндерiнен басқаларының ел iшiнде таралуына тегеуiрiндi кедергi жасап, одан дүниежүзiлiк дiндер мен конфессия басшыларының басқосуын бөлiп қарауымыз керек. Осылай «дәннен кебектi айырғанда» ғана ұтылмаймыз. Ђзiмiз дiнсiз қоғамның шырмауынан шықпай жатып, ғасырлар бойы дәстүрлi дiндердi ұстанып келе жатқан елдерге «саяси бағыт көрсетуiмiз» Абай атамыздың «...мәз болады болысың, арқаға ұлық қаққанға» дегенi болып жүрмесiн.

Тәуелсiз Қазақстанға дейiн, қазақ –  қазақ болғалы бiрнеше ғасыр бойы талай соғыстар мен аштық кездерiнде қазақтардың басқа дiнге өттi дегенiн естiген жоқпыз. Қоғамдағы рухани тұрғыдан қарағанда, оның iшiнде мемлекеттiк тiл мен дiн мәселесiне келгенде, осы тәуелсiздiк кезеңiнiң керi әсерi өткен ғасырдағы барлық нәубеттерден де асып түстi. Бостандық деген құл мен тобырдың табиғатына жат дүниелер. Сондықтан, құлдықтан құтылып, тәуелсiздiктi баянды еткiмiз келсе, ол үшiн күресе бiлу керек. «Дiн болмаған жерде ешқандай қоғамдық мораль да, ұлттық мiнез де болмайды» дейдi белгiлi ғалым Ж. де Местр. Бүгiнгi қалпымызды осы даналық сөздiң аясына сыйдырып көрсек, көп жайттың бетi ашылуы хақ.
Автор: Жанұзақ Әкiм
Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 3549 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Шілде 2008  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0