[01.08.2012.] Ұ.Алиакбарұлы: Сауапты істің бірі – садақа беру.
Қаттани мешітіне келмес бұрын Түркістан қаласында имамдық қызметте болатынмын. Түркістанда Ахмет Ясауи университетінде араб тілінен дәріс беретін Египеттік азаматпен танысқан едім. Жолым түсіп Египетке барғанымда ол жігітпен тек телефон арқылы сөйлесіп кездесе алмадым. Өкінішті-ақ....
Әлгі араб жігіт жұма намазға мен біздің мешітке келетін еді. Жастар көп. Кейде менің арабшалап сөйлескенімді көріп, айналамызда топырлап тұрып қалатын. Бір күні жастардың сұранысы бойынша намаздан соң 15 минут уағыз айтып, ал мен аударып беретін болдым. Содан садақа туралы әңгіме бастап, сіздерге ұсынғалы отырған хикаяны айтып берді.... Жалғасын оқу »
Көпшіліктің намазға деген көзқарасы түзу. Дегенмен аракідік кездесіп қалатын«күнде бес мезгіл үзбей оқудан адам жалықпай ма?» деген сұрақ төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбітсек.
Бір сәт ойланайықшы, өміріміз мәңгі ме? Келесі жылға сау жетіп, тіпті келесі күнді аман-есен атырарымызға кім кепіл? Пендешіліктен аса алмай аз ғана құмарлыққа алданып осы өмірде мәңгілік қалып қоятындай сезінеміз.... Жалғасын оқу »
[25.04.2012.] Ұлықбек Әлиакбарұлы: "Сыр бойындағы ежелгі қалалар"
Негізгі тақырыпқа кіріспес бұрын Сыр бойындағы қалалар тарихына қалам тербеген адам жайлы сөз қозғағанымыз жөн болар. Мақаламыздағы қалалар жайлы мәліметтердің көпшілігі ағылшын тарихшысы Гай Лэ Стрэндждің (Guy Le Strange) «The Lands of the Eastern Caliphate» («Шығыс Халифат елдері») кітабынан және аз ғана бөлігі Бартольдтың «Орта Азиядағы түріктердің тарихы» кітабынан алынды. ... Жалғасын оқу »
Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. Ол мейрам қайдан шықты, кімдер тойлаған еді және жаңа жылмен христиан дінінің қатынасы бар ма?. Қала берді жаңа жыл туралы мұсылмандар қандай ойда немесе ол мейрамның мұсылмандарға қаншалықты қатысы бар?
Алдымен айтармыз: Кеңес Одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынған болатын. Тек 1937 жылы ғана Сталиннің бұйрығымен 1 қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат берілді. 1937 жылға дейінгі шыршалардың басында 8 бұрышты жұлдыз болған, тек 1937 жылы Кеңес Одағының үкімі бойынша 8 жұлдыздың орнына 5 жұлдыз қолданылатын болды.
... Жалғасын оқу »
1. Мұсылман болу. Қажылық Ислам шариғатының амалы болғандықтан, оны орындайтын адам ең алдымен мұсылман болуы шарт.
2. Балиғатқа толу.
3. Ақыл-есі бүтін болу. Ғибадаттың кез келген түрінің парыз болуы үшін пенденің балиғат жасына толуы және ақыл есінің бүтін болуы шарт.
4. Азат болу. Қажылықты өтеу құлдарға, тұтқындарға, бас бостандығынан айырылғандарға парыз емес.
5. Қажылық амалдарын өтеуге денсаулығы жарамды және қаражатының жеткілікті болуы. Өйткені Аллаһ тағала қажылықты жағдайы жетіп, шамасы келетіндерге ғана парыз еткен. Аллаһ тағала: «Оның жолына шамасы келген адамдарға Аллаһ үшін Үйге (Қағбаға) қажылық жасау міндет», – деген («Әли Имран» сүресі, 97-аят).... Жалғасын оқу »
Кез келген құлшылықтың өзіндік артықшылықтары болатыны тәрізді қажылықтың да өзіне тән артықшылықтары мен пайдалары бар.
1. Пенде мойнына жүктелген міндеттен құтылу арқылы сансыз сауапқа кенеледі.
2. Аллаһ қажылық ғибадатын орындаған пенденің өткен күнәларын кешіреді.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбардың (с.а.с.): «Кімде-кім әйеліне жақындаспай, ешқандай күнә және жамандық істемей Аллаһ үшін қажылық жасаса, (үйіне) анасынан жаңа туғандай болып қайтады», – деп айтқанын естідім», – деген (әл-Бұхари).
... Жалғасын оқу »
Дінімізде
кейбір уақыттардың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері бар. Рамазан
айының артынша келетін Шәууәл айының да өзіне тән артықшылықтары көп.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады,»
- деп бұл айда ұсталатын алты күн оразаның мол сауабын сүйіншілеген
(Сахих Мүслим). Бұл ораза сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша
түсінуге болады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі»
- деген. Ғалымдар Шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын
осы аятпен байланыстырады. Рамазан айындағы отыз күн мен Шәууәл айындағы
алты күн қосылғанда, отыз алты күн болады. Бұл сан он есеге көбейтілсе,
үш жүз алпыс күнді құрайды. Бір жылдың қалған бес күні ораза ұстауға
болмайтын Рамазан айтының алғашқы күні мен Құрбан айттың төрт күні.
Оразаның әрбір күні он есе молайса, онда отыз алты күндік оразада бір
жыл ауыз бекітудің сауабы бар деген сөз.
... Жалғасын оқу »