Бейсенбі, 21.Ноября.2019, 04:51
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 2347
 

Негізгі бет » 2010 » Желтоқсан » 8 » [08.12.2010.] Мухаррам айының оразасы


[08.12.2010.] Мухаррам айының оразасы
17:22
"Рамазан оразасынан кейін оразаның абзалы - Аллаһ Тағаланың Мухаррам айының оразасы. Парыз намазынан кейін ең абзал намаз - түнгі (тәһәжжуд) намаз. Хадисті Әбу Һурайрадан р.а. Имам Муслим және Имам Тирмизи риуаят етті.
"Расулуллаһ с.а.с. Ашура (Мухаррам айының 10 күні) оразасын ұстап, оны өзгелерге де бұйырды.” Хадисті Ибн Аббастан р.а. Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті.
"Расулуллаһ с.а.с. Арафа куні ораза ұстаудың қасиеттілігі жайында сұралғанда: "Өткен жыл мен келер жылдың күнәсін жуып шаяды”, - деп жауап берді. Кейін Мухаррам айының оныншы күнінде ораза ұстаудың қасиеттілігі жайында сұралғанда: "Өткен жылдың күнәларын жуып шаяды”,-деп жауап берді.” Хадисті Омардан р.а. Имам Муслим риуаят етті.
"Расулуллаһ с.а.с. Мәдинаға һижрат етіп келгеннен кейін, ондағы яһудилердің Мухаррам айының оныншы күні ораза ұстайтынын байқады. Яһудилер бұл жайында сұралғанда: "Бұл Аллаһ Тағала Мұса а.с. мен Исраил (Яғқүб а.с.) ұрпақтарын Перғауынның зорлық зомбылығынан құтқарған күн. Біз осының кұрметіне ораза ұстаймыз”,-деп айтқанда, Пайғамбарымыз с.а.с.: "Мұсаға а.с. олардан гөрі біз жақынбыз!”,-деп Мухаррам айының оныншы күні ораза ұстауды бұйырды.” Хадисті Ибн Аббастан р.а. Имам Муслим риуаят етті.
"Жәһилият дәуірінде (Исламнан бұрын) Құрайш қабиласы (тайпасы) Мухаррам айының оныншы күні ораза ұстайтын. Расулуллаһта с.а.с. бұл оразаны ұстайтын. Мәдинаға һижрат еткеннен кейін бұл оразаны Өзі с.а.с. ұстап, оны басқаларға да бұйырды. Рамазан айында ораза ұстау парыз етілгеннен кейін: "Қалаған адам Мухаррам айының оныншы күні ораза ұстасын, қаламаса ұстамасын”,-деп айтты.” Хадисті Айша анамыздан р.а. Имам Муслим риуаят етті.
Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 1005 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: tysya

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4027
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0