Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:38
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 3587
 

Негізгі бет » 2011 » Қазан » 5 » [05.10.2011.] Қажылықтың үкімі


[05.10.2011.] Қажылықтың үкімі
19:51

Қажылықтың үкімі

Қажылық – балиғат жасына толған, ақыл-есі бүтін, қаражаты жеткілікті және қажылық сапарына денсаулығы жарайтын әрбір мұсылманға парыз.

Қажылықтың парыз екендігіне Құран, Сүннет және барлық мұсылман ғұламаларының бірауызды келісімі («ижмағ») дәлел болады. Аллаһ тағала:

«Оның жолына шамасы келген адамдарға Аллаһ үшін Үйге (Қағбаға) қажылық жасау міндет», – деген («Әлі Имран» сүресі, 97-аят).

Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге құтпа оқып: «Ей, адамдар! Аллаһ сендерге қажылықты парыз етті, сондықтан қажылық жасаңдар», – деді. Сонда бір кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі! Жыл сайын ба?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.) үндемеді. (Әлгі кісі) сұрағын үш рет қайталағаннан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер иә десем, парыз болатын еді және сендердің оған (жыл сайын қажылық жасауға) шамаларын келмес еді», – деді де, сосын: «Мені өздеріңе қалдырған нәрседе жайыма қойыңдар. Өйткені  сендерден ілгері өткендерді сұрақтарының көптігі және пайғамбарларымен келіспеушіліктері себебінен құрыды. Сондықтан сендерге бір нәрсе бұйырсам, оны шамаларың келгенше орындаңдар, ал егер бір нәрседен тыйсам, оны тастаңдар», – деді», – деп айтқан (Муслим).

 

Қажылықтың маңыздылығы

Барып қайтуға жеткілікті қаржысы бар мұсылман қажылық парызын өтеуге асығу керек. Қиямет күні Аллаһ ешқандай сылтауларды қабыл алмайды. Ауырмай-сырқамай, кедейшілікке түсіп қалмай және күнәкар халде өлмей тұрғаныңда қажылық жасауға асығу керек, өйткені қажылық Ислам тіректерінің бірі болып табылады.

Қажылық пен умраға жұмсалатын ақша адал еңбекпен табылуы тиіс, олай болмаған жағдайда, Аллаһ ғибадатты қабыл етпейді.

Қажылық – мұсылмандар үшін бір-бірімен танысатын, достасатын, қиындықтарын бірлесе шешуге ынтымақтасатын жиын. Қажылық жасаған мұсылмандар дінге және дүние тіршілігіне қатысты пайдаларына куә болады.

«Фиқһ әл-ғибадат» кітабы. Алматы қаласы, «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2011.

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 918 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
19.Декабря.2011 Спам
1. Denver
That's not even 10 mineuts well spent!

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: George

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4026
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0