Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:33
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 4155
 

Негізгі бет » 2011 » Қазан » 5 » [05.10.2011.] Қажылықтың артықшылықтары


[05.10.2011.] Қажылықтың артықшылықтары
19:53

Кез келген құлшылықтың өзіндік артықшылықтары болатыны тәрізді қажылықтың да өзіне тән артықшылықтары мен пайдалары бар.

1. Пенде мойнына жүктелген міндеттен құтылу арқылы сансыз сауапқа кенеледі.

2. Аллаһ қажылық ғибадатын орындаған пенденің өткен күнәларын кешіреді.

Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбардың (с.а.с.): «Кімде-кім әйеліне жақындаспай, ешқандай күнә және жамандық істемей Аллаһ үшін қажылық жасаса, (үйіне) анасынан жаңа туғандай болып қайтады», – деп айтқанын естідім», – деген (әл-Бұхари).

Яғни, Аллаһтың разылығын тілеп, біліп және білмей жасаған күнәларына шынайы ықыласымен кешірім сұрап, жаннатты үміт етіп қажылық амалдарын толық орындаған адам күнәдан жаңа туған сәбидей пәк, таза болады. Бірақ адамдардың ақысы мен қаза болған парыз айн амалдарының күнәсі қажылық арқылы өшпейді. Сонымен қатар біреуге зұлымдық жасаған болса, одан кешірім сұрау және рұқсатсыз, зорлықпен алған затын қайтару парыз, ал қаза болған намаз, ораза секілді ғибадаттардың қазасын өтеу қажет.

3. Қажылар мен умра жасаушылар – Аллаһтың қонақтары және өз елдерінің өкілдері.

Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын), Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қажылар және умра жасаушылар – Аллаһқа келген (өз елдерінің) өкілдері. Егер олар Оған дұға қылса, жауап береді (дұғаларын қабыл етеді), егер кешірім сұраса оларды кешіреді», – деген (Ибн Мәжәһ).

Аллаһ Өзіне қонақ болып келген пенделерді сый-құрметпен қарсы алады. Оларға жомарттығын еселеп, әрбір құлшылығының сауабын арттырады. Себебі ғалымдар қажылық сапарына жұмсалған қаражатты Аллаһ жолында жұмсалған деп есептейді. Ал Аллаһ жолында жұмсалған қаражаттың сауабы жеті жүз есеге дейін көбейеді.

4. Қажылық адамның жүрегін тәкаппарлықтан, дүниеқорлықтан тазалайды. Сондықтан Аллаһ разылығы үшін қажылықтың жоралғыларын толық орындаған адам еліне қайтқанда өзін пәк сезінеді.

5. Қабыл болған қажылықтың сауабы – тек қана жаннат.

«Фиқһ әл-ғибадат» кітабы. Алматы қаласы, «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2011.

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 1080 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 4.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
21.Декабря.2011 Спам
1. Lorena
Great insight. Reilveed I'm on the same side as you.

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: George

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4026
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0