Жұма, 16.Ноября.2018, 10:22
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 1659
 

Негізгі бет » 2012 » Тамыз » 4 » [04.08.2012.] Ораза кезінде рұқсат етілген оразаны бұзбайтын жағдайлар


[04.08.2012.] Ораза кезінде рұқсат етілген оразаны бұзбайтын жағдайлар
16:17
Шариғат бойынша ораза кезінде рұқсат етілген сондай-ақ оразаны бұзбайтын жағдайлар: Шаш қию, қырыну, тырнақ алу, көзге сүрме жағу, бетке бояу жағу, гүл мен иіссу иіскеу, әйелін құшақтау, сүю, балаларды құшақтап сүю, олармен ойнау, күлу, қалжыңдау, жылау, сілекейді жұту, көзге тамшы тамызу, жанаспалы линза кию, тіс протездерін салу, қызыл иектен аққан қанды сезіну, қақырықты жұту, кекіру, мұрын қуысындағы сұйықтықты ішке қатты тарту, таңғы астан кейін тіс арасында қалған бұршақ көлемінен аспайтын асты жұту, сергу үшін беті-қолын шаю немесе душ қабылдау.  
Сондай-ақ ұмытып ішіп-жеу, бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені оған жегізген де, ішкізген де – Алла» деген (Бухари, Муслим, Тирмизи және Ахмед ибн Ханбал). 
Ұйқыдан жүніп болып ояну, ғұсыл алуды сәресі уақытынан кейінге қалдыру, бірақ дереу тазарыну ең абзалы. Еріксіз ауыз толы құсу немесе оның ішке қайта кетуі оразаны бұзбайды. Қан алдыру немесе сүлік салдыру. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мына үш нәрсе ораза тұтқанның оразасын бұзбайды дейді:құсу, хажамат (қан алдыру) және ихтилам болу (жүніп болу)» (Сунән Тирмизи, 719). 
Құлаққа су кіру, бұлық ағу, темекі түтіні немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ораза бұзылмайды. Ал насыбай атып, темекі шексе бұзылады. Көзге, құлаққа дәрі тамызу, жараға май жағу, мисуак немесе тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды. Алайда пастасы ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып тістерді жуу. Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды, тек тамаққа кетпеуін қадағалау қажет.
 
Алтынбек ҰТЫСХАН
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің бас маманы
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 2607 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 4.5/2 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: princedastanbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4025
Осы ай ішінде: 0
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0