Бейсенбі, 21.Ноября.2019, 03:43
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 3587
 

Негізгі бет » 2010 » Қараша » 2 » [02.11.2010.] Ихрам кезінде тыйым салынған амалдар (Махзурат әл-ихрам)


[02.11.2010.] Ихрам кезінде тыйым салынған амалдар (Махзурат әл-ихрам)
23:41
Кімде-кім қажылыққа ниет етіп, ихрамға кірсе, оған қажылықтың үкімдерін орындау және тыйым салынған амалдардан аулақ болу керек. Олар:
1.  Жыныстық қатынас, оны еске алу және соған алып баратын сүю, аймалау секілді барлық амалдар;
2.  Аллаһқа бойсұнбау және күнәлі істер;
3.   Басқа қажылармен, қызметшілермен және өзге адамдармен ұрсысу, бір нәрсеге таласу, жанжалдасу, оларға тіл тигізу. Тек өзінің ақысын талап етіп, ақиқат үшін сөз таластырып, өзін не жолдастарын қорғауына рұқсат етіледі.
Осы айтылған тыйым салынған амалдардың дәлелі Аллаһ тағаланың төмендегі аятында айтылған. 
«Кім осы айларда (өзіне) қажылықты парыз қылса (яғни қажылыққа баруды ниет етсе), онда қажылықта әйелге жақындасу, күнә істеу және жанжалдасу жоқ», - деген аятына негізделген (Бақара, 197). 
Әбу һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбардың с.а.с.: «Кімде-кім әйеліне жақындаспай, ешқандай күнә мен жамандық істемей, Аллаһ үшін қажылық жасаса, (үйіне) анасынан жаңа туғандай болып қайтады», - деп айтқанын естідім», - деген[1].
4. Аң аулау. Ихрамдағы адамға құрлықта тіршілік ететін аңдарды аулауға, өлтіруге, союға, оны аулауға көмектесуге тіпті аңның қайда екендігін қолымен көрсетуге болмайды.
«Сендерге және саяхатшыларға пайда ретінде теңіз (жануарларын) аулау мен оларды жеу халал етілді. (Бірақ) ихрамда болсаңдар, сендерге құрлық (жануарларын) аулауға тыйым салынды», - деген (Мәида, 96).
Яғни ихрам халіндегі кісіге құрлықта мекен ететін жан-жануарды аулауға болмағанымен, суда тіршілік ететін жан-жануарды аулауға рұқсат етілген.
5. Киімге қатысты салынған тыйымдар. Ер кісілерге ихрам кезінде екі ихрам киімінен басқа, тігілген және адамның дене пішіміне лайықты етіп тоқылған киімдерді және тобық пен өкшені жауып тұратын аяқкиімді киюге болмайды.
Ибн Омардан риуаят етілген хадисте бір адам Пайғамбардан с.а.с. ихрамдағы адамның киетін киімі туралы сүрағанда, Пайғамбар с.а.с.: «Көйлек, шалбар, сәлде және бас киімдер кимеңдер. Тек кебісі (қонышы жоқ аяқкиім) жоқ адам мәсіні тобықтан артыгын кесіп тастап кисін. Зағфаран, уарс тиген киімді кимесін, мухрим әйел ниқаб және қолғап кимесін», - деп жауап берген (әл-Бұхари).
"Фиқһ әл-Ғибадат" Кәусар-Саяхат. Алматы-2010 ж. 465-бет.


[1] Сахих әл-Бұхари, Китәб әл-хаж, 1424.
Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 860 | Ендірген: Admin | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қараша 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: tysya

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4027
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0