Бейсенбі, 21.Ноября.2019, 03:44
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 1584
 

Негізгі бет » 2010 » Қараша » 1 » [01.11.2010.] Қажылық парыздары. Ихрам (қажылықтың бірінші парызы)


[01.11.2010.] Қажылық парыздары. Ихрам (қажылықтың бірінші парызы)
23:31
Қажылық парыздары - қажылықтың дұрыс болуы үшін міндетті түрде орындалуы керек амалдар. Егер адам қажылық парыздарының бірін тастап кетсе, қажылығы дұрыс болып саналмайды. Ханафи мазһабында қажылықтың үш парызы бар. Олар: ихрам, Арафатта тұру және парыз тауабын жасау. Кімде-кім осы аталған үш амалдың бірін орындамаса, оның қажылығы қабыл болмайды және мойнына жүктелген міндетінен құтылған болып есептелмейді. Басқа мазһабтарда сағи жасау да қажылықтың парызына жататындықтан, оны ұқыпты орындауға ерекше көңіл бөлу қажет. 

Ихрам (қажылықтың бірінші парызы)
Қажылық үшін ихрамға кіру - қажылық ғибадатын орындауға ниет етіп, тәлбия айту. Ниет еткен кезде қажылықтың қай түрін орындайтындығын жүрегімен бекітеді. Ихрамсыз қажылық пен умраны бастауға болмайды. Себебі ихрам парыз амалға жатады.
Ихрам - шектеулер немесе тыйымдар аймағына кіру. Яғни басқа уақытта рұқсат етілген амалдардан белгілі ғибадатты өтеу барысында тыйылу Мысалы, кімде-кім намазға тәкбиратул-ихрам айтып кірсе, оған ішіп-жеу сөйлеу күлу секілді намаздан тысқары уақытта рұқсат етілетін нәрселерге тыйым салынады. Сол секілді кімде-кім қажылық ғибадаты үшін тәлбия айтып, ихрамға кірсе, оған әйелімен жақындасу, тігілген киім кию, аң аулау тәрізді қажылық кезінде тыйым салынған амалдарды істеуге болмайды.
Ихрам киімі - үлкен сүлгі секілді тігісі жоқ екі ақ түсті матадан тұрады. Оның бірімен дененің кіндіктен төменгі жағын жабады, оны «изар» деп атайды. Ал екіншісімен дененің кіндіктен жоғарғы жағын жабады, оны «рида» деп атайды.
Ихрамға миқатта немесе оған дейін кіру қажет. Ихрамға кірген кезде міндетті түрде тігілген барлық киімдерін шешіп, тек қана екі ихрам киімін ғана киеді. Осы сәттен бастап оған тігісі бар киім киюге, басын жабуға, иіссабын пайдалануға, шашын не тырнағын алуға және т.б. ихрам халінде тыйым салынған амалдарды орындауға болмайды. Ихрам кезінде тыйым салынған және рұқсат етілген амалдарға арнайы тақырып арналады. Миқаттан өткеннен бастап, Қағбаны көргенге дейін тәлбияны жиі айту - мустахаб.

Ихрамға қатысты үкімдер:
1. Қажылыққа ниет ету намазға ниет ету, тәлбия айту намазға тәкбиратул-ифтитах (тәкбиратул-ихрам) айту сияқты. Намазға ниет етіп, тәкбиратул-ифтитахты айтқанға дейін намазға кірген болып есептелмейтін секілді қажылыққа ниет етіп, тәлбия айтпайынша, қажылыққа кірген болып саналмайды.
2. Ер кісілер ихрамға кірген кезде бүкіл киімдерін шешіп, орнына екі ақ түсті матадан тұратын ихрам киімін ғана киеді. Әйелдер күнделікті киімімен жүзін және екі қолын білезікке дейін жаппай ихрамға кіре береді.
Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Бір кісі орнынан тцрып: «Уа, Аллаһтың елшісі Ихрам кезінде қандай киім киюге бұйырасың», - деді. Пайғамбар с.а.с.: «Көйлек, шалбар, сәлде және бас киімдер кимеңдер. Тек кебісі (қонышы жоқ аяқкиім) жоқ адам мәсіні тобықтан артығын кесіп тастап кисін. Зғгфаран[1], уарс[2] тиген киімді кимесін, мухрим әйел ниқаб[3] және қолғап кимесін»,- деді», - деген[4].
3. Қажылық ихрамына қажылық айларында кіру. Қажылық айлары: шәууәл, зул-қағда және зул-хижжа айының алғашқы он күні. Өйткені Аллаһ тағала қажылықтың арнайы айлары бар екендігін ескерткен.
«Қажылық - белгілі айлар» (Бақара, 197). Кімде-кім қажылық үшін осы айлардан бүрын ихрамға кірсе, ханафи мазһабында оның ихрамы қажылық үшін жарамды деп есептеледі. Бірақ бұлай істеу - мәкруһ. Ал шафиғи мазһабында бұл айлардан бұрын қажылыққа жасалған ихрам умраның ихрамына айналады.
4. Ихрамға миқаттан өтпей тұрып кіру. Қажылықты не умраны ниет еткен адам миқаттан ихрам халіне кірмей өтпеуі қажет. Ихрамға кірместен бұрын миқаттан өтіп кететін болса, ол миқатқа қайта оралып, ихрамға кіруі керек болады. Ал миқатқа қайтпастан жолда ихрам халіне кіріп, қажылығын немесе умрасын жалғастыратын болса, Меккеге барғаннан кейін міндетті түрде мал сойып, кедейлерге үлестіруі керек. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Меккеге ешкім ихрамсыз кірмесін», - деген[5].                         
Фиқһ әл-Ғибадат. Кәусар-саяхат. Алматы-2010ж. 456-бет.

[1] Зағфаран - өсімдіктің аты.
[2] Уарс - жағымды исі бар, бояу ретінде қолданылатын сары өсімдік.
[3] Ниқаб - әйелдердің жүзін жауып түратын бас киім, пәренже.
[4] Сахих әл-Бүхари, Китәб әл-хаж, 1707.
[5] Әл-Мусаннаф Ибн Әбу Шәйбә, 4-том, 288.
Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 1111 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қараша 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: tysya

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4027
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0