Бейсенбі, 21.Ноября.2019, 04:17
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 8169
 

Негізгі бет » 2010 » Қараша » 1 » [01.11.2010.] Қажылық парыздары. Арафатта тұру (қажылықтың екінші парызы)


[01.11.2010.] Қажылық парыздары. Арафатта тұру (қажылықтың екінші парызы)
19:43
Арафат - Минадан шамамен жиырма шақырым жерде орналасқан аймақ. Зул-хижжа айының тоғызыншы күні күн шыққаннан кейін қажылар Минадан Арафатқа бет алады. Жолда тәлбия, Аллаһқа мадақ, Пайғамбарға салауат және басқа да дұғалар айтады.

Арафа күнінің артықшылығы:
Арафа - зул-хижжа айының тоғызыншы күні.
Айша анамыздан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ елшісі с.а.с.: «Аллаһ басқа күндері тозақ отынан дәл Арафа күніндегідей көп адамды құтқармайды.   Ол (Аллаһ) оларға (адамдарға) жақындайды. Сосын періштелерге олармен (адамдармен) мақтанады да: «Олар нені қалайды?» - дейді», - деген[1].
Талха ибн Убайдуллаһ ибн Кариздан (Аллаһ оған разы болсын), Аллаһ елшісі с.а.с.: «Шайтан арафа күніндегідей кішкене, (күл-талқаны шығып) жеңілген, сорлы, ашулы болып көрінген емес. Мейірімділіктің түсуі мен Аллаһтыц үлкен күнәларды кешіруінен ғана (шайтан) сондай халге түседі...», - деген[2].
Арафатта тұрудың үкімі: барлық мазһабтарда Арафатта тұру - қажылықтың ең басты парызы. Сондықтан кімде-кім Арафатта тұру сәтінен кешігіп қалса, қажылықтан кешіккен болып есептеледі.
Аллаһ елшісі с.а.с. Арафатта болған кезде нәждтік бір топ адамдар одан с.а.с. қажылық жайлы сұрайды. Сонда Пайғамбар с.а.с.: «Қажылық - Арафат. Кімде-кім Жамғ түні (Муздалифада түнейтін түн) таң атқанша (Арафатқа) келсе (яғни Арафаттың аумағына кіріп үлгерсе), қажылыққа үлгерді. Мина күндері - үш күн (яғни құрбан айтынан кейінгі үш күн). Кімде-кім екі күннен кейін асықса (яғни Минада қалмай қайтып кетсе), оған ешқандай күнә жоқ. Кімде-кім кешіксе, оған да күнә жоқ», - деп жауап беріп, осы сөздерді адамдарға жеткізуді бір кісіге жүктейді[3].
Арафатта тұратын уақыт: арафа күні (зул-хижжа айының тоғызыншы күні) түс ауғаннан бастап, келесі күннің (құрбан айт күнінің) таңы атқанға дейін жалғасады.
Көпшілік ғалымдарың пікірінше, кімде-кім Арафат аймағына күн батудан бұрын жетсе, ол жерде күн батқаннан кейін бірнеше минут болса да қалғаны - уәжіп. Шафиғи мазһабында Арафатқа күн батпас бұрын жеткен адам үшін күн батқаннан кейін қалу - сүннет[4]. Ал Арафат аймағына күн батқаннан кейін жетсе, оған таң атқанша түнеу міндет емес. Сондықтан көпшіліктің пікірі бойынша, Арафаттан күннің батуынан бұрын кетіп қалған қажы жаза ретінде құрбандық шалуы керек. Ал Арафатқа күн батқаннан кейін келген қажыға сондай-ақ күн батпас бүрын Арафат аймағынан шығып кетіп және күн батпай тұрып, қайта оралған қажыға құрбандық шалу міндет емес[5].
Арафатта қалу немесе аялдаудың мақсаты: Арафатта тұратын уақыттың бір сәтін болса да Арафат аймағында өткізу Осы уақытта қажылар тәлбия айтып, дүға етіп тұратындықтан, ол «Арафатта тұру» деп аталған. Қажы Арафатта тұрудың парызын өтеу үшін түс ауғаннан таң атқанға дейінгі уақыт аралығында бір сәт болса да, сол аймақта тұруы керек. Қазіргі кезде Арафат аймағы арнайы белгіленіп қойылған.
Сондықтан  қажылар  өздерінің  Арафат  аймағына кіргендіктерін нақтылап алулары қажет.
Арафатта тұру үшін қажының дәреті және ғұсылы болуы шарт емес. Себебі Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) қажылық амалдарын бастаған кезде хайызы келіп, не істерін білмей, Аллаһтың елшісінен с.а.с. сұрайды. Сонда Пайғамбар с.а.с.: «Қажының істейтіндерін істе, тек тазаланғанға дейін Үйді (Қағбаны) тауап етпе», - деп бұйырады[6].
Бұл хадис Арафатта тұру үшін дәреттің және ғұсылдың болуының шарт еместігін көрсетеді.
Арафатта тұру үшін арнайы ниет ету де шарт емес. Себебі қажы қажылық ғибадатына ниет етіп, ихрам халіне кірген. Яғни оның ниеті бар. Себебі мұсылман намаз оқу үшін бір рет қана ниет етеді. Ал намаздың әр парызына жеке-жеке ниет етудің шарт еместігі тәрізді қажылықтың да әр парызына жеке-жеке ниет ету шарт емес.

Арафатта түрудың сүннеттері:
1. Зул-хижжаның тоғызыншы күні күн шыққаннан кейін, Минадан тәлбия, тәкбір айтып, Арафатқа қарай беттеу.
Омар (Аллаһ оған разы болсын): «Біздің біреулеріміз тәлбия. біреулеріміз тәкбір айтып, Аллаһ елшісімен с.а.с. Минадан Арафатқа таң атқанда беттедік», - деген[7].
2. Арафатта тұрған уақытта дәретті болу. Егер дәреті бұзылса, кешіктірместен қайта дәрет алу.
3. Мүмкіндікке орай, Нәмирада тоқтап, ғұсыл алу Өйткені Аллаһтың елшісі с.а.с. Нәмирада тоқтаған (Мәлик).
4. Рахма төбесінің (Жәбәл Рахма) етегіндегі үлкен тастардың қасында тұру. Өйткені Аллаһ елшісі с.а.с. осы тастардың қасында тұрып, құбылаға қарап дүға жасаған (Муслим). Бірақ таудың үстіне көтерілу сүннет емес.
5. Ораза ұстамау. Себебі Аллаһтың елшісі с.а.с. Арафатта тұрған кезінде ораза ұстамаған (әл-Бұхари). Ал арафа күні ораза тұту - қажылықта болмағандар үшін сүннет.
6. Көп дүға жасау, Аллаһты зікір ету, Құран оқу, Пайғамбарға салауат айту және осылардың барлығын шын ықыласымен орындау
Пайғамбарс.а.с.: «Ең жақсы дұға - арафа күнгі дұға. Мен және пайғамбарлар айтқан ең жақсы (дұға): Лә иләһә иллаллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уа һууа ъала кулли шәй-ин қадир»,[8] - деген[9].
7. Дұға жасаған кезде екі қолды көтеру.
8. Мүмкіндігінше Арафатқа жетуге асығу.

«Фиқһ әл-Ғибадат» Кәусар-Саяхат. Алматы 2010 ж. 470-бет.


[1] Сахих Муслим, Китәб әл-хаж, 2402.
[2] Әл-Муатта, Китәб әл-хаж, 840.
[3] Сунән ән-Нәсәи, Китәб әл-хаж, 2994.
[4] Фиқһ әс-сунна, I том, 733-бет.
[5] Әл-Муфассал фи әл-фиқһ әл-ханафи, I том, 417-бет.
[6] Сахих Муслим, Китәб әл-хаж, 2115.
[7] Сахих Муслим, Китәб әл-хаж, 2252.
[8] Мағынасы: Аллаһтан басқа құдай жоқ, Ол - Жалғыз, Оның серігі жоқ, бар мүлік пен мадақ Соған тән және Оның күші бәріне жетеді.
[9] Сунән әт-Тирмизи, Китәб әд-даъауат, 3509.
Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 998 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қараша 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: tysya

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4027
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0