Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:23
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 4155
 

Негізгі бет » 2012 » Мамыр » 1 » [01.05.2012.] ҚҰРМЕТТI ОҢТҮСТIКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!


[01.05.2012.] ҚҰРМЕТТI ОҢТҮСТIКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!
15:42
Сiздердi 1 мамыр – Қазақстан халқының бiрлiгi күнi мерекесiмен құттықтаймыз!
Егемен елiмiз бүгiнде ырысты ынтымақ пен берекелi бiрлiктiң  мерейлi мекенiне айналды. Тәуелсiз Қазақстанның ұлтаралық келiсiм мен пайымды парасаттылыққа негiзделген үйлесiмдi саясатын халықаралық қауымдастық жоғары бағалауда. Татулық пен бiрлiктiң бастауындай болған осы бiр айтулы мейрам бейбiтшiлiктiң бейнесiн орнықтыра түсетiндей әсер қалдырып келедi.
Бiрiншi мамыр көктемнiң көзайым мерекесi әз-Наурыздың  жалғасы iспеттi. Тiршiлiк түрлене түлейтiн жайдарлы шақта мерейлi мерекелердiң бiрiнен соң бiрiнiң келуi үмiт пен сенiмнiң сабақтастығын бiлдiредi. Бүгiнде Елбасының салиқалы саясатының нәтижесiнде ел аумағында көпұлтты халық тату-тәттi өмiр сүруде. Отанымызда тiлi мен дiни сенiмi әртүрлi ұлттардың салт-дәстүрiн сақтауға толық жағдай жасалған. 
Қазақстан халқы Ассамблеясының шаңырағына топтасқан түрлi ұлт өкiлдерi елдiгiмiздi танытар игi бастамалардың барлығына белсендi атсалысуда. Өңiрiмiздегi 20 этномәдени орталыққа қажеттi қолдау жасалып, жыл сайын арнайы гранттар берiлуде. Бiрлiк күнiнен бастау алатын ұлттардың тiлi, салт-дәстүрi және мәдениетi күндерiн өткiзу Оңтүстiк Қазақстанда игi дәстүрге айналған.   
Дана халқымызда «Игiлiк басы – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Ынтымағымыздың шынайы, бiрлiгiмiздiң баянды болуы әрбiрiмiзге тiкелей байланысты. Бiз басты байлығымыз – қоғамдағы келiсiм мен татулықты сақтау iсiне атсалысуға мiндеттiмiз.
Бiрлiк – елiмiздегi саяси-экономикалық тұрақтылықтың басты, әрi негiзгi кепiлi. Бағындырған белестерiмiз бен жеткен жетiстiктерiмiз ауызбiршiлiк пен шынайы түсiнiстiктiң жемiсi.
Құрметтi жерлестер!
Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi қазақстандықтардың ынтымағын жарастырып, ырысын арттырсын. Баршаңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға бақ-береке тiлеймiз!
Ырысты ынтымақ, берекелi бiрлiк жолы жалғаса бергей!
 
А.Мырзахметов,
Оңтүстiк Қазақстан
облысының әкiмi.
Қ.Ержан,
облыстық мәслихат хатшысы.
Категориясы: Хабарландырулар, құттықтаулар | Көрілді: 973 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Мамыр 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: George

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 4026
Осы ай ішінде: 1
Осы апта ішінде: 0
Кеше: 0
Бүгін: 0