Бейсенбі, 19.Қазан.2017, 04:01
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » Дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран, жолымыз - сүннет, мазхабымыз - Ханафи » Діни мәселелерге байланысты сұрақ-жауаптар... » Жаңа жылды тойлаймыз ба? (Жаңа жылды тойлаймыз ба?)
Жаңа жылды тойлаймыз ба?
Dinislam_KzУақыты: Сейсенбі, 16.Желтоқсан.2008, 06:35 | Хабарлама # 1
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Жаңа жылды тойлаймыз ба?
Жаңа жылдың түп тарихы қайда барып тіреледі екен?
Жаңа жлды тойлау өзін мұсылманмын деген жанға лайықты ма әлде жоқ па?
Осы іс шариғат көзқарасында дұрыс па әлде бұрыс па?
Білген, оқығандарыңыз болса ортаға салыңыздар, бір нәтиже шығар деген үмітім бар....




Dinislam_KzУақыты: Сейсенбі, 16.Желтоқсан.2008, 06:37 | Хабарлама # 2
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Бүгін Интернет беттерін шарлап отырып Ақмоншақтың түрткендерін көзім шалып қалды:

ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕ, ЖАҢА ЖЫЛ МА?
Бүгінгі ұрпақтың жарқын өмірі - кешегі ата-бабалардың қан төгісінің арқасы. Ғасырларды ақтармай-ақ 1986 жылғы оқиғаны айтсақ та жетіп жатыр. Алайда біз ол күндерді қалай ұлықтаймыз? Соны ойланып көрдік пе? Дәл қазіргі уақытта өзіміздің тәуелсіздік мейрамынан гөрі жаңа жыл мерекесінің мәртебесі жоғары ма деп қалдым. Мұны жай ғана қаламыздың әр көшесінен өткенде байқауға болады. Әр көшедегі жаңа жыл жарнамалары тәуелсіздік мейрамын халықтың есіне түсіргісі келмейтіндей. Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан біздің қоғам әлі де тәуелділіктен арыла алмай келе жатқанын осы құбылыстар тағы бір байқатады. Әйтпесе…




abu_muxsinУақыты: Сейсенбі, 16.Желтоқсан.2008, 10:21 | Хабарлама # 3
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 67
[ ]
Ажыратылған
Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын. Барлық мақтау Әлемдердің Раббысы Аллаһқа лайық. Пайғамбар Мұхаммадқа, оның сахабаларына және оның жолымен жүргендерге Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!

Соңғы кездері басқа дін өкілдерінің мейрамдары жайында көп сұрақтар қойылады, Шариғат бойынша оларды тойлауға, қатысуға, сыйлықтар алып-берісуге болады ма деген сияқты.
Барлық мұсылмандарға ескертіп кетейін, біздің мұсылман жамағатында тек екі ғана мейрам бар, ‘Ид аль-адха – Құрбан айт және ‘Ид аль-фитр – Ораза айт. Және осыған қосымша әр аптада болатын мейрам – жұма. Бұл күні Адам ата жаратылды, және осы күні жерге түсірілді, жұма күні ақірет басталады. Және де басқа да оқиғалармен байланысы, артықшылықтары бар, жақсы істер жасаған лайығырақ. Басқа мейрам жоқ. Сондықтанда Аллаһ елшісі (салиаллаһу алейһи уассалям) сахабаларымен Мединаға көшіп барып, оның тұрғындары мажусилердің мейрамын тойлап жатқанын көргенде бұнда қатысуға қатаң тиым салды, сосын жоғарыда айтылған екі мейрамды атап, біз мұсылман тек екі ғана мейрамды тойлаймыз деді.
Осы және басқа да шариғат қағидаларына сүйеніп Ислам ғұламалары христиандардың, яһудейлердің, мәжусилердің мейрамдарын және басқа да шариғатта жоқ мейрамдарды тойлау харам деп айтқан. Және бұл тойлауға қатысу, сыйлықтар жасау, соған байланысты шаралар жасау сияқты әрекеттер де харам болып саналады. Атақты ғұламалардың бірі Ибн-Қайим аль-Джаузия (радыаллаһу анху) айтқан: «Барлық танылған ғұламалар мен 4 негізгі мазһаб жолын ұстаушылар бір ауыздан мұсылмандарға кәпірлердің мейрамына қатысуға болмайды деген пікірге келген». Және де айтты: Умар бин аль-Хаттабтан сахих тізбекпен Имам Байхақый жеткізген: “Мажусилер мен кәпірлер мейрамдарын тойлап жатқанда олардың ғибадат ететін жерлеріне жақындамандар да бармаңдар. Өйткені оларға Аллаһ тағаланың қаһары түсіп тұрады.” Және де Умар бин аль-Хаттаб олар мейрамдарын тойлап жатқан кезде оларға жақындамауды бұйырғанын жеткізген. Ең ұлы сахабалардың бірі Абдуллаһ ибн Амр (радыаллаһу анху) айтқан: “Кімде-кім кәпірлердің елінде болып, олармен бірге мейрамдарына қатысса, не тойласып, атап өтіп, өлім келгенше дейін соларға еліктеп өтсе (яғни, егер осы қалыпта өліп кетсе), онда ол ақіретте солармен бірге тірілетін болады.” Аллаһтың елшісі (салиаллаһу алейһи уассалям) айтты: «Кім қай халыққа еліктесе, ол сол халықтан». Сондықтан егер де қайсыбір мұсылман басқа діннің халқына өздерінің ерекшелігі саналатын істерде еліктейтін болса, ол сол халықтан болып қалады. Олардың мейрам жөнінде сенімдері діндегі жаңалық не Құран түсумен күшін жойған зат. Мұсылман күшін жойған не ойдан шығарылған ұстанымдарға еруге құқығы жоқ. Аллаһ тағала діндегі жаңалық істерді қабыл етпейді және муминнің бұл ісіне разы болмайды. Аллаһ тағала айтады: «Шындығында егерде сендер күпірлік жасасаңдар, Аллаһ сендерге және сендердің жасап жатқан істеріңе мұқтаж емес (яғни, бұл жаман іспен тек өздеріңе ғана зияндық жасайсыңдар) және Аллаһ өзінің құлдарының күпірлік еткендеріне қанағаттанып, разы болмайды, ал егер шүкіршілік етсеңдер, Ол сендерге разы болады». Шындығына келгенде тойлауға қатысу не құттықтау діндегі жаңалықпен не күнаға қатысқанмен құттықтау болып саналады ғой, ал бұндай мұсылман өзін Аллаһтың қаһарына ұшыратқалы тұр. Осыған қоса ол діндегі жаңалықты жақтап, оның таралуына септігін тигізеді. Қазіргі мұсылман жамағатының жағдайына көз салыңызшы, қалайша олар тез адасушылыққа бой алдырып қойады, жаңа жыл, әулие Валентин, туған күн, 8-наурыз сияқты және басқа да ислами емес кәпірлердің ойлап шығарған мейрамдарын тойлауда яһудей, христиандарға еліктеп кетеді. Мұсылмандар қазір сондай әлсіз және кәпірлер мұсылмандарға ықпалын оңай тигізе алады. Бұл пайғамбарымыз (салиаллаһу алейһи уассалям) айтқандай келіп тұр: «Сендер бұрынғы өткендердің жолымен жүріп, соларға еріп кетесіңдер…» Қазір көріп тұрғанымыздай мұсылмандар яһудей мен христиандарға барлық істерде еліктейді, тіпті мейрамдарда да. Ал сіздер олардың мұсылман мейрамдарын тойлағанын көрдіңіз бе өміріңізде? Қай яһудей, қай христиан құрбан айт кезінде құрбан шалады? Қайсысы ораза ұстап, қайсысы ифтар қылады?
Неге мұсылмандар кәпірлерге сонша еліктеп, бұны тастағысы келмейді? Бұл олардың мейрамдары, өздері мәз-мейрам болып тойлай берсін, мұсылмандарда өздерінің мейрамы бар. Бұдан қашу не онда қатыспау қаталдықтың, ызалылықтың және өшпенділіктің белгісі емес. Бұл тек біздер мұсылмандар үшін мейрам болып саналмайды және шаттыққа негіз емес. Осы жоғарыда айтылғанның дәлелі ретінде имам Ибн Қайим сөздеріне, осы күнгі ғұламалардың ішінен Мұхаммад ибн Салих аль-Мунаджид, Сауд Арабиясындағы ғұламалардың бас кеңесіне жүгінемін деп батыл айта аламын. Бұл шейхуль-Ислам ибн Теймияның да пікірі.

Соңында, Аллаһтан мұсылман қауымын дәріптеп, оған күш-қуат беріп, қадамдарын нық етіп, оларды Құран мен сүннетті берік ұстаушылардан етуін сұраймын. Бұл Оған қиын емес, шындығында Ол барлығына күші жетуші. Және бұл туралы Аллаһ жақсы біледі. Пайғамбар Мұхаммадқа, жанұясына және оның сахабаларына Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!

Сұраққа эр-Риядтағы имам Мухаммад бин Сауд атындағы Ислам университетінің түлегі Расул Кудаев жауап берді.

HayrullaУақыты: Сейсенбі, 16.Желтоқсан.2008, 11:31 | Хабарлама # 4
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Quote (imam)
Дәл қазіргі уақытта өзіміздің тәуелсіздік мейрамынан гөрі жаңа жыл мерекесінің мәртебесі жоғары ма деп қалдым.

Дұрыс айтасыз имам. Жалпы Жаңа жыл дегеніңнің өзі ішіп-жеп қарын тойдыруға, даурығуға құрылған ғой. Бұрынғы пұтқа табынушылар культінің сарқыншағы жетіп артылады. Шыршаны айналу, әлем-жәлем киіну, ішімдік ішу, күрке тауық пісіру деген сияқты т.б. Ұлтымызға жат нәрселер жетерлік.
Оның қасында Тәуелсіздік күнінің қазаққа бергені көп қой. Хақ дінімізді ұстануға еркін жол ашты. Перғауынның құлдығынан құтылған Мұсаның қауымы тәрізді Тағут бұғауынан босадық.
Бірақ, санаға отаршылық дәуірден бері сіңісті болған жайттан арыла алмай келеміз. Елдің иманы күшейсе ғана түсінерміз бәлкім... :)


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
HayrullaУақыты: Бейсенбі, 18.Желтоқсан.2008, 11:57 | Хабарлама # 5
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Пұтқа табынушы өте ежелгі славяндар мейрамының ең басында Жаңа жыл мерекесі тұр. Бұл тіпті мұсылманды қойып, православиеліктерге де жат дәстүр екен. Қараңыз "язычество" http://ru.wikipedia. subhan

Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!


Хатты жөндеген Hayrulla - Бейсенбі, 18.Желтоқсан.2008, 12:08
Rahim_NurУақыты: Дүйсенбі, 22.Желтоқсан.2008, 14:40 | Хабарлама # 6
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 135
[ ]
Ажыратылған
Менің өз басым жаңа жылды тойлауға ала тонымды ала қашардай қарсымын. Мәселен оның ішінде шырша айналуға. Хриятиандар Иса пайғамбарды шыршаның түбінде туды деп соны дәріптей айналады. Ал Құранда өздеріңіз білесіздер Иса пайғамбарымыз құрма ағашының түбінде туады. Құрма ағашының түбінде тумады десек, те жемісі бар ағаштың түбінде туады. Шыршада қайдан жеміс болсын, шишкадан басқа. 54
Сонымен біріншіден баланың санасын улайды. Қайта біздегілер (қара домалақтарды айтамын-дағы) шыршаны неге айналамыз деп сұрамайды ғой. Әйтпесе бүлік сонда бола ма?


"Береген қол алаған қолдан артық"
Хадис Шәриф
HayrullaУақыты: Дүйсенбі, 22.Желтоқсан.2008, 14:49 | Хабарлама # 7
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Quote (Rahim_Nur)
тонымды ала қашардай қарсымын. Мәселен оның ішінде шырша айналуға.

Дұрыс-ау. Айналып тауаф етуге тек Қағба ғана лайық қой! jaraisyng
Quote (Rahim_Nur)
Хриятиандар Иса пайғамбарды шыршаның түбінде туды деп соны дәріптей айналады.

Інжіл жазбаларында Исаны мал қорада, шөп салатын науада туылды десе керек еді. :)


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 31.Желтоқсан.2008, 14:25 | Хабарлама # 8
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Рождество Христово және жаңа жылдың шығу тарихы.
Құрметті менің баурым, Рождество мерекесінің түпкі тамыры христиандық емес екенін білгенің абзал.
Рим империясында көпқұдайшылдар өздері жартылай құдай жартылай адам деп табынатын Митраның туған күнін (Рождествосын) сән-салтанатпен атап өтетін болған. Олардың жалған діні бойынша Митра 25 желтоқсан күні бір үнгірде жануарлар арасында туған. Тура осы сияқты славяндар да христиан дінін қабылдаудан бұрын көп жалған құдайларының біреуі болған Коляданың Рождествосын тойлаған (олардың Рождествода айтатын әндері бүгін де «колядки» деп аталады). Ел арасында кең тараған бұл мерекені ығыстырып тастау үшін ІҮ-ғасырда бұрын сол Митраның бас табынушысы болған, кейіннен христиан дінін жаңадан қабылдаған Византия империясының императоры Константин 25-желтоқсанды Иисустың (Иса а.с.) туған күні деп жариялаған. Оған дейін Исаға тиісті бұндай атаулы күнді ешкім білмеген де, тойламаған да.




janbolatУақыты: Сәрсенбі, 31.Желтоқсан.2008, 15:03 | Хабарлама # 9
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
жаңа үйге біреу келді...
басында тақия, жаңа жылға құран оқып берем деп...
үйге кіргізген жоқпыз...


KZ
Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 31.Желтоқсан.2008, 15:10 | Хабарлама # 10
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Quote (janbolat)
басында тақия, жаңа жылға құран оқып берем деп...

Ақша табудың жаңа жолы шығар..... :)




Dinislam_KzУақыты: Бейсенбі, 01.Қаңтар.2009, 21:32 | Хабарлама # 11
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
жаңа жылды тойлаймын деп кетіп ертеңіне оралмағандар көбейіп жатыр.....



HayrullaУақыты: Сейсенбі, 22.Желтоқсан.2009, 09:57 | Хабарлама # 12
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Quote (Dinislam_Kz)
жаңа жылды тойлаймын деп кетіп ертеңіне оралмағандар көбейіп жатыр.....

:D


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
SalamatУақыты: Сейсенбі, 22.Желтоқсан.2009, 19:00 | Хабарлама # 13
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
Қандайда болмасын күнәнің істелуіне себепші болатын мерекені, жиынды, тойды дініміз құптамайды. Себебі күнә бізді жаратушы Иемізден алшақтатады, жүрегімізді қарайтады, Ібілістің сыбайласы қылып тозаққа жетелейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Дінімізге қатысы жоқ іске араласпау мұсылмандықтың нышаны" - деген. Білімсіздік кесірінен шайтанмен ауыз жаласып, тұла бойы фитнә мен ширк амалына сіңген сөзі мен ісі Тағуттың құрған өрмегіндей кешегі құдайсыз кеңес үкіметінің идеологиясына уланған ата — әже, әке — шешелеріміз жеті атамызда болып көрмеген жаңа жылға қарсы сөз айтсақ біреуді ренжіту үшін емес Алланың разылығы үшін айтамыз, райларыңыздан қайтыңыздар, құдайдан қорқып тәубе етіңіздер.
Рахман Иеміз Мәида сүресінің екінші аятында: "Әй, иман келтіргендер! Жақсылықта және тақуалықта жәрдемдесіңдер. Күнәда және дұшпандықта жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар, өйткені Алланың жазасы өте күйзелтуші" - десе. Дәп осы сүренің алпыс екінші аятында:
"Олардың көбісі күнәда, дұшпандықта және харам жеуде бір — бірімен жарысқанын көресің. Бұлардың істеген істері неткен жаман" - делінген.
060994Уақыты: Бейсенбі, 01.Сәуір.2010, 22:38 | Хабарлама # 14
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 9
[ ]
Ажыратылған
Әс-сәләму алейкум! Аллаху Алим тек Алла бәрін білуші, менің ойымша: жаңа жыл жай ғана еліктеу. Баршаңызға мына мақаланы оқуға кеңес беремін: http://www.dinislam.kz/publ....1-0-482
Сұхбат » Дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран, жолымыз - сүннет, мазхабымыз - Ханафи » Діни мәселелерге байланысты сұрақ-жауаптар... » Жаңа жылды тойлаймыз ба? (Жаңа жылды тойлаймыз ба?)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды