Ат қою жөнінде... - Сұхбат
Сәрсенбі, 25.Қаңтар.2017, 03:13
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » Дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран, жолымыз - сүннет, мазхабымыз - Ханафи » Діни мәселелерге байланысты сұрақ-жауаптар... » Ат қою жөнінде...
Ат қою жөнінде...
rbchУақыты: Жұма, 14.Қараша.2008, 10:19 | Хабарлама # 1
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Мұсылмандарға сөзсіз Арабша ат қоюы керек пе?? дәлелі не?? қандай негізі бар ??

تعلم العلم من المهد الى اللحد
janbolatУақыты: Жұма, 14.Қараша.2008, 10:23 | Хабарлама # 2
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
rbch,
арапша болуы шарт емес, мұсылманша болса жақсы болады...

Пайғамбарымыздың (с.а.с) әдемі ат қойыңдар дегенді білем...


KZ
rbchУақыты: Жұма, 14.Қараша.2008, 11:24 | Хабарлама # 3
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Пайғамбарымыз(с.ғ.с) және : "Аттардың ең жақсысы Абдулла" деген. "ең,нашар тар патшалардың патшасы" деген хадис те бар ...

Ал онда неге арабша ат қою үгіттеледі?

Добавлено (14-Қараша-2008, 11.24)
---------------------------------------------
Мұсылман болу дегендік Араб болу дегендік емес қой!
Айдын,айқын,айбала... әдемі аттар ғой...


تعلم العلم من المهد الى اللحد
janbolatУақыты: Жұма, 14.Қараша.2008, 12:15 | Хабарлама # 4
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Кім арапша ат қой деп үгіттеп жүр сізге? :)
Арапша қойсаңыз да жаман болмас :) тек мұсылман адамға сай ат болсын да :)


KZ
HayrullaУақыты: Жұма, 14.Қараша.2008, 12:28 | Хабарлама # 5
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Халқымыздың дана тұлғалары ат қоюға үлкен мән берген. Құнанбай қажы өз ұлдарына шамандық емес китаби есімдер қойған. Мәселен, Абайдың шын есімі Ибраһим, Құдайберді, Тәңірберген, Халиолла, Ысқақ, Оспан, Смағұл т.б. Абайдың ұлдары Әбдірахман, Мағауя, Мекаил т.б. Бірақ, оларды ешкім де арабша ат қойдыңдар деп айыптаған жоқ қой.
Бір хадисте айтылғандай "Бұл дүниеде барлығы да лағнеттелген (құнсыз). Тек пайдалы ілім үйретуші мен үйренуші және Аллаһты еске алудан басқа". Бұл хадистің ат қоюға да қатысы бар. Айтылған кезде Аллаһты еске түсіретін есімдерді неге қоймасқа!? Мәселен, Абдурахман, Абдуллаһ, Абдуссомад, Абдулуаһһаб деген секілділер. Немесе Аллаһтың жіберген елшілерінің есімдері де тамаша емес пе? Мұса, Иса, Салих т.б.
Дінсіз қауымға тән есімдер қойғаннан гөрі Фатима, Әмина, Халима деген секілді есімдер артық емес пе?!


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
janbolatУақыты: Жұма, 14.Қараша.2008, 12:59 | Хабарлама # 6
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Quote (Hayrulla)
Бірақ, оларды ешкім де арабша ат қойдыңдар деп айыптаған жоқ қой.

сізді айыптап жатқандар бар ма не сонда?


KZ
rbchУақыты: Жұма, 14.Қараша.2008, 14:19 | Хабарлама # 7
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Мәселен мынадай хабарлар естиміз; пәленше християн Исламға кіріпті,сосын ххх деп өзіне мұсылманша ат қойыпты, кейбір адамдар имандылыққа келгесін де өздеріне Арапша ат қоып алып жатады...

Добавлено (14-Қараша-2008, 14.14)
---------------------------------------------
сосын, мұсылманша ат,islamic name деген сиақты сөздер бар,негізі сол Арапшаны айтпақшы(парсыша да бар) ....

Добавлено (14-Қараша-2008, 14.19)
---------------------------------------------
Абдулла,сосын,Пайғамбарлардың аттарын қойса болады дәл өзінше әкеліп!!
ал,шәміс,қамар,қайыр,жамал,сәлім т.б ларды қойғанша,мағнасын барлық ел білетін Қазақшадан қойғаны жақсы ғой...


تعلم العلم من المهد الى اللحد

Хатты жөндеген rbch - Жұма, 14.Қараша.2008, 14:21
HayrullaУақыты: Жұма, 14.Қараша.2008, 15:53 | Хабарлама # 8
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Quote (Hayrulla)
сізді айыптап жатқандар бар ма не сонда?

Жоқ, ешкім айыптап жатқан жоқ. rbch, "арабша ат" деген тіркес жазыпты. Мұының ар жағында арабшаң жөн емес деген қарапайым ұлтшылдық, бөлінушілік жатыр емес пе? Әлде мен қате түсініп отырмын ба?


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
rbchУақыты: Сенбі, 15.Қараша.2008, 10:16 | Хабарлама # 9
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Я! қете түсінген сиақтысыз...
Алла таала құдірет күші жете тұрсада адазатты түрлі ұлт,ұлыс,ұқсамаған тіл,өңде етіп жатаратқан.
Ұлы Алла Құранда бұйырады:

"Ей адамдар!мен шынанда сендерді бір еркел бір ұрғашыдан жарттым,сендерді өз ара тіпті жақсы тануларың үшын көптеген ұлт пен ұлысқа айырдым.Алла қарағанда іштеріңде ең мәртебелілерің ең тақуларың,Алла шынымен бәрін білуші,анық ұғушы" (49:13)

Сосын және :
"Оның бір белгісі:Жер мен көктің жаратылуы,сондай ақ сендердің тілдерің мен өңдеріңдегітүрлілік,білмділер үшін бұнда көптеген белгілер бар!" (30:20)

Әне! бұл Алланың еркі! сондықтан, әр тілге құмет етілуі керек! тілге құрмет деген сол тілді қолданумен жүзге аспақ!
Арапша қолданғанның барын мұсылман деуге болама,болмайды,Кәпір араптар да баршылық! Арапша ат қойып алып ғаплетте жүрген қаншалық адам бар, сол, Арапша ақ қойғандардың көбі өз атының мәнісін де ұқпайды...

Ұлтшылдық деген не?
Бір ұлттың өз тілін қорғауы ұлтшылдық болмайды. Ұлтшылдық деген біреу өз ұлтына сүйісеншілік білдірумен бірге басқа ұлыттарға өшпенділікпен қарайтын идеия. мен мұндай идеияда емеспін! Алла куа!! дүниеде бұзақы ұлт деген болмайды,тек бұзақы адамдар болады,мұсылман деген ұлттық ұғым емес ! Барық ұлтқа сүйіспеншілікпен қараймын!

Добавлено (15-Қараша-2008, 10.10)
---------------------------------------------
казіргі көп санды Арап елдеріне дін емес ұлшылдық идеиялогияларға сүйенеді. мынаған қара Арап елдерінде Ақ,Қара,Жасыл,Қызыл төрт реңнен тұратын туды қолданатын елдер көп санды ұстайды, Ирақ,Мысыр,Сурия,Лубнан,Юрдания,Палестин, Судан,Иемен,Куаит... бұл төрт рең Арап ұлтшылдығының(القومية العربية) симвлдық реңі делінеді. Pan-Arab Colours
Арап ұлтшылдғы (القومية العربية) ұлтты діннен жоғары қойады, дінді ұлтқа қызмет еттіретін құар етуді көздейді...

Добавлено (15-Қараша-2008, 10.11)
---------------------------------------------

Добавлено (15-Қараша-2008, 10.13)
---------------------------------------------

Добавлено (15-Қараша-2008, 10.15)
---------------------------------------------

Добавлено (15-Қараша-2008, 10.16)
---------------------------------------------
Осы формадас тулар...


تعلم العلم من المهد الى اللحد

Хатты жөндеген rbch - Сенбі, 15.Қараша.2008, 10:20
HayrullaУақыты: Сенбі, 15.Қараша.2008, 12:18 | Хабарлама # 10
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Араб ұлтшылдығы өз алдына бөлек тақырып. Бұл тақырыпқа қатысы жоқ деп ойлаймын.
Сіздің ше арабша ат пен мұсылманша ат екі бөлек пе? Екеуі бір емес пе?
Қазақтың әдемі аттарына ешкім де қарсы болып жатқан жоқ. Бірақ, "арабша ат" деп жік шығарудың қажеті жоқ. Бұл бөлінушілікке алып келеді.
Бұл жерде күлбілтелемей мәселенің басын ашып, тура айтқан жөн. Егер Исламды жаңа қабылдаған бір қазақ өзінің Бейбіт, Ерлан, Айжан деген әп-әдемі есімін өзге бір есім немесе мұсылманша атқа ауыстырса бұл бидғат болғаны. Себебі, сахабалар Ислам қабылдаған соң есімдерін өзгерткен жоқ. Әбу Бәкір Әбу Бәкір қалпында, Омар Омар қалпын, Масғуд Масғуд қалпында қалды. Тек ширкке апаратын есімдер ғана өзгертілді. Латтың, Бағалдың, Суағдың құлы деген тәрізді пұттарға телінетін аттар ауыстырылды.
Ал кім нәрестеге азан шақырылып қойылатын есім арабша (яғни мұсылманша) болмасын десе ол Құрандағы "Дінде бөлінбеңдер" деген аятқа қарсы келген болады. Күллі мұсылмандар бауырлар ғой.
Бір нәрсе ақиқат. Арабша ат, арабтың діні деген сөздерді Исламның дұшпандары жиі қолданады. Фитна шығармас үшін бұл тіркестен аулақ болған дұрыс.


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!


Хатты жөндеген Hayrulla - Сенбі, 15.Қараша.2008, 12:20
janbolatУақыты: Сенбі, 15.Қараша.2008, 12:43 | Хабарлама # 11
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Дұрыс айтасыз, балаға қандай да ат қойылмасын, ең бірінші ол әдемі және мұсылмаға сай ат болу керек.
Өйткені бұл мәселеде басқа ережелер жоқ қой

Балаға ат қойғанда, өй мынау араптың аты екен деп қоймай қоймаймыз ғой,
ол есімнің мағынасына немесе сол есім кезінде үлкен кісілердің, сахабалардың, пайғамбарлардың есімдері болған деп қоямыз ғой.


KZ
rbchУақыты: Сенбі, 15.Қараша.2008, 14:45 | Хабарлама # 12
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
"Сіздің ше арабша ат пен мұсылманша ат екі бөлек пе? Екеуі бір емес пе? "
----
Бір емес!
Арапша аттың бары мұсылманша бола беруі екі талай, "Апдырасул" деп ат қойп жүрген Қазақтар бар,сол Арапша атпен жүрген Қазақтың 70 пайызы сол атының мәнісін түсінбейді ... сенбесең сынап көр??
Бұлы догыма деймізбе не дейміз... дініміз осындай нәрселерді үгіттеушіме еді.

Мұсылманша ат деген не?
Ж: әдемі аттың бары мұсылманша ат болады! ол Арапша болуы да басқа басқа тілде болуы да мүмкін. ал кейбіреулер Арапша атты ғана мұсылманша ат деп ойлайды.олар назарында басқа тілдегі ат мұсылманша ат емес, нағыз бөлінуді міне осылар келтіріп шығарады. бұндай істер діни нәрселерге Араптікі деген ен таңба басады,басқалар басқалай жөнімен болады ...

"Ал кім нәрестеге азан шақырылып қойылатын есім арабша (яғни мұсылманша) болмасын десе ол Құрандағы "Дінде бөлінбеңдер" деген аятқа қарсы келген болады. Күллі мұсылмандар бауырлар ғой. "
------
Бұн не сөз?? азан шақырып ат қою мен жоғарда айтып жатқан ат қоюымыз екі басқа нәрсема екен!?азан шақырып қойған ат,азан шақырмай қойған ат деген аттар болуы керек пе?
Азан шақырылғаны сөзсіз Арапша болу керек? ал,басқасы басқалай болса бола береді деген болса ол не сөз ?? нғыз бөлнушілікті тудыратын осы қылық емеспе?! бір бөлім нәрсеге(дінге қатыстыға) "Араптікі" деген бөлектеп таңба басу ғой бұл.

Добавлено (15-Қараша-2008, 14.45)
---------------------------------------------
Араб ұлтшылдығы өз алдына бөлек тақырып...

..........
Қатысты, барлық ұлтшыл швенисттерден сақ болу керек. Араб ұлтшылдары дінді желеу етіп басқа нәрселерді іске асырмақ болады. Араптарға құрметпен қарау керек,Алланың көрсеткені бойынша мұсылмандардың өзара бауыластығы негізінде, ал , ал Мұсылмандар арасында Араптарға құрмет емес қошаметтеп асырып жіберетіндер бар. бұл дінге де дұрыс емес, Пайғамбарымыз(с.ғ.с)дың өзі: мені насаранилердің Иса(ғ.с)ны қошаметтегеніндей көтермелемеңдер" деп бұйырады... көптеген нәрселерге надандықтар себепші болып отыр.

Бір нәрсе ақиқат. Арабша ат, арабтың діні деген сөздерді Исламның дұшпандары жиі қолданады. Фитна шығармас үшін бұл тіркестен аулақ болған дұрыс.
..................
Арабша(тіл) деп айтуда ештеме жоқ деп ойлаймын, Құранның тілі Арапша!Пайғамбарымыз(с.ғ.с) Арап,Арапша сөйлеген,"Мұхаммед" деген Арапша сөз! енді не,өтірік пе?? бұлай айтпау керек па?? ақиқат сондай ғой, Арапша нәрсені Арапша дегенге фитна шықса ол не болды?? осындай дегенге бөлінген адамдарды есті деуге болмас!!

Ал,мұнда дінді айтып отырғамыз жоқ.Ислам күллі адамзаттың діні!! оны Араптың ғана діні деу қате!! ол әрі жалпы Қазақтың ұстанған діні болуы керек!
жалпы Орыстың ұстанған діні болуы керек,Қырғыздың,өзбектің...Ағылшынның,Немістің,Американның,Жапонның,Қытайдың .... күллі адамзаттың,күллі ұлттардың діні болуы керек!!!


تعلم العلم من المهد الى اللحد

Хатты жөндеген rbch - Сенбі, 15.Қараша.2008, 14:49
СакеУақыты: Дүйсенбі, 17.Қараша.2008, 15:26 | Хабарлама # 13
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 6
[ ]
Ажыратылған
Менің ойымша, қазақ халқы атты ырыммен қойған.Әр қойылған аттың көбінің өзінше бір тарихы бар.Әйтеуір Маңғыстауда солай.
060994Уақыты: Сейсенбі, 30.Наурыз.2010, 17:00 | Хабарлама # 14
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 9
[ ]
Ажыратылған
Әс сәләму алейкум! Ат қою мәселе бойынша "Ислам және өркениет" газетінің №7 (187) "Мұсылманша ат қою" (авторы:Ерлан Омаров, Жоламан ақ мешітінің бас имамы, Семей қаласы) немесе ҚМДБ сайтынан http://muftyat.kz/1947-m1201sylmansha-at-1179oju.html оқи аласыздар.
Сұхбат » Дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран, жолымыз - сүннет, мазхабымыз - Ханафи » Діни мәселелерге байланысты сұрақ-жауаптар... » Ат қою жөнінде...
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды