Сенбі, 27.Мамыр.2017, 10:09
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » Екі айт және ҚҰРБАНДЫҚ - "Ақиқа", "Нәзір құрбандығы" » Құрбандық (удхия) (ҚҰРБАНДЫҚ (УДХИЯ))
Құрбандық (удхия)
shamshatУақыты: Сенбі, 30.Қазан.2010, 02:46 | Хабарлама # 1
Майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 61
[ ]
Ажыратылған
ҚҰРБАНДЫҚ (УДХИЯ)
«Удхия» сөзі араб тілінде «духа (сәске) уақытында сойылатын құрбандық» деген мағынаны береді. Шариғатта «удхия» деп құрбан айт кезінде Аллаһтың разылығы үшін құрбандыққа шалынатын малды атайды. Құрбандық шалудың үкімі - уәжіп. Әр отбасына бір құрбандықтан шалса жеткілікті. Пайғамбар с.а.с.: «Ей, адамдар! Әр үй әр жылы құрбандық шалуы міндетті», - деген (Әбу Дауд);

(Бұл жазулар мына кітаптан алында: "Фиқһ әл-ғибадат (Ханафи мазхабы негізінде).
Арабшадан аударып құрастырған: Р.Мухитдинов. Кәусар-саяхат баспасы. Алматы 2010 жыл.)


Хатты жөндеген shamshat - Сенбі, 30.Қазан.2010, 02:54
shamshatУақыты: Сенбі, 30.Қазан.2010, 02:47 | Хабарлама # 2
Майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 61
[ ]
Ажыратылған
Құрбандыққа мал шалу кімдерге уәжіп?
Балиғаттық жасқа толған, ақыл-есі бүтін, құрбандық шалуды жағдайы көтеретін тұрғылықты мұсылман үшін (ер және әйел) құрбандыққа мал шалу - уәжіп.
Яғни құрбандық шалу жолаушыға, қаражаты жетпейтінге, балиғатқа толмаған сәбиге, есі кем жындыға уәжіп емес. Ер кісіге жас балалары үшін құрбандық шалу уәжіп емес.
Шариғатта «жағдайы көтеретін адам» деп құрбан айт күндері өзінің және отбасының негізгі қажетінен артық нисапқа (85 грамм алтын) жететін байлығы бар адамды айтады.
Құрбандық шалу жағдайы көтеретін адамның өзіне ғана уәжіп. Яғни оған балалары үшін құрбандық шалу міндет емес.
shamshatУақыты: Сенбі, 30.Қазан.2010, 02:49 | Хабарлама # 3
Майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 61
[ ]
Ажыратылған
Құрбандыққа шалынатын мал мынадай шарттарға сай келуі керек:
1. Шариғат бекіткен малдан болу. Олар: түйе, сиыр, қодас, енеке (буйвол), қой және ешкі. Бұл жануарлардың еркек не ұрғашы болуы шарт емес. Құрбандыққа шалынатын малдың еті семіз әрі дәмді болғаны жақсы.
2. Малдың он екі мүшесі сау болуы шарт. Яғни ауру бір көзі жоқ, соқыр, ақсақ, көтерем, шұнақ, сонымен қатар құлағы не құйрығының үштен бірі кесілген мал құрбандыққа жарамайды. Ал құлағы тілініп не тесіліп ен салынған мал құрбандыққа жарамды. Бірақ мұндай малды құрбандыққа шалу - мәкруһ.
Тоқал және мүйізі сынған, піштірілген мал да құрбандыққа жарамды деп саналады .
Егер қүрбандыққа шалынатын малды сатып алғаннан кейін оның денесіндегі бір кемістікті байқаса, оны ауыстыру керек. Ал сойғаннан кейін не сояйын деп жүріп майып қылып алса, оқасы жоқ. Мысалы, соямын деп пышақты малдың алқымына тақай бергенде, мал ытқып кетіп, пышақты малдың көзіне тығып алса немесе союға сүйреп келе жатып, аяғын сындырып алса, сол малды құрбандыққа шала береді.
3. Құрбандыққа арналған мал шариғат бекіткен жасқа толуы керек. Қой мен ешкінің жасы бір жылдан асқан болу керек. Тек алты айдан асқан семіз, бір жастан асқан басқа қойлардан дене-бітімі кем емес, бағлан марқа қозыны құрбандыққа шалуға болады. Сиыр екі жастан, ал түйе бес жастан асқан болуы қажет:
shamshatУақыты: Сенбі, 30.Қазан.2010, 02:50 | Хабарлама # 4
Майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 61
[ ]
Ажыратылған
Құрбандыққа шалынатын мал қанша адамға жетеді?
Қой және ешкіні бір адам ғана сояды. Бір адам екі не одан да көп құрбандық шала алады және ол барлық құрбандықтарының сауабын алады. Ал сиыр мен түйені жеті адам бірігіп союларына болады. Бір адам жалғыз өзі бір сиыр не түйені құрбандыққа шалуына рұқсат етіледі.
Жәбир ибн Абдуллаһ (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Худайбия жылы Аллаһ елшісімен с.а.с. бірге түйеге жеті адамның және сиырды жеті адамның (атынан) бауыздадық», - деді .
shamshatУақыты: Сенбі, 30.Қазан.2010, 02:51 | Хабарлама # 5
Майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 61
[ ]
Ажыратылған
Құрбандықтың уақыты:
Құрбандық шалудың бекітілген белгілі уақыты бар. Осы уақыттан бұрын және кейін құрбандық шалуға болмайды. Ал осы уақыттан бұрын шалынған құрбандық күнделікті қажеттілік үшін сойылған мал есебінде болады және ол құрбандықтың орнына жүрмейді.
Жундәб ибн Суфиян әл-Бәжәли (Аллаһ оған разы болсын): «Бір күні Аллаһ елшісімен с.а.с. құрбандықтарымызды шалдық. Сонда бір адамдар құрбандықтарын (айт) намаздан бцрын шалып койыпты. Пайғамбар с.а.с. кетер кезде олардың құрбандықтарын намаздан бұрын шалғанын көрді де: «Кімде-кім намаздан бұрын шалса, орнына басқасын шалсын. Кімде-кім әлі шалмаса, Аллаһтың атымен шалсын», - деді», - деген .
Әл-Бара (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбардың с.а.с. құтпа оқып тұрып: «Біздің сол күні ең бірінші істейтін амалымыз - намаз оқу. Одан соң (үйге) қайтып, құрбандық шаламыз. Кім осылай істесе, біздің сүннетімізге дөп түседі. Ал кім айт намазынан бұрын сойса, (сойған малы) отбасы үшін дайындаған ет болады және ол ешқандай құрбандық малына жатпайды», - дегенін естідім», - деген (әл-Бұхари, Муслим).
Айт намазы уәжіп болған елді мекендерде құрбандық шалу айт намазын оқып болғаннан кейін басталады. Ал айт намаздары оқылмайтын жерлерде таң атқаннан бастап малын соя беруге болады. Құрбандық шалу ташриқ күндерінің үшінші күні күн батқанға дейін жалғасады. Осыған орай мынадай үкімдер шығады:
- құрбандық құрбан айт намазы уәжіп болған елді мекенде тұратын адам құрбандығын айт намазы уәжіп емес жерге жіберген жағдайда, ол құрбандықтың айт намазынан кейін сойылуы шарт емес. Ол малды таң атқаннан кейін сойса да, жарай береді;
- айт намазын оқуға табиғи жағдай кедергі келтіргенде (қарлы боран, қатты нөсер және т.б.), құрбандықты айт намазын оқитындай уақыттан кейін сояды;
- егер адамдар жаңылысып, айт намазын бір күн бұрын оқып, құрбандықтарын шалып қойғаннан кейін қателескендерін білсе, оқыған намаздары мен шалған құрбандықтары дұрыс деп табылады.
shamshatУақыты: Сенбі, 30.Қазан.2010, 02:51 | Хабарлама # 6
Майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 61
[ ]
Ажыратылған
Құрбандықтың үкімдері:
1. Ханафи мазһабында құрбандық шалу - уәжіп. Сондықтан құрбандық шалатын уақыт өтіп кетсе де, оны шалу уәжіптігі құрбандық шалу міндет болған адамның мойнынан түспейді.
2. Егер адам құрбандыққа деп сатып алған малын ұрлатып алса, қашып кетсе немесе өліп қалса, шамасы келсе басқасын сатып алуы керек. Басқа мал сатып алғаннан кейін жоғалтып не ұрлатып алған малын тауып алса, екеуінің арасынан жақсысын таңдап сояды. Егер жағдайы көтерсе, екеуін де союына болады.
3. Құрбандықтың дұрыс болуы үшін үш шарт бар:
- құрбандыққа шалынатын мал жоғарыда аталып кеткен шариғат талап еткен шарттарға сай болуы керек;
- құрбандық белгіленген уақытында бауыздалуы тиіс;
- ол малды құрбандық ниетімен бауыздау керек. Ниетті тілмен айту шарт емес, бастысы - ол бауыздаған малын құрбандық ниетімен шалғандығын жүрегімен бекітсе жеткілікті.
4. Құрбандық шалу - уәжіп, ал оның етін тарату сүннет. Негізінен, құрбандықтың етін үшке бөлген дұрыс. Бір бөлігі өзі және отбасына, екінші бөлігі қонақтарға, ал үшінші бөлігі кедей-кепшіктерге садақа етіп таратуға арналады.
Әбу һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар с.а.с.: «Егер біреулерің құрбандық шалса, құрбандығынан жесін», - деді», - деген .
Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшіс с.а.с. құрбандықты үш күннен артық сақтауға тыйым салды. Сосын: «Жеңдер және тамақтандырыңдар», - деді», - деген (ән-Нәсәи).
Имам ән-Нәсәи риуаят еткен екінші бір хадисте Аллаһ елшісі с.а.с. алдымен құрбандық етінен өз үлестерін алуға үміттеніп келген бәдәуилерге таратып беру үшін құрбандық малының етін сақтауға тыйым салғандығы, сосын құрбандық етін сақтауға және одан тамақтануға рұқсат бергендігі айтылған. Кейбір деректерде «сол жылы халық арасында ашаршылық орын алғандықтан, Пайғамбар с.а.с. мұқтаждарға құрбандық етін тараттыру үшін оны сақтауға тыйым салған» деп келген.
5. Құрбандық шалуды өзге адамға тапсыруға болады. Сондай-ақ құрбандық малын сатып алып, одан кейін оны сойдыру үшін өзге біреуге құнын беруге болады.
6. Егер өзге біреуге құрбандық малын сатып алу үшін оның құнын берсе және ол адам малды сатып алғаннан кейін құрбандық иесінің рұқсатынсыз бауыздап қойса, құрбандық дұрыс деп есептеледі. Себебі құрбандықтың иесі оны құрбандық ретінде сою үшін алған еді.
7. Егер екі адам шатастырып, бірінің малын екіншісі құрбандыққа шалып қойса, бұл құрбандық дұрыс деп есептеледі. Тек қана олар құрбандыққа шалған малдарын ауыстырулары керек.
8. Құрбандыққа шалынған малдың еш нәрсесін сатуға болмайды. Терісін, жүнін, тіпті мүйізін де сатпайды.
9. Құрбандық малын басқа біреуге бауыздатса, оған еңбегінің ақысы ретінде құрбандыққа шалған малдың етінің бір бөлігін немесе терісін беруге болмайды. Ал сыйлық ниетімен беруге болады. Оған еңбегінің ақысы ақша не басқа бір зат ретінде төленуі керек.
shamshatУақыты: Сенбі, 30.Қазан.2010, 02:52 | Хабарлама # 7
Майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 61
[ ]
Ажыратылған
Құрбандық шалатын адамға мустахаб амалдар:
1. Құрбандық шалуға ниет еткен адам малдарының арасынан ең семізін, еттісін таңдағаны абзал.
2. Құрбандығын шамасы келсе және соя алатын болса, өзі сойғаны абзал. Егер өзі соя алмаса, құрбандық шалынып жатқан жердің басында тұруы керек.
Имран ибн Хусайн (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі с.а.с.: «Ей, Фатима! Тұр, құрбандығыңа қатыс», - деді», - деген .
3. Құрбандық шалған кезде «Бисмиләһи, уаллаһу әкбар» деп дұға жасау.
Жәбир ибн Абдуллаһ (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Аллаһ елшісімеп с.а.с. мусаллада құрбандыққа қатыстым. Құтпа оқып біткеннен кейін ол мінбедеп түсті. Оған с.а.с. қошқар алып келді. Аллаһтың елшісі с.а.с. оны өз қолымен бауыздады және «Бисмиләһи, уаллаһу әкбар (Аллаһтың атымен, Аллаһ ұлық). Бұл менен және менің үмбетімнен құрбандық шалмағандардан», - деді», - деген .
4. Мал бауыздаудың әдептерін сақтау. Мысалы, өткір пышақты қолдану малды қинамау басқа малдардан оқшау жерге алып бару бауыздағаннан кейін қаны толық аққанша ұстап тұру және т.б.
AdminУақыты: Жұма, 26.Қараша.2010, 03:01 | Хабарлама # 8
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
abdusomadУақыты: Дүйсенбі, 29.Қараша.2010, 20:46 | Хабарлама # 9
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 1
[ ]
Ажыратылған
салем бердик! бойыныз калай? осип жатсыз ба? денсаулыгыныз калай? мушениз жарап турма? сурайын дегеним меним Актобеде нагашы агам турады, сол ауылында бир молдалар болса сурашы деп еди, жалпы курбандык маселеси гой! сол даретсиз курбандык шалуга болама деп жатыр,биыл даретсиз шалып койыпты сол кабыл ма? кабыл емес па? негизи создин шынын айтканда кобинесе даретсиз журеди, неге дегенде Актобе салкын дарет алуга колайсыз! Алла разы болсын! Жауып кутем! айткандай Жомарт деген кары бар еди гой оган да бирнеше сауалым бар еди! жалпы куран жаттау маселеси! сондыктанда Алланын разылыгы ушин сонын почтасын жазып жиберинизши,отиниш![color=blue]
AdminУақыты: Дүйсенбі, 06.Желтоқсан.2010, 01:50 | Хабарлама # 10
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
Quote (abdusomad)
салем бердик! бойыныз калай? осип жатсыз ба? денсаулыгыныз калай? мушениз жарап турма?

Қызық сұрақтар екен... таң қалдым..... Бойым мен мүшем бірқалыпты, өсуі тоқтап қалды білем... :D

Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » Екі айт және ҚҰРБАНДЫҚ - "Ақиқа", "Нәзір құрбандығы" » Құрбандық (удхия) (ҚҰРБАНДЫҚ (УДХИЯ))
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды