Дүйсенбі, 24.Сәуір.2017, 03:37
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » Екі айт және ҚҰРБАНДЫҚ - "Ақиқа", "Нәзір құрбандығы" » Құрбан шалу (Құрбандық жайлы....)
Құрбан шалу
AdminУақыты: Сейсенбі, 26.Қазан.2010, 01:05 | Хабарлама # 1
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
Құрбан (араб тілінде) – «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Ал, шариғаттағы терминдік мағынасы – Аллаһ Тағаланың ризашылығын алуға жақындау ниетімен құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.
Аллаһ Тағаланың әмірлерін кемшіліксіз орындау пендені Құдайдың ризашылығына бөлеп, ақыретте сый-сыяпатқа кенелтеді. Құрбан шалу да – Аллаһ Тағаланың арнайы бұйрығы. Сол себепті бұл бұйрықты шын ықыласпен орындаушы Раббысының ризашылығын алып, ақыретте жүзі жарқын болып, мол сауапқа кенеледі. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде бұл амалдың жақсылығын былай деп түсіндіреді: «Адам баласы құрбан айт күні (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Аллаһ Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Аллаһ Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар» (Тирмизи, Адахи, 1).

Әзірлеген:
Руслан Абдуллаев,
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамының орынбасары,
облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы.

AdminУақыты: Сейсенбі, 26.Қазан.2010, 01:06 | Хабарлама # 2
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
ҚҰРБАН ШАЛУ

Құрбан (араб тілінде) – «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Ал, шариғаттағы терминдік мағынасы – Аллаһ Тағаланың ризашылығын алуға жақындау ниетімен құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.
Аллаһ Тағаланың әмірлерін кемшіліксіз орындау пендені Құдайдың ризашылығына бөлеп, ақыретте сый-сыяпатқа кенелтеді. Құрбан шалу да – Аллаһ Тағаланың арнайы бұйрығы. Сол себепті бұл бұйрықты шын ықыласпен орындаушы Раббысының ризашылығын алып, ақыретте жүзі жарқын болып, мол сауапқа кенеледі. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде бұл амалдың жақсылығын былай деп түсіндіреді: «Адам баласы құрбан айт күні (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Аллаһ Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Аллаһ Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар» (Тирмизи, Адахи, 1).
Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа хадистерінде Аллаһ ризалығы үшін шалынған құрбанның әрбір қылшығынан жақсылық болатынын былай деп сүйіншілеген: «Сахабалар Пайғамбарымызға (с.а.у.):
– Уа, Аллаһтың Елшісі, құрбандық деген не? – деп сұрақ қойды.
– Құрбандық – сендердің Ибраһим (а.с.) бабаларыңның сүннеті, – деді.
– Одан бізге қандай сауап бар?
– Әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар.
– Қойдың жүнінен ше?
– Қойдың жүнінің әрбір тал қылшығына да сауап жазылады» (Ибну Мажә, Сәуәбул-адахи, 3118).
Аллаһ ризалығы үшін риясыз көңілмен сойылған құрбандық мал ақыретте қылдан да жіңішке, қылыштай өткір Сырат көпірінен өтерде иесіне көп көмектеседі. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайында былай деген екен: «Құрбандыққа малдың ең жақсысын, көзге жұғымдысын таңдаңдар, өйткені ол – Сырат көпірінен өтердегі көліктерің».
Шындығында, Аллаһ Тағала біздің шалған құрбандарымыздың ағызылған қанына немесе етіне мұқтаж емес. Біздің шалған құрбандарымыздың еті немесе қаны Аллаһ Тағаланың құзырына жетпейді. Бірақ, біздің құрбандықты орындаудағы шын ниетіміз Аллаһ Тағалаға жетіп, ризашылығына себеп болары сөзсіз. Бұл жайлы Құран Кәрім былай деп баяндайды: «Олардың (құрбан малдарының) еттері де, қандары да Аллаһ Тағалаға жетпейді. Бірақ, Оған сендердің тақуалықтарың ғана жетеді» («Саффат» сүресі, 107 аят).

AdminУақыты: Сейсенбі, 26.Қазан.2010, 01:06 | Хабарлама # 3
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
ҚҰРБАН АЙТТА ҚҰРБАН ШАЛУДЫҢ ҮКІМІ
Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп.
Уәжіптігінің дәлелдері:
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Намаз оқы және құрбан шал» («Кәусәр» сүресі, 3 аят) – деп әмір етіп, құрбан шалудың уәжіптігін білдіреді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» – деп бұйырған. Әрине, бұндай қатаң ескерту кем дегенде, құрбан шалудың уәжіптігін білдірсе керек.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Құрбан шалыңдар! Өйткені, ол – Ибраһим бабаларыңның сүннеті», – деуі құрбан шалудың уәжіптігіне теріс емес. Өйткені, «сүннет жолы» деген мағынаны білдіреді. Яғни, бізге уәжіп болған құрбан шалу – Ибраһимнің (а.с.) жалғаса келген жолы деген мағынаны меңзейді.
AdminУақыты: Сейсенбі, 26.Қазан.2010, 01:07 | Хабарлама # 4
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
ҚҰРБАН ШАЛУ КІМДЕРГЕ УӘЖІП?
Құрбан шалу белгілі бір адамға уәжіп болу үшін төмендегі шарттар керек:
1) Мұсылман болу;
2) Құрбан айт уақытында жолаушы болмау (муқим болу);
3) Негізгі қажеттіліктен тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу.
Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен малға бір жыл толу шарт емес. Басқа мәзһабтарда құрбан шалу «уәжіп» емес «сүннет» болғандықтан, оларда нисап мөлшеріндегі байлыққа ие болу шарт емес. Жағдайы бар әркім-ақ құрбан шала алады. Біздің мәзһабта да нисап мөлшеріндегі байлығы жоқ адамдар да құрбандық шалуына рұқсат.
Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны сияқты, тек қана етін пайдалану үшін де союға болады.
AdminУақыты: Сейсенбі, 26.Қазан.2010, 01:07 | Хабарлама # 5
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
ҚҰРБАН ШАЛУДЫҢ УАҚЫТЫ
Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Үзір себептерге байланысты құрбан айт намазына бара алмай қалған адамның, намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін құрбанын шала беруіне болады. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) құрбан шалудың уақытына байланысты бірнеше хадис риуаят етілген.
Бәрә ибну А’зибтің риуаяты бойынша:
«Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) «Біздің бұл күнде алғашқы жасайтын ісіміз – намаз оқу, сосын қайтып келіп, құрбанымызды шалу. Кім осылай істесе біздің сүннетімізге ергені. Ал, кімде-кім бұдан бұрын құрбанын шалатын болса, бұл құрбанның отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Бұның құрбан болуы мүмкін емес». Басқа бір хадисте: «Кімде-кім намаздан бұрын құрбанын шалса, қайтадан шалсын», – деп, намаздан бұрын шалынған малдың құрбандыққа есептелмейтінін ескертеді.
AdminУақыты: Сейсенбі, 26.Қазан.2010, 01:08 | Хабарлама # 6
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
ТӘШРИҚ ТӘКБІРІ
Құрбан айттың алдындағы күн «Арафа күні» деп аталады. Бұл – Зилхижжа айының тоғызыншы күні. Арафа күнінің таң намазынан бастап құрбан айттың төртінші күнінің намаздыгер уақытына дейін әр парыз намаздың сәлемін бергеннен кейін «тәшриқ тәкбірін» айту намаз оқуға міндетті әрбір жанға – уәжіп. Жеке намаз оқыған адам да, жолаушы да, ер кісі де, әйел кісі де бұл тәкбірді айтуға міндетті.
«Тәшриқ тәкбірі» былай айтылады:

أَللهُ أَكْبَرُ, أَللهُ أَكْبَرُ, لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ وَاللهُ أَكْبَرُ, أَللهُ أَكْبَرُ وَلِلَّهِ الْحَمْدُ.

«Аллаһу әкбәр, Аллаһу әкбәр, лә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбәр, Аллаһу әкбәр уәлилләһил хәмд».
Мағынасы: «Аллаһ Тағала ұлық (2 рет), Аллаһ Тағаладан басқа тәңір жоқ! Аллаһ Тағала ұлық (2 рет), Барлық мадақтар мен мақтаулар тек Аллаһ Тағалаға тән».

AdminУақыты: Сейсенбі, 26.Қазан.2010, 01:08 | Хабарлама # 7
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
ҚҰРБАНДЫҚҚА ШАЛУҒА БОЛАТЫН МАЛДАР
Тек қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана құрбандыққа шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық кепе қозы бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбанддықа шалуға жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалу абзал.
Елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар құрбан ретінде сойылмайды.
AdminУақыты: Сейсенбі, 26.Қазан.2010, 01:09 | Хабарлама # 8
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
БІРІГІП ҚҰРБАН ШАЛУ
Қой немесе ешкіні тек қана бір адам құрбан ретінде шала алады. Ал, сиыр немесе түйені яғни, ірі қараны бір кісінің жалғыз өзі үшін шалуына болатын сияқты жеті кісіге арнап, ортақ шалуларына болады. Құрбанды ортақтасып шалған уақытта әрбір адам құрбан шалу ниетімен ортақтасуы керек. Бір кісі құрбан үшін, ал, екінші бір кісі тек қана етін алу ниетімен ортақтасса, шалынған мал барлық ортақтар үшін құрбан болып есептелмейді.
AdminУақыты: Сейсенбі, 26.Қазан.2010, 01:09 | Хабарлама # 9
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
ҚҰРБАНДЫҚҚА ЖАРАМАЙТЫН МАЛДАР
Пайғамбарымыз (с.а.у.) құрбандыққа жарамайтын мал турасында: «Анық соқыр, таза аурушаң, (жүре алмайтындай күйдегі) таза ақсақ және жілігі көрінетіндей өте арық малдар құрбандыққа жарамайды», (Тирмизи, Адахи, 5) – деген.
Ханафи мәзһабының ғалымдары хадисте айтылған құрбандыққа жарамайтын малдардағы кемшіліктерге қияс (салыстыру) жолымен басқа да кемшіліктерді қосқан. Ол кемшіліктер мыналар:
• Бір көзі соқыр;
• Сойылатын жерге жете алмайтын дәрежеде арық;
• Құлағы немесе құйрығы тумадан жоқ немесе басым бөлігі кесілген;
• Тістерінің көбі түсіп қалған;
• Бір мүйізі немесе екеуі де түбінен сынған;
Құрбан шалуы уәжіп болған кісінің құрбандық малында аталмыш кемшіліктердің біреуі сатып алғаннан кейін болса немесе алған малы өліп қалса, қайтадан құрбандыққа жарайтын мал сатып алып шалуы керек. Ал, өзіне құрбан шалу уәжіп болмаса да, сауап үшін шалуды ниет еткен кедей адамның сатып алған құрбанында бір кемшілік пайда болса, сол малды шала береді. Тіпті, құрбан шалуы міндет болмаған кедей адам, бойында кемшілігі бар малды сатып алып, құрбан ретінде шалуына болады. Өйткені, кедей адамның шалған құрбандығы – нәпіл құрбан. Нәпіл ғибадатта кешірім бар.
AdminУақыты: Сейсенбі, 26.Қазан.2010, 01:10 | Хабарлама # 10
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
ҚҰРБАН ШАЛУҒА ӨКІЛДІК
Құрбандық малын мүмкіншілігі болса, мойнына уәжіп болған адамның өзі шалғаны абзал және сауабы мол. Бірақ, басқа біреуге өкілдік беруіне де болады. Құрбан шалуы уәжіп кісі басқа бір адамды телефон арқылы немесе хат сияқты жолдармен өзінің орнына өкіл ретінде құрбан шалуы үшін тағайындай алады. Өкілге «менің орныма құрбан алып, шал», – деп айтылған уақытта, өкіл сол адамның атына құрбан алып шалады. Өйткені, Хазреті Әлидің Пайғамбарымыздың орнына өкіл ретінде құрбан шалғаны жөнінде риуаят бар.
AdminУақыты: Сейсенбі, 26.Қазан.2010, 01:12 | Хабарлама # 11
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
ҚҰРБАН МАЛЫ ҚАЛАЙ ШАЛЫНАДЫ?
Құрбан ретінде шалынатын малды қинамау үшін, өткір пышақ қолдану керек. Малды сою үшін жерге жатқызғаннан кейін пышақты малдың көз алдында жалақтатып қайыру – мәкрүһ. Ал, қинамай сою – сүннет. Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: «Малды бауыздаған уақытта жақсылап бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және тезірек бауыздасын. Малдың жанын жай таптырсын» (Муслим, Сайд, 57).
Құрбан ретінде шалынатын мал құбылаға қарап жатқызылып, дұға ретінде мына аят оқылады:

إِنَّ صَّلاَتِي وَ نُسُكِي وَ مَحْيَايَا وَ مَمَاتِى لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ لاَ شَرِيكَ لَه.ُ

«Иннассалати уә нусуки уа махиаиа уә мәмәәти лилләһи Роббил аламина лә шәрикә ләһ» («Әнғам» сүресі, 162).
Мағынасы: «Күмәнсіз менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһ Тағала үшін. Оның еш серігі жоқ».
Одан кейін:

أَللهُ أَكْبَرُ, أَللهُ أَكْبَرُ, لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ وَاللهُ أَكْبَرُ, أَللهُ أَكْبَرُ وَلِلَّهِ الْحَمْدُ.

«Аллаһу әкбәр, Аллаһу әкбәр, лә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбәр, Аллаһу әкбәр уәлилләһил хәмд», – деп кімнің атынан сойылып жатқаны ниет етіледі. Артынша: «Бисмилләһи, Аллаһу әкбәр», – деп тәкбір айтып бауыздайды. Құрбан мал шалудың арнайы дұғасын білмеген адамдарға «Бисмилләһи, Аллаһу әкбәр! Құрбандығымды қабыл ала гөр!», деп ниет етіп шала берулеріне болады. Тек, құрбандық иесінің ғана «Бисмилләһи, Аллаһу әкбәр» – деуі жеткілікті емес. Құрбанды бауыздаған адам да «Бисмилләһи, Аллаһу әкбәр» деп айтпаса, құрбанның етін жеуге болмайды. Өйткені, Аллаһтың аты айтылып, бауыздалмаған малдың етін жеу – харам. Құрбанның иесі құрбанды бауыздайын деп жатқан қасаптың қолының үстіне қолын қойып, бірге бауыздаса, екеуінің де «Бисмилләһ» деп айтулары керек.
Сойылатын мал құрбан ниетімен бауыздалу керек. Малдың жаны шықаннан кейін барып қана терісі сыпырылады. Жаны шықпай жатып басын кесіп алып тастау немесе терісін сыпыру – мәкруһ.
Ескерту: құрбан малы сойылатын жердің тазалығына көңіл бөліп, айналасын былғап, шашып кетпеуді қадағалаған жөн. Экологиялық тазалыққа көңіл бөлудің де мұсылмандық әдептілікке жататыны анық.

AdminУақыты: Сейсенбі, 26.Қазан.2010, 01:13 | Хабарлама # 12
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
ҚҰРБАНДЫҚҚА ШАЛЫНҒАН МАЛДЫҢ ЕТІ МЕН ТЕРІСІ
Бай болсын, кедей болсын құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату – мұстахап. Бір бөлігі – туған-туыс, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі – кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі – өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі. Бірақ, шалынған малды түгелдей кедей-мұқтаждарға таратуға болатыны сияқты, түгелдей өзінің отбасына да қалдыра алады.
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде құрбанның етуі турасында былай дейді: «Құрбанның етінен өздерің жеңдер әрі міскіндер мен кедейлерге жегізіңдер» («Хаж» сүресі, 28 аят).
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шалған құрбанының етін қалай таратқандығы жайлы Ибн Аббас былай деп риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) шалған құрбандығының үштен бірін – отбасына, үштен бірін – кедей көршілеріне, қалған үштен бірін садақа ретінде тарататын».
Уәжіп болсын, нәпіл болсын құрбандыққа шалынған малдың етін, терісін, сирақ-басын және сүтін сату – мәкруһ. Құрбан малының аталмыш бөлшектері сатылған жағдайда құны кедейлерге садақа ретінде беріледі. Құрбанға шалынған малдың ешқандай бөлшегінен қасаптың ақысы ретінде төлеуге болмайды. Хазреті Әлидің былай дегені риуаят етіледі: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) түйелер құрбандыққа шалынған уақытта басында тұруымды және терілері мен жүндерін таратуымды әмір етті. Олардың ешбір нәрсесін қасап ақысы ретінде беруге маған тыйым салды. «Қасап ақысын біз өзіміз береміз», (Муслим, Хаж, 348) – деді.
«Құрбандыққа арнайы мал алып соймай, орнына сол құрбанның құнын ақшалай садақа ретінде кедейлерге беруге бола ма?» – деген сұрақтың жауабы мынадай: «Құрбандықтан қан ағызу негіз болғандықтан мал сойып, қан ағызбаса, құрбандық міндеті мойнынан түспейді».
AdminУақыты: Сейсенбі, 26.Қазан.2010, 01:14 | Хабарлама # 13
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
КӨЗ ЖҰМҒАН КІСІ ҮШІН ҚҰРБАН ШАЛУҒА БОЛА МА?
Өлген кісі өзінің атынан құрбан шалуды тапсырып кетпесе де, сауабын өліге бағыштау ниетімен құрбан айт күндерінде яки басқа кез-келген уақытта Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін құрбандық шалуға болады. Шалған құрбандығының етінен жеуіне рұқсат. Бірақ, қайтыс болған кісінің тапсырып кеткен өсиетін орындау ниетімен шалған құрбандықтың етінен жеуге болмайды. Етін толық садақа ретінде тарату керек.
AdminУақыты: Сейсенбі, 26.Қазан.2010, 01:16 | Хабарлама # 14
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
«АҚИҚА» ҚҰРБАНЫ ДЕГЕН НЕ?
Жаңа туылған сәбидің басындағы шашына «ақиқа» делінеді. Аллаһ Тағаланың нәсіп еткен перзентіне шүкір ретінде шалынатын малға да «ақиқа» құрбаны делінеді. Ақиқа құрбанын сәбидің туылған күнінен бастап, балиғат жасына толғанға дейін шалуға болады. Бірақ, сәбиге жеті күн толғанда шалу – абзал.
Сәбидің туылғанына жеті күн болғанда аты қойылып, шашы алынады. Алынған шаштың салмағында алтын немесе күмісті садақа ретінде беру – сүннет. Құрбанның да сол күні шалынуы – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) екі немересі Хазреті Хасан мен Хұсайн үшін ақиқа құрбанын шалғаны риуаят етіледі. Құрбан айтта құрбандыққа жарайтын малдар ақиқа құрбанына да жарайды. Қыз балалар үшін де ақиқа құрбанын шалады. Ақиқа құрбанының иесі шалынған малдың етінен жеуіне және басқаларға садақа ретінде таратуына болады. Ақиқа құрбанын шалар кезде: «Бисмилләһи, Аллаһу әкбәр. Аллаһым, бұл сенің ризалығың үшін шалынған пәленшенің ақиқа құрбаны» – делінеді.
AdminУақыты: Сейсенбі, 26.Қазан.2010, 01:16 | Хабарлама # 15
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
НӘЗІР ҚҰРБАНЫ
Көңілін көптен күпті еткен бір ісі орындалғанда я болмаса былай да бір малды шалам деп мұсылман баласының Аллаһ Тағалаға уәде беріп, сол уәдесінің уақыты келгенде шалатын малы «нәзір құрбаны» деп аталады. Мысалға, ауырып жатқан адам «осы ауруымнан жазылсам, бір қойды құрбандыққа шаламын» деп ниет етсе, ауруынан айыққан жағдайда, бір қой шалуы – уәжіп.
Нәзір құрбанына шалынған малдың етінен, шалған адамның өзіне, балаларына, немерелеріне және әке-шешесіне тіпті ата-әжелеріне жеуге болмайды. Түгелдей садақа ретінде кедейлерге таратылуы тиіс. Шалынған құрбанның бір бөлшегі аталмыш адамдар тарапынан желінген жағдайда сол желінген бөлшектің құнын кедейлерге тарату керек.

Әзірлеген:
Руслан Абдуллаев,
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамының орынбасары,
облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы.

Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » Екі айт және ҚҰРБАНДЫҚ - "Ақиқа", "Нәзір құрбандығы" » Құрбан шалу (Құрбандық жайлы....)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды