Дүйсенбі, 24.Сәуір.2017, 03:44
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Софт ::... » Компьютер және ИНТЕРНЕТ » Қазақстанда 4 G желісі іске қосылмақ (Қазақстанда 4 G желісі іске қосылмақ)
Қазақстанда 4 G желісі іске қосылмақ
AdminУақыты: Сәрсенбі, 27.Қазан.2010, 01:35 | Хабарлама # 1
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
Қазақстанда 4 G желісі іске қосылмақ

Қазақстанда 4 G байланыс желісінің жаңа буыны іске қосылмақ. Қазір қанат қақты жоба Алматы қаласында іске асырылуда. Бүгін жоба жетекшілері Премьер министр Кәрім Мәсімовті ЛТИ технологиясы базасында 4 G стандартының артықшылықтарымен таныстырды. Осы жиында Премьер министр Үкімет мүшелерінің кешелі бері мобильдік планшеттерді пайдалануға көшкенін хабарлады. Заманауи технологияның қыры мен сыры туралы тілшіміз баяндайды.
ЛТИ жүйесіне қосылу арқылы Қазақстан әлемдік телекоммуникация индустриясындағы өз орынын нығайта түспек. Қазір, біздің еліміз Швеция мен Норвегиядан кейін, ғажайып технологияның тілін тапқан ТМД аумағындағы тұңғыш мемлекет. Ең бастысы, ЛТИ технологиясы қарапайым азаматтар үшін қолайлы болмақ.

Асқар Жұмағалиев, ҚР Байланыс және ақпарат министрі

Қарапайым адамдар үшін жай интерентті пайдаланғанда жылдамдықты арттырады. Себебі, жылдамдық мұнда 100 мегобитке дейін. Ал, басқа байланыс жүйелерінде мұндай жылдамдық жоқ.

Озық технологияны электронды Үкімет, бизнес, медицина және білім саласында пайдалануға болады. Мәселен, ғаламтор арқылы үйден шықпай-ақ дәрігерге көрініп, қашықтықтан білім алуға, бейнеконференцияларға қатысуға мүмкіндік бар. Жоба жетекшілері -Вымпелком компаниясы 4G стандартын әзірге қанат қақты жоба ретінде Алматы қаласында іске қосып отыр.

Дмитрий Кромский, «Вымпелком Лтд.» компаниялар тобының ТМД елдеріндегі вице-президенті

ЛТИ- бір сайттан екінші сайтқа жылдам ауысуға мүмкіндік береді. Секундына 84 мегабит. Бұл 3 джи-дан екі есеге жылдам деген сөз.

Айтпақшы, 3 G стандарты желтоқсан айында Астана және Алматы қалаларында іске қосылмақ. Ал, 4 G –дың артықшылықтарын көзбен көрген Премьер министр жобаны қаңтар айына дейін созып, жаңа желінің мүмкіндігін ОБСЕ саммиті мен қысқы Азияда шараларын өткізу барысында сынап көруді тапсырды. Ал, Үкімет мүшелері озық технологияның игілігін осы бастан көріп те үлгерді. Премьердің айтуынша, кешелі бері министрлер шағын мобильдік планшеттерді пайдалануға көшкен.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер министрі

Ең қызығы, бірінші күні жұмыс уақытында байланысқан кезде Үкімет мүшелерінің барлығы жауап берген еді. Ал кешке қарай планшетниктер арқылы минисртлер емес, олардың көмекшілері маған жауап қайтарды. Бұл құрылғы Үкімет мүшелерінің үнемі қолында болуы тиіс. Мәселен, мен қондырғымен өзім жұмыс істеймін.

Планшетникпен қалай жұмыс істеуге болатынын журналистерге бірінші болып, Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің өзі көрсетті. Көп ұзамай мұндай қондырғыны халық қалаулыларының да пайдалануы ғажап емес.

Нұргүл Ахметова
http://www.kaztrk.kz/news....D=43687

Сұхбат » ...:: Софт ::... » Компьютер және ИНТЕРНЕТ » Қазақстанда 4 G желісі іске қосылмақ (Қазақстанда 4 G желісі іске қосылмақ)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды