Дүйсенбі, 24.Сәуір.2017, 03:41
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ..:: Ислам және Өркениет ::.. » Дін және Философия » Философия туралы
Философия туралы
rbchУақыты: Дүйсенбі, 22.Маусым.2009, 15:06 | Хабарлама # 1
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Философия туралы не дейсіз??

تعلم العلم من المهد الى اللحد
MahdiУақыты: Дүйсенбі, 23.Қараша.2009, 23:17 | Хабарлама # 2
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Философия гректің сөзі-("фило"-даналық,"софия"-сүйю),демек даналық сүйю.Философтар тек қана ақылға сүйенеді,ал нақылға сүйенбейді.Барлық болмысты өздерінші ақылмен қарастырады.Мысалы Алланы олар-"Табиғат анасы"немесе"Құдіретті күш" деп атайды.Ал Алла деп мойындайсалса не болады екен?!Сол сияқты айтатын болсақ,олардың адасулары таусылмайды.
Философтар адасушылар.Олар Құран мен Сүннетті мойындамайды.
Ал егерде кім оларды мойындаған десе,онда дәлел келтісін?!
Ал ислам дінінде философияға жол жоқ.Алиден жеткен хадисте ол былай дейді:"Егер дін ақылмен шешілгенде,мен мәсхті нәскиімнің астынын тар-та едім"(сахих хадис).
Баракаллаху фикум!


Абдулла
SalamatУақыты: Сенбі, 28.Қараша.2009, 18:26 | Хабарлама # 3
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
Ассаляму алейкум уа Рахматуллахи уа Бәрәкәтух мұсылман бауырлар баршаларыңызды Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Семіздігі құрбандыққа шалатын қошқардан кем түспейтін нәпсімізді де Алла таъаланың разылығы жолында құрбан етуімізді Раббымыз нәсіп айласын. Фәлсафа сөзінің тілдік мағынасы жайында жоғарыда Махди бауырымыз айтып кетті, енді бұл сөзге қайта - қайта тоқтала берудің қажеті шамалы. Негізінен даналардың сөздеріне құлақ қою ахли сунна амалдарының біріне жатады. Ибн Хаджар Асқалани рахматуллах "Қайтар күнге дайындық" кітабында пайғамбарымыз с.ғ.с. мына бір хадисін келтіреді: "Ғұламалардың мәжілісіне қатысып, даналардың сөздеріне құлақ қойыңдар. Шындығында Алла тағаланың жаңбыр арқылы құнарсыз жерді жандандырғаны сынды. Хикметтер арқылы өлі жүректер тіріледі" - деген.
Құран мен Суннаға негізделген Фәлсафаның дінімізге еш қайшылығы жоқ, ал Махди бауырымыздың айтып отырғаны бұл Құран мен Суннаға негізделмеген догматикалық пікірлерге ғана жүгінетін философиялық топтарды айтқанға ұқсайды. Мәхди бауырым философтардың барлығын бірдей адасушы деп асығыс пікір айтудан аулақ бол бауырым. Алланың алдына шығып сөйлеген жақсылық емес. Олардың дұрыс яки бұрыс жолда болғанын сен қайдан білесің? Құран мен Сүннеттің мағынасына қайшы келмейтін тіпті оның мағынасын оданда аша түсетін даналық сөздердің орыны ислам дінінде өте ерекше. Мәселең :
"Шайтанның ашу деген найзасына,
Алланың сабыр деген қалқаны бар" - десе, тағы бір ұлағатты сөзде
"Нәпсіні құрбан қылып бауыздасақ,
Аллаға сонда өтеді қылған арыз" - деген сөздерде адасушылық бар деп айтудың өзі бір күпірлік пе деп ойлаймын. "Көп күмәннің өзі күнә" - деп айтқан Алланың Расулы. Бас - көз жоқ біреу айтты екен деп күмәндана берсек күнәға батамыз. Фәлсафаны даулап қайтеміз, өзіміз дұрыс жол тауып алайық. Абай Хәкім рахматуллахтың шығармаларын оқыған болсаңыздар бұл фәлсафалық екі топтың арасын ерекше бөліп айтады мәселеңки:
"Бөтен сөзбен бұлғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бейшарасы" - деген өлең шумақтарында "бөтен" сөз деп отырғаны осы Құран мен Хадиске сәйкес келмейтін сөздерді астарлайды. Шәкәрім рахматуллахқа келсек:
"Таза ақыл Хақты барлайды,
Дәлелсіз сөзді алмайды.
Танитын жанға кез болса,
Хақиқат жерде қалмайды,
Жалғанға сатпас шынымды" - деп жырлаған.


Хатты жөндеген Salamat - Сенбі, 28.Қараша.2009, 20:16
MahdiУақыты: Жексенбі, 29.Қараша.2009, 00:24 | Хабарлама # 4
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Уалейкум ассалам уа рахматуллахи уа баракатух Саламат бауырым!
"Құран мен Суннаға негізделген Фәлсафаның дінімізге еш қайшылығы жоқ".....
-Оған менің еш қарсылығым жоқ.

"ал Махди бауырымыздың айтып отырғаны бұл Құран мен Суннаға негізделмеген догматикалық пікірлерге ғана жүгінетін философиялық топтарды айтқанға ұқсайды"...
-Ия мен Құран мен Сүннеттің негізіндегі фәлсафаның негізі жоқ екенін келтірдім.

"Мәхди бауырым философтардың барлығын бірдей адасушы деп асығыс пікір айтудан аулақ бол бауырым"...
-Саламат бауырым Аллаһ разы болсын,мен бұл жерде келтіргенім "Құран және Сүннет" негізіндегі емес философтарды келтірдім.Ал ғұламалардың айтуы бойынша,"Құран және Сүннетке"негізделмеген барлық нәрсе адасушылық.«...Әлбетте, дінге енгізілген әрбір жаңалық-адасушылық»-деген расулла салаллаху алейхи уассалам. «Сахихул жәмиғ Ас-Сағир», (5343). Сахих хадис.

"Негізінен даналардың сөздеріне құлақ қою ахли сунна амалдарының біріне жатады"...
-әрине оған мен бойұсынамын,біздің үмметіміздегі ғұламаларға бойұсынбасақ,онда біз құрыдық.Ал пайғамбарымыз салаллаһу алейхи уассалам айтпақшы:"Ғұламалар-пайғамбарлардың мұрагерлері"хадисінде,біздердің ғұламалардың соңынан еруін бұйырады.
Ал Шейх Уәлид ибн Сәйф Ән-Наср: «Егер де сен Әл-Албани, Ибн Баз, Ибн Усаймин сияқты ғалымдарды жақсы көретін адамды көрсең, онда ол адамның сүннетті берік ұстанушы екенін біл»-деген.. («Сәбил Әл-Жәнна би шарх Усули сунна» кітабын қараңыз. 9 бет).
Кімде-кім бұл ғалымдырды жақсы көрмейтін болса,онда ол өз нәпсісіне еруші.Ал бұл ғұламаларды жақсы көрмейтін көптеген адасушы топтарды көріп жүрміз,ал солардың бірі фәлсәфашылар.

"Мәхди бауырым философтардың барлығын бірдей адасушы деп асығыс пікір айтудан аулақ бол бауырым"...
-Саламат бауырым ал бұл сөзіңде мен,ғұламалардың айтып көрсеткен адасушы топтарды білдірдім.Мысалы:Муғтазалиттер,джахмиттер,ашғариттер т.б.с...

"Құран мен Суннаға негізделген Фәлсафаның дінімізге еш қайшылығы жоқ"...
-Саламат бауырым бұл жерде сенің айтайын дегенің:"Құран мен Суннаға негізделген ақылдың дінімізге еш қатысы жоқ"-деге сөзің тура келеді.Ал дінге "философия" терминін енгізу бидғат болып есептеледі.Құран және Сүннетте пайғамбарымыз салаллаху алейхи уассалам,"фәлсәфә"-терминін пайдалануға бұйырмаған.Ал пайғамбарымыз салаллаху алейхи уассалам: «Кімде-кім біздің осы ісімізге қатысы жоқ жаңалық енгізсе, онда оның ісі қайтарылады»-деген. Бұхари, (2697). Сахих хадис.
Егер ондай болмаса,онда дәлел келтір.
Негізінде бұндай тақырыпты "Ислам философиясы" емес"Ислам даналығы немесе хикметтері"-деген дұрыс болады.Өйткені Аллаһ тағала Құраннның Нахыл сүресінің,125-ші аятында:"Адамдарды Раббыңның жолына даналық(хикма).....арқылы шақыр сөзі"-дәлел болады.Егерде ислам философиясы деп алатын болсақ,онда Алла тағала "философия ...арқылы" деген сөзді пайдаланатын еді.Ал Аллаһ бұл сөзді пайдаланбаған болса,онда біздер оны қалай пайдаланамыз?
Аллаһ тағала былай дейді:«Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге ілесіңдер».Ағраф сүресі, 3 аят.
Және былай дейді:«Расында сендерге Кітапта: «Аллаһтың аяттарына қарсы келгендіктерін және мазаққа алғандарын естісеңдер, олар бұдан басқа сөзге кіріспегенінше олармен бірге отырмаңдар, әйтпесе сендер де солар сияқты боласыңдар»-деп үкім түсірді. Шексіз Аллаһ мунафиқтар мен кәпірлерді біртұтас тозаққа жинаушы» Ниса сүресі, 140 аят.Сондықтан біздерде абайлап,осы аятқа түсіп қалмайық.
Бір жағынан бұлай деу(ислам даналығы немесе хикметі) адамның санасында дұрыс ислами ой қалыптастырады. Және Ғұламаларымыз осындай сөздермен сөйлеуді көп пайдаланады.Ал, "ислам фәлсәфәсы"-бұл күмәнді естіледі.Сондықтан мына сөзің -"Көп күмәннің өзі күнә" - деп айтқан алланың елшісі",сөзің тура болады. «Пайғамбарымыз салаллаху алейхи уассалам: «Кімде-кім біздің осы ісімізге қатысы жоқ жаңалық енгізсе, онда оның ісі қайтарылады»-деді. Бұхари, (2697). Сахих хадис

"Алланың алдына шығып сөйлеген жақсылық емес"...
-мен бұл жерде,Аллаһ алдында қарсы шығып сөйлеген ешнәрсем жоқ.Біздер дінді мұсылман үмметіне таза ешқандай бидғатсыз жеткізуіміз керек.Ал пайғамбарымыз салаллаһу алейхи уассалам:"Ақиқатында бұл дін таза(бұлғанбаған күйінде) келіп,таза(бұлғанбаған күйінде) кетеді.Және менің сүннетімді кірлетіп,оны (бидғаттардан) тазартушыларға,жұмақтан Туба талы болады. " ат-Тирмизи 2630,аи-Табарани 9/76.Шейх Әлбәни сахих деген."ас-Силсиля ас-сахиха"273.

"Шайтанның ашу деген найзасына,
Алланың сабыр деген қалқаны бар" - десе, тағы бір ұлағатты сөзде
"Нәпсіні құрбан қылып бауыздасақ,
Аллаға сонда өтеді қылған арыз".....
-Бұл сөздің тафсирі қандай болады екен,бұл сөздер "Құран және Сүннет"-сахабалардың түсінігімен қандай болады екен...???

Қорытындылай келеғ ғұламаларымыз философия жайлы не деген екен?

1.Абу Ханифа былай деген:"Амра бин Убайдаға Алланың қаһары жаусын,өйткені ол адамдарға пайдасы келмейтін,қаламға(фәлсафаға) апарар жол ашып көрсетті".(Тарих Бағдад)13/333.
2.Имам Мәлик былай деген:"Егерде қалам ілім болып есептелгенде,оны сахабалар бізге міндетті түрде айтып кетер еді..".(Замм әл-Қалам,каф 173-ба).
3.Имам аш-Шафии былай деген:"Мен қаламмен айналысушылардың,белгілі бір жетістікке жеткендерін көрмедім",және келесі бір сөзінде:"Егер адам өз өсиетіне ғылыми кітаптарды енгізіп,олардың арасында қалам жайлы кітаптар қалдырса,ол өсиетке кірмейді,өйткені қалам ғылым болып есептелмейді".(Замм әл-Қалам,каф-213),әз-Зәхаби"ас-Сийар"(10/31)."әл-Ибана әл-Кубра",535-536.б.
4.Ахмад ибн Хәнбал былай деген:"Фәлсәфамен айналасушыларды көріп,олардың жүректерінің ауытқуын байқайсың", тағы бір сөзінде:"..қалам-мақтауға лайықты емес.".Және де имам былай деген:
"Қаламмен шұғылдансаң,бидғатқа ауытқи бастайсың,ал қалам жақсылыққа апармайды".
Сосын былай дейді:"Егер қаламды жақсы көрет адамды көрсең,одан аулақ болуға тырыс".
Тағы бір сөзінде:"Қаламды жақтаушылардың қасына отырмаңдар,олар Сүннеттің қорғаушысы болса да".
(Джәмиғ Бәйан әл-Ғильм уа Фадлихи,2/95)."Замм әл-Калам,каф-216-ба.".("Манакиб әл-Имам Ахмад",205.б.),("әл-Ибана",ибн Батта 2/539).
УалЛаһу ағләм.
Барлық мақтау,барлық істерге көмек беруші Аллаһқты мадақ етеміз.


Абдулла
SalamatУақыты: Жексенбі, 29.Қараша.2009, 14:46 | Хабарлама # 5
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
Ассаляму алейкум уа Рахматуллахи уа Бәрәкәтух мұсылман бауырлар.
"Философия" деген термин Құранда да, Сүннеттеде кездеспейтіндігі ешкімніңде таласын туғызбайтын айқын бір мәселе. Ғұламалардың сөздерін философиялық негізге еңгізіп Ислам философиясы деген жаңа бір ұғымның пайда болғаны рас. Дінімізде даналық өсиеттер деген мәселе бар сол себепті Исламды гректің философия сөзімен шатпақтамай "Даналық өсиеттер" деген атаумен шығарылса шындыққа бір табан жақын болар еді. Мәселең сахабалардың айтқан сөздері хадиске жатпайды ғой. Бірақ олар хадиспен Құраннан алынған сөздерді ғана айтады, даналық сөздер дегеніміздің өзі осы. Пайғамбарлар мен сахабалардан қалған дүние мал - мүлік, қатын бала - шаға емес ғылым ғой. Ал ғылым жазбаша, ауызша және рухани ұстаздардан көзбе - көз тағылым алу арқылы келетін дүние. Артқыға өсиет қалдырмаған бірде бір сахаба жоқ Алла оларды Рахымына бөлесін.
Осы тұрғыда Хәкім Абай :
"Өлді деуге болама айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артына сөз қалдырған" - десе,
Шәкәрім Құдайберді бір өсиетінде:
"Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің
Ғибрат алар артқыға сөз қалдырсаң,
Шын бақыт осыны ұқ мәңгілік өлмейсің" - деп тегін айтпаса керек. Өсиет жазу пайғамбарымыздың с.ғ.с. сүннеті ол сүннетті жандандыру әрекетін жасаған адамдарға Алла разы болсын ал сүннетті жандандыра алмаса қарсы болмай тиыш отырудың өзі дұрыс шығар. Пайғамбарымыз с.ғ.с. "Ғұламалар қараңғыда жарқырап шуақ шашқан жұлдыздар сынды. Суда болсаңдар да, құрлықта болсаңдар да оларға қарап жол табуға болады. Ал егер жұлдыздарды бұлт басса бұл межелі күннің (қияметтің) таянғаны" - деген екен. Жәзакаллаһу хайран уа Бәрәкаллаһу фикхум уа ахи Мәхди. Такъоббаля -Ллаху минна уа минк


Хатты жөндеген Salamat - Жексенбі, 29.Қараша.2009, 15:13
MahdiУақыты: Жексенбі, 29.Қараша.2009, 15:03 | Хабарлама # 6
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Quote (Salamat)
Бірақ олар хадиспен Құраннан алынған сөздерді ғана айтады, даналық сөздер дегеніміздің өзі осы.

Баракаллаху фикум Саламат бауырым!
Түсінгеніңе рахымет.Аллһ бізді тура жолға жетелеп,жұмақтың төрінен қылдырсын."Әмин"

«Иман келтіріп, қоныс аударып сосын Аллаһ жолында күрескендер және қоныс беріп, жәрдем жасағандар, міне бұлар шынайы мүминдер. Бұларға кешірім әрі көркем несібе бар».(Әнфәл сүресі, 74 аят)


Абдулла
Сұхбат » ..:: Ислам және Өркениет ::.. » Дін және Философия » Философия туралы
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды