Ағузу биллахи минашшайтани ражим.
Биссмиллаһир раһманир раһим! “ОРАМАЛ САЛЫП ЖҮРУ ҚАСИЕТ ПЕ,
ӘЛДЕ ҚАСІРЕТ ПЕ” ДЕГЕН
САУАЛҒА ЖАУАП
Ассаламуғалайкум, құрметті замандастарым, ағайын-туыс, бауырлар!
Өте маңызды, күн тәртібінде тұрған сауал қойылған екен, Аллаһ Таағала дұрыс жауабын өзі бұйыртсын!
Орамал қасиетің қорғайтұғын,
Періште, Аллаһ нұры қолдайтұғын!
Көзінен сұғынғанның сақтап сені,
Жаныңа иман нәрін сомдайтұғын!
Кимешек киесі ғой аналардың,
Құрметі, ақ батасы даналардың!
Ішінде кимешектің жылылық бар,
Жазатын балапанның жараларын!
Ішінен кимешектің шыққан бәрі,
Қазақтың небір ғалым, даналары!
Ішінде кимешектің оратылған,
Қазақтың Биіменен сұсты Ханы!
Оралған кимшекпен Елбасың да,
Бес жасқа толғанынша отбасында!
Әжесі тілмен көздер тимесін деп,
Жасырып жүреді екен жамбасында!
Шетелдің көріп жүрмін адамдарын,
Олардың әдебіне таң қаламын!
Үйінің ауласында әйелдері,
Еркін жүр, басында жоқ орамалы..
Тек қана сыртқа шықса бүркенеді,
Қорғауға өз әлемін, ертегі елі!
Ерлермен ешбір жерде айқаспайды,
Әдебі, иманы бар, ең керегі!
Қызметін, саудасын да жасай жүрер,
Тек қана бастығы ері, берер демі!
Өзгенің бұйрығында қызмет қылмас,
Хиджабы өз әлемі, Патшасы -Ері!
Мінеді ең су жаңа сұлу көлік,
Джиптер береді екен жанға көрік!
Қажетін отбасының түгендейді,
Алмайды бөтен ерді шопыр етіп!
Көзіне өзгенің көп түспеу үшін,
Киеді хиджабтарын қап қара етіп!
Ешкімге жамандықты тілемейді,
Дұға етер, жарылқа деп бәрін сеніп!
Өзгемен тілдесуге қорқады олар,
Жүрер деп иманыма теріс келіп.
Байқамай қате жауап берер болса,
Алланың қаһарына қалар легіп.
Осы үшін көп сөйлемес танымаспен,
Өздері жүрсе дағы зәбір шегіп.
Хаджға самолетпен барады олар,
Алланың кеңдігінен үміт етіп!
Ғылымның игілігін пайдаланар,
Құранның өсиетін медет етіп!
Ал Қазақ ескілікке көп жалтақтар,
Білместен білгендерге тиым беріп!
Тозақта ұят жерін көрсеткенге
Аллаһым қояды екен жаза беріп!
Ең көбі тозақтағы әйел болар,
Есірген топты еркек тәнін көріп.
Айналар қасіретке ақ орамал,
Шайтани ортаң болса қысым көріп...
Құдайым қыз балаға он екіден
Парыз ғып қойған екен ізгі қылық,
Жүзімен қол аяқтан басқа жерін,
Тақия, қосетекпен жасырттырып.
Еріне ұзатылғанда бойжеткенге,
Ақ шаңқан ақ байламды ұнатырып!
Еш адам киеңді ал деп айта алмаған,
Батасын берген қайта жылап тұрып!
Жүзінен ер азамат нұр төгілген,
Жылылық, мейіріммен ұнаттырып!
Дікіңдеп өзге әйелге жөн айтпаған,
Өз жарын аманат деп сыйлап тұрып!
Киелі шаңырағын қорламаған,
Ақ дәмін дастарханнан татып тұрып!
Берсе егер тәрбиеге балапанын,
Өз заңын зорламаған мазақ қылып!
Тілегін ата анасы қабыл еткен,
Иманнан адастырмай шатақ қылып!
Оқытқан Елбасыны мектебінде ,
Ұстаздар, орап алған аппақ күндік!
Киесіне орамал жолықпайық,
Өзімізге жағдайлы қоғам құрып!
Орамал орағанға тимеңіздер,
Олардан Сізге келмес еш жамандық!
Орамал тақпағанға зекімеңіз,
Бір күні Алла берсе алар тағып!
Зорлықсыз, қиғылықсыз болса қоғам,
Алланың құзырына кеңдік жағып!
Имамдар, мені айыпқа бұйырмаңыз,
Қор құрдым, әйелдерге жаным ашып!
Ананың ақ батасы болмаса егер,
Намазың қабыл болмас, қаһар шалып...
Балаңның анасы да қасиетті,
Зорлықпен амал қылма, қапы қалып...
Ассаламуалейкум, уа Раһматуллахи уа Баракатүһү!
Құрметпен, Айша хажы Әбішкеліні Оразбай немересі.
Әлжан Ана қыздар Медресесі, Айша қоғамдық қоры.
Медресе құрылысшыларына, демеушілеріне, ұстаздарына, шәкірттеріне арналған
Әбіш Ата Назарбайұлы атындағы Мешіт.